«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі C. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1275 қаулысымен
бекітілген
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) шекаралық белдеуге кіруге, онда болуға рұқсаттамаларды беру тәртібін айқындайды.
2. Рұқсаттама алған жеке және заңды тұлғалар кіргенге дейін екі тәулік бұрын Шекара қызметінің әскери бөліміне жұмысқа қатысушылар, уақыты, орны мен сипаты туралы хабарлайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимінің сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар
беру тәртібі
3. Жеке тұлғалар шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар алу үшін жауапты учаскесіндегі шекаралық белдеуге адамдардың кіруі және онда болуы жоспарланған Шекара қызметінің әскери бөліміне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш береді.
4. Шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша онда жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты, кәсіпшілік және өзге де кемелерде пайдаланылатын көлік және өзге де техникалық құралдар туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, Мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтер көрсетілген ұсыныстарды және жауапты учаскесінде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу және шекаралық белдеуде қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу жоспарланған Шекара қызметінің әскери бөліміне тізімге сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін енгізеді.
5. Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың) тізімін (бұдан әрі – тізім) заңды тұлғалар үшін олардың басшылары, шекара аймағының елді мекендерінде тұратын жеке тұлғалар үшін азаматтардың өтініштері бойынша жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.
Ұйымдардың басшылары (жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары) қол қойған тізімдер үш данада (2 дана – Шекара қызметі үшін, 1 дана – жеке және заңды тұлғалар үшін) жасалады.
6. Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттаманы (бұдан әрі – рұқсаттама) учаскесінде адамдардың шекаралық белдеуге кіруі және онда болуы, сондай-ақ шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, шекаралық белдеуде қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу жоспарланған Шекара қызметінің әскери бөлімі ұсыныс (өтініш) алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
Рұқсаттама жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе заңды тұлға өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар тексерілгеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріліп, шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға берілген рұқсаттамаларды есепке алу кітабына қол қойғызылады.
Рұқсаттама шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметтің өндірісі кезінде жұмыстар жүргізуге тиісті уәкілетті органдар берген рұқсат мерзімдерін ескере отырып, ұсыныста көрсетілген, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
7. Шекаралық белдеуге тікелей сол жерде тұратын адамдарды өткізу сол жергілікті жерде нақты тұратыны туралы жергілікті атқарушы органдар берген анықтамасы болған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша жүзеге асырылады.
Шекаралық белдеуде тұратын, бірақ одан тыс жерде оқитын орта мектеп оқушылары, оқу орындарының студенттері жергілікті атқарушы органдардың олардың шекаралық белдеудің елді мекендерінен оқуға шығатындарын растайтын анықтамалары бойынша шекаралық белдеуден шығады (кіреді).
Шекаралық белдеуге ата-анасымен немесе оларды алып жүретін адамдармен кіретін 16 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер осы адамдардың рұқсаттамасына енгізіледі.
Жақын туыстары қайтыс болған (ауырған) жағдайда, өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар және медицина ұйымдары растаған тиісті жеделхаттар (анықтамалар) бойынша, ал туыстары жерленген жерлерге бара жатқанда, жерлеу орнын растайтын мәліметтер бойынша адамдар шекаралық белдеуге рұқсаттама ресімдемей кіреді.
8. Адамдардың толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді беруі Шекара қызметінің рұқсаттама беруден бас тартуы үшін негіздеме болып табылады.
Бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
9. Рұқсаттамалар жоғалған (бүлінген) жағдайда, адамдар рұқсаттама берген Шекара қызметінің әскери бөліміне рұқсаттамаларды қайта беру туралы жазбаша қолдаухат, сондай-ақ рұқсаттаманы жоғалту фактісі бойынша жазбаша түсініктеме ұсынады.
Шекара қызметінің әскери бөлімі жазбаша қолдаухатты күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қарайды және рұқсаттаманы қайта беруді жүзеге асырады.
10. Заңды және жеке тұлғалардың рұқсаттаманың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін оны берген Шекара қызметінің әскери бөліміне тапсырады, бұл туралы шекара белдеуіне кіруге және онда болуға берілген рұқсаттамаларды есепке алу кітабында жазылады.
Заңды және жеке тұлғалардың қолданылу мерзімі аяқталған рұқсаттаманы Шекара қызметінің әскери бөліміне қайтармауы оларға келесі күнтізбелік жылға арналған рұқсаттаманы беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.06.2015 № 432 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Рұқсаттама бланкілерін дайындау Шекара қызметінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға
рұқсаттамалар беру қағидаларына
1-қосымша
НЫСАН
Жеке тұлғалардың
шекаралық белдеуге кіруге және онда болуына
рұқсаттама алуға өтініші
ӨТІНІШ
|
Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға
рұқсаттамалар беру қағидаларына
2-қосымша
НЫСАН
Жеке немесе заңды тұлғалардың шекаралық белдеуге кіруге және
онда болуға, шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе
өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге
де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алуы үшін осындай қызметке
қатысушылардың тізімі қоса берілген ұсыныс
ҰСЫНЫС
|
(сыртқы жағы)
Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы
азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың)
тізімі
Р/с |
Т.А.Ә. |
Туған жылы, айы, күні |
Тұратын жерінің мекенжайы |
Жұмыс орны, лауазымы |
Жеке басын куәландыратын құжаттың № |
Ескертулер |
1 |
||||||
2 |
||||||
3 |
||||||
Барлығы: ____________________________________________________________
(адамдардың жалпы саны – жазбаша)
Шекаралық белдеуде пайдаланылатын техникалық құралдар:
Р/с |
Техникалық құралдардың атауы |
Мемлекеттік тіркеу нөмірі |
Жүргізушінің Т.А.Ә. |
Ескертулер |
1 |
||||
2 |
Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға
рұқсаттамалар беру қағидаларына
3-қосымша
НЫСАН
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға
рұқсаттама
РҰҚСАТТАМА түбіршегінің № _____
|
РҰҚСАТТАМА № _____
|
Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға
рұқсаттамалар беру қағидаларына
4-қосымша
НЫСАН
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға берілген
рұқсаттамаларды есепке алу
кітабы
Р/с |
Рұқсаттама нөмірі |
Рұқсаттаманың берілген күні |
Рұқсаттаманың қолданылу мерзімі |
Т.А.Ә. |
Рұқсаттама қайда берілген |
Алғаны туралы жазба |
Рұқсаттаманы өткізу күні |