"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1231 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
      51-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) шетелдік қатысушылар үшін оларға тиесілі қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қорытындысын, сондай-ақ оны тасымалдауға рұқсат алуға;»;
      18-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібі»;
      110-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «110. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әкелуге қорытындыны уәкілетті ішкі істер органы заңды тұлғаларға мынадай құжаттардың негізінде береді:»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) қару мен оның патрондарын әкелу немесе әкету құқығына қорытындыны бергені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.»;
      екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын әкелуге қорытынды көрсетілген өзін-өзі қорғау қаруының зақымдаушы факторларының адам ағзасына әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат ұсынылғаннан кейін беріледі.
      Қару мен оның патрондарын әкетуге қорытынды беру үшін 1)2)3)4)6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар ұсынылады.»;
      төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері;»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қару мен оның патрондарын әкелуге немесе әкетуге қорытындылар экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген тауарлардың импортына немесе экспортына лицензияда белгіленген мерзімге беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 110-1, 110-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «110-1. Азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын және олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы қаулының талаптарын ескере отырып, ішкі істер органдарының қорытындылары негізінде жүргізіледі.
      110-2. Азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын және олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу кезінде жеке тұлға - тасымалдаушы ішкі істер органына:
      1) азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын және олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;
      2) қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, өтініш берушінің мөрімен расталған және қолы қойылған өтініш берушінің атына берілген рұқсат құжаттарының көшірмелерін. Егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжат ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы және нөмірі көрсетіледі;
      3) кеден органының «транзит» кедендік режимін белгілеу туралы белгісі бар кеден декларациясының данасын;
      4) жеке тұлғаны (өтініш берушіні) растайтын құжаттың көшірмесін;
      5) қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаты бар-жоғы туралы әкетуші мемлекеттің уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесін;
      6) қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсатының бар-жоғы туралы әкелуші мемлекеттің уәкілетті органы берген құжаттың көшірмесін;
      7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисін ұсынады.
      2)3)5)6)7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) тармақшада көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
      Үшінші тұлғалар азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары мен олардың патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді осы қаулының 117-1-тармағына сәйкес жүзеге асырады.»;
      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «111. Қазақстан Республикасының азаматтарына кадастрға енгізілген атыс қаруын немесе газды қарудың бірден аспайтын бірлігін әкелуге қорытындыны ІІД өтініштің, атыс немесе газды қаруды сатып алу құқығына рұқсаттың көшірмесінің, қару Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін оған сертификаттауды жүргізуге арналған шарттың негізінде береді. Кадастрға енгізілмеген қаруға қарудың атауы және моделінің белгісі (патрондарының типі) және пайдаланылатын патрондары туралы ақпарат, қарудың негізгі техникалық көрсеткіштері, шығарған елдің және фирманың атауы, оның түрлі-түсті фотосуреті қосымша ұсынылады.»;
      112-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «112. Шетелдіктерге аңшылық атыс қаруының бірлі-жарым даналарын, олардың патрондары мен аңшылық пышақтарды әкелуге (әкетуге) қорытындыны аңшылық шаруашылығы ұйымының уәкілетті ішкі істер органы мынадай құжаттардың негізінде береді:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2)орман және аңшылық шаруашылығының уәкілетті органының облыстық аумақтық органымен келісілген аңшылық атыс және суық қару мен патрондардың санын әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға өтініш;»;
      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) салық заңнамасына сәйкес аңшылық атыс қаруын және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды беру үшін мемлекеттік баж төлеу туралы түбіртектер;
      7) аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға сенімхат.
      Ескертпе. Шетелдіктер әкелген қару мен патрондарды әкету әкелуге қорытындыға және онда көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.»;
      113 және 114-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «113. Ұйымдарға республикадан атыс, газды, суық қару мен патрондарды әкетуге қорытындыны Қазақстан Республикасының ІІМ қару мен оқ-дәрілердің саны, әкетуге жауапты адамның тегі, аты-жөні, жеке куәлігінің (паспортының) сериясы мен нөмірі, қару мен патрондар әкетілетін мемлекет, ол арқылы әкету жүзеге асырылатын кеден пункті көрсетілетін ұйым басшысының өтініші негізінде береді.
      114. Шетелге тұрақты тұруға шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына аңшылық және газды қарудың бірлі-жарым даналарын, оның патрондарын әкетуге қорытындыны шығу құжаттары көрсетілген жағдайда, ІІД аумақтық ішкі істер органының қаруды есептен шығару туралы белгісі бар өтініш негізінде береді.
      Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасынан әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытынды беру үшін заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік баж алынады.»;
      115-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «115. Спорттық атыс қаруы мен оның патрондарын шекарадан тыс әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытындыны спортшыларға ІІД мынадай құжаттардың негізінде береді:»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қару мен оның патрондарын әкелу (әкету) құқығына қорытынды берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.»;
      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «116. Қару мен патрондарды әкелуге (әкетуге) қорытындының бланкілері реттік нөмірлер қойылып баспаханада дайындалады. Дайын бланкілер қару мен патрондарды әкелуге (әкетуге) қорытынды беруді есепке алу кітабында тіркеледі.»;
      мынадай мазмұндағы 117-1, 117-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «117-1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы азаматтық және қызметтік қару мен патрондарды транзиттік тасымалдау кезінде тасымалдаушы - заңды тұлға ішкі істер органдарына:
      1) азаматтық және қызметтік қару, оның негізгі (құрама) бөлшектерін, және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру туралы өтініш;
      2) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесін;
      3) қаруды жасаған мемлекеттен экспорттаушы заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы мемлекетке импортты жүзеге асыратын заңды тұлғамен қаруды сатып алушы арасындағы шарттың өтінім берушінің мөрімен және қолымен куәландырылған көшірмесін;
      4) «транзит» кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясының данасын;
      5) қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген, тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімін, сондай-ақ кеден органы растаған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны туралы мәліметтерді;
      6) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжатты;
      7) өнімді әкетуге арналған рұқсатының бар болуы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжатты;
      8) өнім транзитіне байланысты өтініш иесі мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжатты;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартын немесе сақтандыру полисін;
      10) өтініш берушінің транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуін растайтын құжатты және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжатты;
      11) егер оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің жүкті қайта қабылдауға келісімін растайтын құжатты ұсынады.
      2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі ресми аудармасымен, сондай-ақ 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
      117-2. Осы Ереженің 117-1 тармағында көрсетілген құжаттар консулдық заңдастыру немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қою туралы талаптарды сақтай отырып ұсынылады.»;
      119120121-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «119. Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе қызметтік тапсырмаларды орындауына байланысты келген шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің жауынгерлік қол атыс қаруын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі мен Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті тиісінше Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрамалар, арнаулы және құқық қорғау органдары басшыларының жазбаша қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
      120. Жазбаша қорытындыда шетелдік құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтері мен әскерилендірілген ұйымдары қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қарудың түрі (маркасы), нөмірі және калибрі, әкелінетін қарудың әрбір бірлігіне арналған оқ-дәрілердің саны көрсетіледі. Жазбаша қорытындыға тиісінше Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы органдардың басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды.
      121. Жазбаша қорытынды және оның көшірмесін қабылдаушы тараптың өкілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынады және кеден және шекара органының қызметкері мөр басу арқылы куәландырады, жазбаша қорытындының көшірмесі әкелінетін қаруды ресімдеуді жүзеге асыратын кеден және шекара органының ісінде қалады.
      Қаруды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде кеден және шекара органы растаған жазбаша қорытындының түпнұсқасы қаруды әкету кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден және шекара органына ұсынылады және оның ісінде қалады.
      Ескертпе: Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарада қару мен оның патрондарын әкелу және/немесе әкету жағдайында ресімдеу тек қана шекара органында жүргізіледі.».
      2. Осы қаулы 1-тармақтың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастан қолданысқа енгізілетін оныншы, он бірінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық тоғызыншы және елуінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов