Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен құрылған ұлттық ғылыми кеңестер тізбесінде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;
2) энергетика және машина жасау».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі C. Ахметов