Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 1048 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 3 қазандағы
№ 1048 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы ережеде:
      12-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, ал төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық және салалық комиссияларды тиісінше облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері, орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары басқарады.».
      2. «Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1327 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 45, 452-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесінде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөніндегі материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға байланысты шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде жүргізіледі.».
      3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппарат функцияларында:
      2), 12) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «36-1) халықты және ұйымдарды өрт қауіпсіздігі саласындағы шаралар туралы хабардар ету;»;
      ведомстволардың функцияларында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау іс-шараларының орындалуына, өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;»;
      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «40) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «40-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;»;
      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «50) қауіпті өндірістік объектілерде ғимараттарға, құрылыстарға, техникалық құрылғыларға, материалдарға қазіргі заманғы техникалық растаудың жүргізілуін бақылайды;»;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы.».
      4. «Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесі мен өлшемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 942 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 493-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесі мен өлшемінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін жібереді.».