Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі C. Ахметов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 1275 қаулысымен
бекітілген

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.02.2019 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) шекаралық белдеуге кіруге, онда болуға рұқсаттамаларды (бұдан әрі – рұқсаттама) беру тәртібін айқындайды.

2. Рұқсаттамалар беру тәртібі

      2. Жеке тұлға рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды форматта өтініш береді.

      3. Жеке және заңды тұлғалар шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алу үшін Шекара қызметіне веб-портал арқылы электронды форматта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттамалар алуға ұсыну, онда жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты, пайдаланылатын кәсіпшілік және өзге де кемелер, көлік және өзге де техникалық құралдар туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, Мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) тиісті уәкілетті органдардың шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды жүргізуге рұқсат құжаттарының көшірмесі.

      4. Шекара қызметінің портал арқылы өтінішті немесе ұсынуды қарау және рұқсаттама беру мерзімі өтініш немесе ұсыну енгізілген сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

      5. Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы не өтініште немесе ұсынуда дұрыс емес мәліметтерді көрсету фактісі белгіленген жағдайда Шекара қызметі үш жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша уәжді бас тартады.

      6. Рұқсаттамаларды беруді Шекара қызметі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырады.

      7. Рұқсаттама тиісті уәкілетті органдар шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды жүргізуге берген рұқсаттың қолданылу мерзімдерін ескере отырып, өтініште немесе ұсынуда көрсетілген, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

      Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсаттама күшін жояды.

      8. Шекаралық белдеуге тікелей сол жерде тұратын адамдарды өткізу сол жергілікті жерде нақты тұратыны туралы жергілікті атқарушы органдар берген анықтамасы болған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша жүзеге асырылады.

      Шекаралық белдеуде тұратын, бірақ одан тыс жерде оқитын орта мектеп оқушылары, оқу орындарының студенттері жергілікті атқарушы органдардың олардың шекаралық белдеудің елді мекендерінен оқуға шығатындарын растайтын анықтамалары бойынша шекаралық белдеуден шығады (кіреді).

      Шекаралық белдеуге ата-анасымен немесе өздерімен бірге жүретін адамдармен кіретін 16 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер осы адамдардың рұқсаттамасына енгізіледі.

      9. Жақын туыстары қайтыс болған (ауырған) жағдайда адамдар өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар және медицина ұйымдары растаған тиісті жеделхаттар (анықтамалар) бойынша, ал туыстары жерленген жерлерге бара жатқанда жерлеу орнын растайтын мәліметтер бойынша шекаралық белдеуге рұқсаттама ресімдемей кіреді.

      10. Рұқсаттамалар жоғалған (бүлінген) жағдайда жеке және заңды тұлға портал арқылы Шекара қызметіне рұқсаттаманы жоғалту фактісі бойынша түсініктемені көрсетіп, оны қайта беру туралы өтінішхатты ұсынады.

      Шекара қызметі рұқсаттаманы қайтадан беруді үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырады.

      11. Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау мүдделерін ескере отырып, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсаттамалардың қолданылуына шектеу енгізуі немесе оны уақытша тоқтата тұруы мүмкін.

  Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

ӨТІНІШ (ЗАЯВЛЕНИЕ)

      Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруді сұраймын

      (Прошу выдать пропуск на въезд и пребывание в пограничную полосу)

      ___________________________________________________________________

      (елді мекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)

      Мақсаты (цель)___________________________________________________

      Уақыты (время)_________________________________________________

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын (о себе сообщаю следующие сведения)

      Тегім (фамилия) _____________________________________________________

      Атым (имя) _________________________________________________________

      Әкемнің аты (отчество) _______________________________________________

      Туған жылым мен жерім (год и место рождения) _________________________

      Жұмыс орным (место работы) _________________________________________

      (ұйымның атауы және лауазымы) (наименование организации и должность)

      жеке басын куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющего личность)

      __________________ № __________________ 20 __ ж. "___"_____________

      _________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы және күні)

      (дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющего личность)

      Тұрғылықты жерім (местожительство) __________________________________

      Өзіммен бірге балаларым барады (со мной следуют дети) ________________

      (аты және жасы) (имя и возраст) _____________________________________

      Өтініш білдірушінің электрондық мекенжайы (Электронный адрес заявителя)

      __________________________________________________________________

      Мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін (я несу персональную ответственность за достоверность представленных данных)

      _________________________________________________________________

      (күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)

  Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

ҰСЫНУ (ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)
Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға) _____________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс) шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама (лар) беруді сұраймын
(Прошу выдать пропуск (а) на въезд и пребывание в пограничную полосу гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно списку)
_____________________________________________________________________
(населенный пункт, район, область)
Мақсаты (цель)______________________________________________________
Уақыты (время) _____________________________________________________
Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың) тізімі
(Список граждан Республики Казахстан (иностранцев, лиц без гражданства) на получение пропуска в пограничную полосу)

Р/с №

Т.А.Ә.

Туған жылы, айы, күні

Тұратын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Азаматтығы

Ескертпе

(№ п/п)

Ф.И.О.

(Число, месяц, год рождения)

(Адрес места жительства)

(Место работы, должность)

(№ документа, удостоверяющего личность)

(Гражданство)

(Примечание)

1








2








3








 
Шекаралық белдеуде техникалық құралдар іске қосылатын болады (В пограничной полосе будут задействованы технические средства):

Р/с № № п/п

Техникалық құралдардың атауы (Наименование технического средства)

Мемлекеттік тіркеу нөмірі (Государственный регистрационный номер)

Жүргізушінің Т.А.Ә. (Ф.И.О. водителя)

Иесі (Владелец)

Ескертпе (Примечание)

1






2






 
Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі (К представлению прилагаются следующие документы) ___________________________________________________________________
Өтініш берушінің электрондық мекенжайы (электронный адрес заявителя)
_____________________________________________________________________
Мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін (я несу персональную ответственность за достоверность представленных данных)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
лауазымы (должность)
_____________________________________________________________________
(күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)

 
  Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Қайда (куда)
  ___________________
  ____________________
  Кімге (кому)
  __________________
  бастамашының мекенжайы
және анықтама деректері
(адрес и установочные
данные инициатора)
  _________________________

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ХАБАРЛАМА

      Сіздің 20___ жылғы ____ __________ өтінішіңізге (ұсынуыңызға), құжаттарды

      толық көлемде ұсынбауыңызға немесе өтініште (ұсыныста) дұрыс емес мәліметтерді

      _______________________________________________________________________

      көрсетуіңізге байланысты шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға

      рұқсаттама беруден бас тартатынымыз туралы хабарлаймыз

      (На Ваше заявление (представление) от ___ ________ 20 ___ года уведомляем об отказе

      в выдаче пропуска на въезд и пребывание в пограничной полосе в связи

      представлением документов не полном объеме либо указание в заявлении

      (представлении) не достоверных сведений:

      ________ аумақтық бөлімшесінің бастығы

      _______________________________________________________________________

      лауазымды тұлғаның Т.А.Ә., қолы 20___ жылғы ____ _______________

      (подпись, Ф.И.О. должностного лица) (күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)

  Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама

РҰҚСАТТАМА түбіршегінің № _____
(корешок пропуска)
Тұрғын (жителю) _____________________
______________________ берілді. (выдан)
Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда болуға рұқсат беріледі (разрешен въезд и пребывание в пограничной полосе в районе)
Кіру мақсаты (цель въезда)
Болу мерзімі (срок пребывания)
Болу уақыты (время пребывания)
Негіздеме (основание)
Берілген күні (дата выдачи)
"_________" шекара бөлімшесінің бастығы (начальник пограничного отделения) М.О.

РҰҚСАТТАМА № ______________
(пропуск )
Тұрғын (жителю) _____________________
_____________________ берілді. (выдан)
Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда болуға рұқсат беріледі
(разрешен въезд и пребывание в пограничной полосе в районе)
Кіру мақсаты (цель въезда)
Болу мерзімі (срок пребывания)
Болу уақыты (время пребывания)
Негіздеме (основание)
Берілген күні (дата выдачи)
Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда жарамды
(пропуск действителен при предъявлении документа, удостоверяющего личность)
№ "_________" шекара бөлімшесінің бастығы (начальник пограничного отделения) М.О.