Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1370 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 532 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары;
      2) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1370 қаулысымен    
бекітілген        

Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік
монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің
бағасы

Р/с

Көрсетілетін қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен

1

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың іс макеттерін қалыптастыру

1 макет

2 642,83

2

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару

1 төлем

202,42

3

Міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару

1 төлем тапсырмасы

7,84

4

Әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтару

1 төлем тапсырмасы

594,80

5

Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсыну

1 ақпарат

588,79

6

Жәрдемақы мөлшерлері туралы ақпарат беру

1 ақпарат

186,77

7

Әлеуметтік төлемдердің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру

1 ақпарат

197,13

8

Міндетті әлеуметтік аударымдардың аударылған сомасы туралы агенттерге растау

1 ақпарат

219,89

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1370 қаулысымен     
бекітілген        

Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия
субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің
бағасы

Р/с

Көрсетілетін қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен

1

2

3

4

1

Республикалық бюджеттен зейнетақы алушылардың, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың және мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың іс макеттерін қалыптастыру

1 макет

2 908,34

2

Республикалық бюджеттен жәрдемақы алушылар үшін іс макеттерін қалыптастыру

1 макет

2 642,83

3

Республикалық бюджет есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын алушылардың шоттарына аудару

1 төлем

202,42

4

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару

1 төлем тапсырмасы

24,13

5

Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың қате төленген сомаларын агенттерге қайтару

1 төлем тапсырмасы

484,61

6

Әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіру

айына 1 қызмет

7 281 379,70

7

«Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесін әкімшілендіру

айына 1 қызмет

1 819 666,67

8

Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызмет ұсыну

1 ақпарат

588,79

9

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшер туралы ақпарат беру

1 ақпарат

186,77

10

Белгілі бір кезеңге 10 % міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының саны және орташа сомасы туралы ақпарат ұсыну

1 ақпарат

197,13

11

Зейнетақы төлемдерінің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру

1 ақпарат

197,13

12

10 % міндетті зейнетақы жарналарының 3 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат

1 ақпарат

189,73

13

10 % міндетті зейнетақы жарналарының 6 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат

1 ақпарат

207,01

14

10 % міндетті зейнетақы жарналарының 12 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат

1 ақпарат

334,01

15

10 % міндетті зейнетақы жарналарының 36 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат

1 ақпарат

461,30

16

Салымшылардың саны және олардың аударымдарының мөлшері туралы ақпаратты БСН/СТН бөлінісінде салымшылардың тізімдерімен қоса ұсыну

1 ақпарат

219,89

17

Салымшының міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомасы туралы агенттерге растау

1 ақпарат

219,89