Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 94-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
1) Орталық аппараттың функцияларында:
«1» деген сан алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын іске асыру туралы есепті және іске асыру туралы ақпараттың негізінде қорытынды жобаны қалыптастыру арқылы Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының мониторингі, сондай-ақ оны веб-порталда орналастыру (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдаланылатын ақпаратты қоспағанда);»;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) кезең-кезеңімен әрбір орта мерзімді кезеңге Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
2-2) облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55) жобаларға сараптаманы (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) орындайтын жеке және заңды тұлғалардың сарапшылық комиссиялар құру қағидаларын әзірлеу мен бекіту және сараптамаға қатысу үшін мамандарды тарту;»;
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«79) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 90-1), 90-2), 90-3), 90-4) және 90-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«90-1) тұрғын үй қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
90-2) тұрғын үй көмегін көрсету мониторингін жүзеге асыру;
90-3) тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсететін ұйымдарға басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
90-4) жер қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
90-5) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту;»;
93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«93) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;»;
2. Ведомстволардың функцияларында:
«2» деген сан алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
«45-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
72) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов