"Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1359 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 950 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.10.2023 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен құрылған ұлттық ғылыми кеңестер тізбесінде:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;

      2) энергетика және машина жасау".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

C. Ахметов