Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысы

Қолданыстағы

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6)38-7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары бекітілсін.
      2. «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 261 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 353-құжат.) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаларға сәйкес есептеледі:
      B = Bтэ + Bээ, [тонна],
      мұндағы:
      B – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы;
      Bжэ – жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы;
      Bээ – электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы.
      Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысының мөлшерін айқындау.
      Bжэ = Bжэшарт / Э, [тонна];
      мұндағы:
      Bжэшарт – жылу энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы [шартты отынның тоннасы];
      Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялы коэффициенті:
      Э = Qрт / 7000,
      мұндағы:
      Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];
      7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].
      Bжэшарт = Qтәу * bт * 10-3, [шартты отынның тоннасы],
      мұндағы:
      Qтәу – тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
      bо – шартты отынның жылу энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [килограмм/гигакалория].
      Qтәу = Q * t,
      мұндағы:
      Qтәу – тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
      Q – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген жылу қуаты [гигакалория /сағат];
      t – тәуліктегі сағат саны [сағат];
      Q = Qбелго, [гигакалория /сағат], мұндағы:
      Qбелг – станцияның белгіленген жылу қуаты, [гигакалория /сағат];
      Ко – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициенті;
      Ко = Qөнд/(Qбелг.*n) мұндағы:
      Qөнд – жыл бойы өндірілген жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
      n - өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.
      Тәулігіне электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шартты отын мөлшерін айқындау:
      Bээ = Bээшарт / Э, [тонна],
      мұндағы:
      Bээшарт — электр энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, [шартты отынның тоннасы];
      Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті:
      Э = Qрт / 7000, [килокалория/килограмм].
      мұндағы:
      Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];
      7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].
      Bээшарт = Этәу * bэ * 10-3, [шартты отынның тоннасы],
      мұндағы:
      Этәу – тәулігіне алынған электр энергиясының мөлшері [мың киловатт*сағат];
      bэ – шартты отынның электр энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [грамм/киловатт*сағат];
      Этәу = N * t, мұндағы:
      N – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген электр қуаты [мегаватт];
      tтәу – тәуліктегі сағат саны, сағат;
      N = Nбелг.э, [мегаватт], мұндағы:
      Nбелг. – станцияның белгіленген электр қуаты, [мегаватт];
      Кэ – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті;
      Кэ = Эөнд /(Nбелг*n), мұндағы:
      Эөнд – өткен жылы өндірілген электр энергиясының мөлшері [мың киловатт*сағат];
      n - өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.».
      3. «Отын пайдалану қорының нормасы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 577-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1143 қаулысымен  
бекітілген     

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде
пайдаланылатын отын қорының
нормасы

      1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
      100 километрге дейінгі жеткізу қашықтығында 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;
      100 километрден асатын жеткізу қашықтығында 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.
      2. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда мазут:
      авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері;
      резервтік отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.
      3. Мазут жағатын отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:
      10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны:
      номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4х200 мегаватт, 3х300 мегаватт және одан жоғары электр станциясында – блоктарда;
      номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар жылу электр орталығының екі ең үлкен қазанынан жоғары болмауы тиіс.