Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 35 және "Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қыркүйектегі № 957 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 35 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 217-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) асыл тұқымды малдың үлес салмағын және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын арттыру мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тауар өндірушілер), мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі жөніндегі республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығына (бұдан әрі – республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы), қостанай жылқы тұқымы жөніндегі асыл тұқымды жылқы зауытына, етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымды репродукторға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.»;
      2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлін сатып алуы;
      2) аналық ірі қара мал және қой басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар;
      3) тауар өндірушілер ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алуы мен пайдалануы және эмбриондарды телу;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мыналар:
      1) бұрын арзандатылған, сондай-ақ айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған немесе өнімділігін молайту мақсатында пайдаланылмайтын асыл тұқымды және селекциялық төл, құс шаруашылығы өнімі, тұқымдық бұқа ұрығы, эмбриондар;
      2) ағымдағы жылы субсидияланған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге арналған аналық мал басы, күтіп-бағуға арналған жалпы табында шағылыстыру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалар;
      3) шет елден әкелінген, индекстік жүйе бойынша бағаланбаған (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украинадан әкелінген асыл тұқымды төлді қоспағанда) асыл тұқымды ірі қара мал төлі; шет елден әкелінген, өзінің өінімділігі немесе ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған асыл тұқымды бұқалар;
      4) сіңіре будандастыруды қоспағанда, тұқымсыз, асыл тұқымды өзге де тұқымдармен бағаланбаған тұқымдық бұқалармен шағылыстыру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды сиырлар мен қашарлар;
      5) зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы, оларды өз төлін өсіру үшін пайдалану және алмастыру (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір бұқадан кем болмауы, бұқаны қатарынан екі шағылыстыру кезеңінен артық пайдаланбау) талабын сақтамау кезінде тұқымдық түрлендіруге қатысатын тауарлы табынның барлық аналық басы субсидиялауға жатпайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тауар өндірушілер өтінім берген субсидиялар көлемі бөлінген субсидиялар көлемінен артқан жағдайда, басым тәртіппен (басымдықтың азаюы тәртібінде):
      1) асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малдың төлін сатып алуға;
      2) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;
      3) асыл тұқымды қой төлін сатып алуға өтінімдер қанағаттандырылады.
      Қаражат қалдығы берілген өтінімдердегі тиесілі субсидиялар көлеміне сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айдың (айлардың) бос қаражатынан олар болған жағдайда төленетін болады.»;
      9- тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) облыс бойынша субсидиялар төлеу жөніндегі тоқсандық есеп нысаны;»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және облыс әкімдері жыл сайын 20 қаңтарға дейінгі мерзімде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған облыстың жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қояды.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Облыс әкімі осы қағидалар ресми жарияланғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары төрағалық ететін асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша айлар бойынша лимиттерді қаржыландыру жоспарында белгіленген шегінде және бағыттар басымдылығына сәйкес тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындау, министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық акті қалыптастыру және ақы төлеу шоттарының тізілімін келісу кіреді.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай осы қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемге министрлік бекіткен нысан бойынша өтінімді осы қағидалардың 30-32-тармақтарына сәйкес құжаттардың толық пакетімен бірге бөлімге ұсынады. Тауар өндірушілер өтінімде көрсетілген деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бөлім тауар өндірушінің берген өтінімдерін өтінімдерді тіркеудің тиісті журналында тіркейді.»;
      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін және тауар өндірушілерді осы қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі мәніне тексереді. Селекциялық және асыл тұқымды жұмысты жүргізуге өтінімді алғаш берген жағдайда бөлім көрсетілген мерзім ішінде тауар өндірушінің қызмет ету орнына шығады.»;
      21222324 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Ұсынылған құжаттар осы қағидалардың талаптарына сәйкес келген және осы қағидаларда көзделген өтінімдерден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, бөлім тауар өндіруші өтінімде ұсынған деректерді екі жұмыс күні ішінде: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтындағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайтындағы заңды тұлғалардың деректер қорынан тексеріп, өтінімді ветеринар дәрігер берген ветеринариялық қолайлылық туралы анықтамамен, ірі қара малға қатысты бағыттарды субсидиялау кезінде – селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасынан (бұдан әрі – АТЖ), «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» жүйесінен (бұдан әрі – АЖС) алынған үзінділерімен/есептермен толықтырады.
      22. Бөлім тауар өндірушілердің асыл тұқымды төлді, құс шаруашылығы өнімдерін сатып алуы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүзеге асыруы, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуы туралы аудан әкімі бекітетін министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық акті жасайды. Бекітілген жиынтық акті екі аптада кемінде бір рет өтінімдер болған жағдайда басқармаға ұсынылады. Бөлім тауар өндірушінің өтінімін растау құжаттарының көшірмелерімен бірге үш жыл ішінде сақтайды. Бөлім басқармаға ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      23. Басқарма ауданның жиынтық актісін тиісті тіркеу журналында тіркейді. Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлімдер ұсынған жиынтық актілерді тауар өндірушілердің осы қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. Сәйкес келмеген жағдайда басқарма олар тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған жиынтық актілерді кері қайтару себептерін көрсете отырып, пысықтауға бөлімге қайтарады. Бөлім бес жұмыс күні ішінде басқармаға түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта енгізеді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда – тез арада тауар өндірушіге қайтару себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
      24. Сәйкес келген жағдайда басқарма көрсетілген мерзім ішінде аудандар бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді, ол отырыс қорытындысы бойынша министрлік бекіткен нысан бойынша тауар өндірушілерге тиесілі субсидиялар көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акті жасайды.
      25. Комиссия төрағасы Комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық актіні үш жұмыс күні ішінде бекітеді.»;
      2728 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Басқарма ай сайын Комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімдігінің интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде жариялайды және бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпарат жібереді.
      28. Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлін сатып алуға, тұқымдық бұқа ұрығын сатып алуға және эмбриондарды телуге, жүргізілген селекциялық және асылдандыру жұмыстарына, етті тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға алынған субсидиялар туралы мәліметтерді бөлім субсидиялар бөлінген әр малдың сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, басқармадан осындай ақпарат түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде АТЖ-ге енгізуге тиіс.
      29. Басқарма ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 20 желтоқсаннан кешіктірмей министрлікке облыс бойынша игерілген бюджеттік субсидиялардың есебін, тоқсан сайын – министрлік бекіткен нысан бойынша облыс бойынша субсидиялар төлеу жөніндегі тоқсандық есеп ұсынады.»;
      көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және  2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 218-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – қағидалар) мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту, оның сапасын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және іс-шаралар есебінен және шегінде бюджеттік субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) беру тәртiбiн айқындайды.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Субсидиялар тауар өндiрушiлерге:
      1) есептік нөмірлері бар сою алаңдарында (пункттерінде) және қайта өңдеу кәсіпорындарында (цехтарында) сатылған немесе өңделген сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті, сүт және биязы жүннің;
      2) сатылған құс еті, тауарлық жұмыртқасы, қымыз және шұбаттың тек іс жүзіндегі көлеміне төленеді.»;
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында субсидиялау көлемін айқындау бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға облысқа жеткiзiлген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылады.
      10. Тауар өндірушілер өтінім берген субсидиялар көлемі осы айда бөлінген субсидия көлемінен асып түскен жағдайда, осы қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген неғұрлым жоғары деңгей санатына жатқызылған тауар өндірушілердің өтінімдері басым тәртіппен қанағаттандырылады.
      Бір санатқа жатқызылған тауар өндірушілер арасында қаражатты бөлу кезінде едәуір жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін заманауи технология бойынша өнімді өндіруді жүзеге асыратын тауар өндірушілер басым тәртіппен субсидияланады. Құс етін субсидиялау кезінде балғын суытылған құс етіне басымдық беріледі.
      Қаражат қалдығы берілген өтінімдерге тиесілі субсидия көлеміне сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айда (айларда) көзделген қаражаттан олар бар болған жағдайда төленеді.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі және облыстар әкімдері жыл сайын 20 қаңтарға дейінгі мерзімде мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмділігін және сапасын арттыруға арналған облыстық жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары бар келісімге қол қояды.»;
      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Облыс әкімі осы қағидалар ресми жарияланғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары төрағалық ететін, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру мақсатында субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Комиссияның құзыретіне тауар өндірушілердің өтінімдері бойынша айлар бойынша, бағыттар басымдылығына сәйкес қаржыландыру жоспарында белгіленген лимиттері шегінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындау, тауар өндірушінің белгілі бір деңгейге сәйкестігін айқындау министрлік бекіткен нысан бойынша жиынтық актіні қалыптастыру және ақы төлеу шоттарының тізілімін келісу кіреді.»;
      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Тауар өндірушілер тиісті негіздер туындауына қарай бөлімге субсидиялауға жататын нақты көлемдерге министрлік бекіткен нысан бойынша өтінімдерді осы қағидалардың 32-35-тармақтарына сәйкес растау құжаттарының толық пакетімен бірге ұсынады. Тауар өндірушілер өтінімде көрсетілген деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Бөлім өтінімді алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін осы қағидаларға сәйкестігіне және тауар өндірушілердің осы қағидалардың 5-7-тармақтарында көрсетілген өлшем-шарттар мен талаптарға сәйкестігі мәніне тексереді.
      Бөлім көрсетілген мерзім ішінде мынадай жағдайларда:
      1) жеке бағыт бойынша өтінімді алғаш рет бергенде;
      2) өндіріс деңгейін арттырғанда;
      3) жеке бағыт бойынша өтінім берілген көлемді өткен айдың өтінімінен жиырма пайыздан көп арттырғанда тауар өндірушінің қызмет ету орнына шығуды жүзеге асырады.
      Толық емес құжаттар пакеті ұсынылған немесе өлшем-шарттар мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлім қайтару себептерін көрсете отырып, тауар өндірушілерге ұсынылған құжаттарын тез арада қайтарады.
      Тауар өндірушілер түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта енгізуге құқылы.»;
      252627 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Бөлім тауар өндірушінің белгілі бір деңгейге сәйкестігін анықтайды және аудан әкімі бекітетін бюджеттік субсидия алушылардың жиынтық актісін жасайды. Бекітілген жиынтық акт басқармаға екі аптада кемінде бір рет өтінімдер болған жағдайда ұсынылады. Бөлім тауар өндірушінің өтінімін растау құжаттарының көшірмелерімен бірге үш жыл ішінде сақтайды. Бөлім басқармаға ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      26. Басқарма ауданның жиынтық актісін тиісті тіркеу журналында тіркейді. Басқарма үш жұмыс күні ішінде бөлімдер ұсынған жиынтық актілерді тауар өндірушілердің осы қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. Сәйкес келмеген жағдайда, басқарма ұсынылған жиынтық актілерді оларды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кері қайтару себептерін көрсете отырып, бөлімге пысықтауға қайтарады. Бөлім бес жұмыс күні ішінде басқармаға түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта енгізеді, ал ол мүмкін болмаған жағдайда – тез арада тауар өндірушіге қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
      27. Сәйкес келген жағдайда, басқарма көрсетілген мерзім ішінде аудандар бойынша жиынтық актілерді Комиссияның қарауына жібереді, ол отырыс қорытындысы бойынша министрлік бекіткен нысан бойынша субсидиялау бағдарламасына қатысушыларға тиесілі субсидиялар көлемін көрсете отырып, облыс бойынша жиынтық акті жасайды.
      28. Комиссия төрағасы Комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық актіні үш жұмыс күні ішінде бекітеді.»;
      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Басқарма ай сайын Комиссияның тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс әкімдігінің интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде жариялайды және бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюджет ақшасының көлемі туралы ақпарат жібереді.
      31. Басқарма ай сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 20 желтоқсаннан кешіктірмей министрлікке облыс бойынша бюджеттік субсидияларды игеру бойынша есебін, тоқсан сайын – министрлік бекіткен нысан бойынша облыс бойынша субсидиялар төлеу бойынша тоқсандық есепті ұсынады.»;
      33-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өнімді сатқанын және сатып алушының өнімді 100% төлегенін растайтын құжаттар;».
      көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 3 және  4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2013 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 957 қаулысына     
1-қосымша     

Асыл тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау
қағидаларына        
1-қосымша           

1. Тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлінің құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

Өнім түрі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті тұқымдар*

Сүтті тұқымдар*

Бұқалар

Қашарлар және құнажындар

Бұқалар

Қашарлар және құнажындар

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал төлі

118 000

118 000

118 000

118 000

Импорттық ірі қара мал төлі:




Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері

235 000

235 000

235 000

235 000

Еуропа елдері

154 000

154 000

154 000

154 000

Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украина



118 000

118 000

Импорттық селекциялық ірі қара мал төлі (барлық елдерден)*


118 000



      * Тауарлық мақсат үшін Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды ірі қара малды субсидиялауға жол беріледі

2. Тауар өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен байланысты шығындарының құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

Асыл тұқымды өнім түрі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

етті тұқымды сиырлар және құнажындар**

14 000

сүтті тұқымды сиырлар және құнажындар**

14 000

қойлар

1 500

      ** Ірі қара малдың құрама етті-сүтті бағыттағы тұқымдары үшін тауар өндірушінің аталған малды пайдаланатын мақсаттағы бағыт қолданылады.

3. Тауар өндірушілер сатып алған ұрпағының сапасы бойынша
бағаланған тұқымдық бұқалар ұрығының және эмбриондар телу құнын
ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік
субсидиялар нормативтері***

Асыл тұқымды материал түрі

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

эмбрион

дана

18 000

тұқымдық бұқалар ұрығы, оның ішінде:



отандық қос жынысты ұрық

доза

600

импорттық қос жынысты ұрық

доза

1 100

импорттық бір жынысты ұрық

доза

3 300

      *** Норматив тек төл алу фактісі бойынша нәтижелі қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылған асыл тұқымды өнімге (материалға) қолданылады.

4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған
жалпы табында шағылыстыру үшін пайдаланатын асыл тұқымды етті
бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын
шығындардың құнын iшiнара (50 % артық емес) өтеу бойынша
бюджеттік субсидиялар нормативтері

Асыл тұқымды өнім түрі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті бағыттағы тұқымдық бұқалар

104 000

5. Отандық құс фабрикалары ата-тектік, ата-енелік нысанды
құстарды қүтіп-бағатын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан
сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды
жұмыртқаның құнын iшiнара (50 % артық емес) арзандату бойынша
бюджеттік субсидиялар нормативтері****

Асыл тұқымды өнім түрі

Тәуліктік балапандар және асыл тұқымды жұмыртқа сатып алуға арналған субсидиялар нормативтері, теңге

ата-тектік табыннан*****

ата-енелік табыннан******

Тәуліктік балапан (етті бағыттағы)

Сатып алу құнының 50 %-нан артық емес, бірақ 1 басқа 303 теңгеден артық емес


Тәуліктік балапан  (жұмыртқа бағытындағы)


Сатып алу құнының 50 %-нан артық емес, бірақ 1 басқа 50 теңгеден артық емес

Тауық жұмыртқасы


Сатып алу құнының 50 %-нан артық емес, бірақ 1 данасына 21 теңгеден артық емес

      **** Асыл тұқымды шаруашылық (репродуктор) мәртебесiн алған асыл тұқымды құс фабрикалары өткізген асыл тұқымды өнiм (балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялануға жатады.
      ***** Еттi бағыттағы құс шаруашылығында ата-енелiк табынды қалыптастыру үшiн.
      ****** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсiптiк табынды қалыптастыру үшiн.

6. Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан
немесе асыл тұқымды шаруашылықтардан сатып алған отандық
тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара (50 % артық
емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с №

Асыл тұқымды жануарлардың түрлері мен тұқымдары

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Қойлар

1.

Қазақтың биязы жүнді қойы

8 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес

2.

Қазақтың арқар мериносы

3.

Оңтүстік қазақ мериносы

4.

Солтүстік қазақ мериносы

5.

Австралия мериносы

6.

Цигай қойы

7.

Қазақтың биязылау кроссбредті жүнді қойы

8.

Дегерес етті-жүнді қойы

9.

Еділбай қойы

10.

Қазақтың құйрықты ұяң жүнді және қылшық жүнді қойы

11.

Сарыарқа құйрықты қойы

12.

Гиссар қойы

13.

Қаракөл қойы

14.

Еттi меринос

15.

Қазақтың етті-жүнді қойы

Жылқылар

1.

Қазақтың жабы жылқысы

40 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес

2.

Көшім жылқысы

3.

Мұғалжар жылқысы

4.

Қазақтың адай жылқысы

Шошқалар

1.

Ірі ақ шошқа

15 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес

2.

Немістің асыл тұқымды шошқасы

3.

Дюрок

4.

Ландрас

Түйелер

1.

Қазақтың айыр өркешті түйесі

37 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес

2.

Аруана

Маралдар (бұғылар)

1.

Маралдар

30 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 %-нан артық емес

2.

Бұғылар

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2013 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 957 қаулысына     
2-қосымша     

Асыл тұқымды мал шаруашылығын
қолдауға арналған субсидиялау
қағидаларына         
2-қосымша            

Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге қойылатын талаптар

Р/с

Субсидиялау бағыттары

Талаптар

1

2

3

1.

Тауар өндірушілердің асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлін сатып алуы

1. Сатып алатын төлдің жасы оларды тауар өндірушіде карантинге қойған сәтте: қашарлар – 18 айдан, құнажындар және бұқалар – 26 айдан аспауы тиіс.
2. Сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық төлге тиісті тұқымдар бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымдық куәліктердің түпнұсқасы және көшірмесі.
3.Ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі.
4. Сатып алу-сату/лизинг шартының түпнұсқасы және көшірмесі. Лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге арналған өтінім (тек лизинг шарты негізінде төлді сатып алған жағдайда).
5. Шарт бойынша толық төлемді растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары және көшірмелері.
6. Төлді кіріске алу актісінің түпнұсқалары және көшірмелері (немесе тауар өндірушідегі карантиннен шығару актісі).
7. Сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл, жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында шағылыстыруға пайдаланылатындарын қоспағанда, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану туралы жазбаша міндеттеме.
8. Шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруда пайдалану және/немесе қолдан шығылыстыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі (етті мал шаруашылығында); шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100% жасанды ұрықтандыруды пайдалану (сүтті мал шаруашылығында) жөніндегі жазбаша міндеттеме.
9. Асыл тұқымды мал басын ұстайтын шаруашылықтар үшін қосымша:
тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және консалтингтік сүйемелдеуі туралы шарттың түпнұсқасы және көшірмесі.
10. Төлді шет елден сатып алған кезде қосымша:
ДНҚ – паспортының түпнұсқасы және көшірмесі (тек асыл тұқымды тұқымдық бұқаларға).
11. Ірі қара малды табынның өсімін молайту үшін тек Қазақстан Республикасының аумағында үш жыл ішінде пайдалану туралы жазбаша міндеттеме.

2.

Ірі қара малдың және қойдың аналық басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар

1. Жануарлардың бірдейлендіру нөмірінің және оларды ЖБЖ-да тіркеудің болуы.
2. Ірі қара мал және қой басын АТЖ-да тіркеудің болуы.
3. Асыл тұқымды ірі қара мал басын ұстайтын шаруашылықтар үшін:
1) тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және консалтингтік сүйемелдеуі туралы шарттың түпнұсқасы және көшірмесі;
2) Шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруда пайдалану және/немесе қолдан шығылыстыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану жөніндегі (етті мал шаруашылығында); шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100% жасанды ұрықтандыруды пайдалану (сүтті мал шаруашылығында) жөніндегі жазбаша міндеттеме.
4. Ірі қара малды тұқымдық түрлендіруге қатысатын тауарлы табын үшін:
1) зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы, оларды өз төлін өсіру үшін пайдалану және ротациялау (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір бұқадан кем болмауы, бұқаны қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау);
2) ЖБЖ-дан алынған үзіндідегі/есептегі жазбалармен расталған, шағылыстыру үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы тауарлы табынның барлық тұқымсыз бұқаларын кестіру.
5. Асыл тұқымды қой шаруашылығы үшін:
1) 600 бастан кем емес аналық бастың болуы;
2) шаруашылықта өсірілетін қой тұқымы бойынша маманданған бейінді ғылыми ұйымның немесе ғалымның ғылыми және консалтингтік сүйемелдеуі туралы шарттың түпнұсқасы және көшірмесі;
3) аналық мал басын өзінің өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар ұрығымен қолдан ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан шығылыстыруда өзінің өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды пайдалану жөніндегі жазбаша міндеттеме;
4) төлдің шығу тегін растау үшін 1:10 ара қатынасында іріктеп ДНҚ-талдауды ұсыну жөніндегі жазбаша міндеттеме (осы бағыт бойынша өтінімді алғашқы үш жыл бойы берген жағдайда ұсынылады);
5) қолдан ұрықтандыру үшін техниканың немесе аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды жүргізуге дистрибьютерлік орталықпен шарттың болуы.
6. Қойларды тұқымдық түрлендіруге қатысатын шаруашылық үшін:
1) 600 бастан кем емес аналық бастың болуы;
2) зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың болуы, оларды өз төлін өсіру үшін пайдалану және ротациялау (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір қошқардан кем болмауы, тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау);
3) ЖБЖ-дан алынған үзіндегі/есептегі жазбалармен расталған, шағылыстыру үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында табындағы барлық тұқымсыз қошқарларды кестіру.

3.

Тауар өндірушілердің ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрықтарын сатып алуы мен пайдалануы және эмбриондарды телуі

1. Малдардың бірдейлендіру нөмірінің және оларды АЖБ-да тіркеудің болуы.
2. Мал басын АТЖ-да тіркеудің болуы.
3. Өнімге (тұқымдық бұқалардың ұрығы, эмбриондар) берілген асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) түпнұсқасы және көшірмесі.
4. Ветеринарлық сертификаттың/анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі.
5. Тұқымдық бұқалардың ұрығын пайдалану туралы/эмбриондарды телуге арналған актінің түпнұсқасы және көшірмесі.
6. Төлді әкелу туралы актінің түпнұсқасы және көшірмесі/ төлдеу журналына тіркеу және алынған төлді өсіру.
7. Алынған төлді АТЖ-да және ЖБЖ-да тіркеу.

4.

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған, жалпы табынды шағылыстыру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

1. Етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаға арналған асыл тұқымдық куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі.
2. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаға арналған ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі.
3. Тиісті ауылдық округ әкімі растаған жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында осы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары жиынының шешімі.
4. ЖБЖ-дан алынған үзіндегі/есептегі жазбалармен расталған, шағылыстыру үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында табындағы барлық тұқымсыз қошқарларды кестіру.

5.

Тауар өндірушілердің ата-тектік, ата-енелік нысанды құстарды күтіп-бағатын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқаны бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алуы

1. Сатып алынған асыл тұқымды тәуліктік балапандарға және асыл тұқымды жұмыртқаға берілген, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы таныған асыл тұқымды куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі.
2.Ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі.
3. Асыл тұқымды өнімді сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі.
4. Төлем құжаттарының түпнұсқалары және кассалық кіріс ордері немесе шарт бойынша 100%-дық төлеуді растайтын банктің төлем тапсырмасы.
5. Асыл тұқымды төлді кіріске алу актісінің түпнұсқасы және көшірмесі (немесе тауар өндірушіден карантинді алып тастау актісі).
6. Торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

6.

Тауар өндірушілердің отандық асыл тұқымды зауыттардан немесе асыл тұқымды шаруашылықтардан отандық тұқымның асыл тұқымды төлін сатып алуы.

1. Сатып алынатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасқан сәтте мынадай жастан аспауы тиіс:
қойлар: тұсақтар – 18 айға дейін; қошқарлар – 18 айға дейін.
жылқылар: байталдар – 3 жасқа дейін; сәуріктер – 5 жасқа дейін.
түйелер: ұрғашылар – 3 жасқа дейін; аталықтар – 5 жасқа дейін.
шошқалар: ұрғашылар – 12 айға дейін; аталықтар –14 айға дейін.
маралдар: ұрғашылар – 18 айға дейін, аталықтар (жаңа туылғандар) – 24 айға дейін.
2. Сатып алынған асыл тұқымды төлге берілген асыл тұқымды куәліктің (сертификаттың) түпнұсқасы және көшірмесі.
3. Ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі.
4. Сатып алу-сату/лизинг шартының түпнұсқасы және көшірмесі. Лизинг шарты бойынша лизинг берушінің деректемелерін көрсете отырып негізгі берешекті өтеу үшін субсидияларды төлеуге өтінім (тек лизинг шарты негізінде асыл тұқымды төлді сатып алған жағдайда).
5. Шарт бойынша толық төлеуді растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары және көшірмелері.
6. Асыл тұқымды төлді кіріске алу актісінің түпнұсқасы және көшірмесі (немесе тауар өндірушілердің карантинді алып тастау актісі).
7. Сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өз төлінен өсіру мақсатында 2 жылдан кем емес уақыт қолдану туралы жазбаша міндеттеме (өндірушілерге - 2 шағылыстыру маусымынан кем емес).

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 957 қаулысына     
3-қосымша     

Мал шаруашылығы өнiмiнiң 
өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру
мақсатында субсидиялау   
қағидаларына        
1-қосымша           

1.Бюджеттік субсидиялар нормативтері


р/с

Өнiмнiң түрi

Өз өндірісінен өткізілген өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берiлетiн бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

1.

Сиыр етi – I деңгей

220

2.

Сиыр етi – II деңгей

170

3.

Сиыр етi – III деңгей

120

4.

Қой етi

100

5.

Жылқы етi

92

6.

Шошқа еті – I деңгей

98

7.

Шошқа еті – II деңгей

60

8.

Құс етi – I деңгей

70

9.

Құс етi – II деңгей

66

10.

Құс етi – III деңгей

50

11.

Күрке тауық етi

105

12.

Жұмыртқа – I деңгей

3

13.

Жұмыртқа – II деңгей

2,6

14.

Жұмыртқа – III деңгей

2

15.

Сүт – I деңгей

25

16.

Сүт – II деңгей

15

17.

Сүт – III деңгей

10

18.

Қымыз

60

19.

Шұбат

55

20.

Жүн (биязы)

130

2. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi


р/с

Түрі

Сиырдың 1 басына бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

21.

Ірі қара мал

4 500

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2013 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 957 қаулысына     
4-қосымша       

Мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігі мен сапасын
арттыру мақсатында    
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша        

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

1

Сиыр етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1.

Бiр мезгiлде кемiнде 3 000 бас iрi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
науалар;
науа алдындағы бетон жиек;
сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
нәжіс массасы мен қар суын шығарып тастауға арналған мүйісі бар дренаждық жүйе;
жемшөп дайындау және жемшөп тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ жемшөп сақтау қоймасының болуы;
бекiткiшi бар жiктегiштiң, таразы құрылғысының болуы;
ветеринариялық пункттiң болуы.

Бiр мезгiлде кемiнде 1 500 бас ipi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
науалар;
науа алдындағы бетон жиек;
сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
нәжіс массасы мен қар суын шығарып тастауға арналған мүйiсі бар дренаждық жүйе;
жемшөп дайындау және жемшөп тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ азық сақтау қоймасының болуы;
бекiткiшi бар жiктегiштiң және таразы құрылғысының болуы;
ветеринариялық пункттiң болуы.

Бордақыланған ірі қара малдың соңғы 12 айда өткізілген саны кемінде 400 басты құрады.
Iрi қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайдың немесе алаңдардың болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
науалар;
сумен қамтамасыз ету;
жемшөп дайындау техникасы;
мал үшін жiктегiш және таразы құрылғысы;

2.

Бұқашықтардың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей/сойыс салмағы кем емес:


450/235 кг*

420/220 кг*

400/210 кг*

3.

Әр бұқашықты бордақылау мерзімі кем емес:


оңтүстік өңірлер үшін 45 күн

солтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер үшін 90 күн

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

5.

Бордақыланатын мал басын Қазақстан Республикасының бiрыңғай сәйкестендірілген деректер базасында тiркеу

2

Қой етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға қойдың аналық басының (екі жастан ересек) 600-ден кем емес болуы

2.

Қойды күтiп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы

3.

Қойдың (союға өткізілетін) тiрiдей салмағы 42 кг кем емес* болуы тиіс

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3

Жылқы етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға жылқының аналық басының (үш жастан ересек) 75 бастан кем емес болуы

2.

Жылқының (союға өткiзілетін) тiрiдей салмағы 350 кг кем емес болуы тиіс

3.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4.

Шошқа етін өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:


(1-деңгей)

(2-деңгей)

1.

Бір мезгілде бордақылауда 3000 бастан кем емес бастың болуы

Бір мезгілде бордақылауда 1000 бастан кем емес бастың болуы

2.

Мыналардың:
шошқа басының (мал басын толықтыратын төл және аналық мегежін);
өндіріс алаңдарын автоматтандырудың (жемшөп тарату, суару және микроклимат желісі);
мал соятын цехының;
құрама жем цехының;
таразы құрылғысының болуы.

Мыналардың:
мал соятын пунктінің (цехының);
таразы құрылғысының болуы.

3.

Шошқаның тірідей салмағы (союға өткiзілетін) 100 кг кем емес*

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

5.

Құс етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге:


(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1.

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы немесе негізгі жабдығы бойынша жаңартудан өткен жұмыс істеп тұрған құс фабрикасы.



2.

Өндiрiстiң жылдық көлемi кем емес:


15 000 тоннадан

8000 тоннадан

1 500 тоннадан

3.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

4.

Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

5.

Құс сою желісінің болуы (сою цехы)

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6.

Күрке тауық етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге:

1.

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы және/немесе негізгі жабдықтары бойынша жаңартудан өткен жұмыс істеп тұрған құс фабрикасы.

2.

Өндiрiстiң жылдық көлемi 3 000 тоннадан кем емес

3.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы

4.

Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

5.

Құс сою желісі (сою цехы)

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

7.

Тауарлық жұмыртқа өндiретiн тауар өндiрушiлерге:



(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1.

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген құс фабрикасы және/немесе негізгі жабдық бойынша жаңартудан өткен жұмыс істеп тұрған құс фабрикасы



2.

Жұмыртқаны сұрыптауға, белгілеуге және салуға арналған автоматты машинаның болуы



3.

Тауарлық жұмыртқа өндiрiсінің көлемi жылына кем емес:


100 млн. данадан

40 млн. данадан

20 млн. данадан

4.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

5.

Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

8.

Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге:


(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық басының (2 жастан ересек) болуы:


400 бастан кем емес

400 бастан кем емес

100 бастан кем емес

2.

Сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық саны (алдыңғы жылдың қорытындысы):


350 бастан кем емес

240 бастан кем емес

60 бастан кем емес

3.

Табын бойынша орташа сауым (алдыңғы жылдың қорытындысы):


4500 кг кем емес**

3250 кг кем емес

2500 кг кем емес

4.

Тиiстi инфрақұрылымы бар қазiргi заманғы сүт кешенiнiң (механикаландырылған сауу, көң шығару және жемшөп тарату, автосуару және жемшөп цехы) болуы

Машиналы сауудың болуы


5.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6.

Малдардың бірдейлендіру нөмiрлерiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай сәйкестендіру деректер базасында тiркеудiң болуы

9.

Қымызды өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға жылқының аналық басының (үш жастан ересек) 35 бастан кем емес болуы

2.

Сауын биенiң орташа жылдық басы 20 бастан кем емес

3.

Қымыз өндіретін цехтың (қымыз жинау және (немесе) өндіру бойынша үй-жай, сыйымдылық) немесе цехқа жеткізу шартының болуы

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

10.

Шұбат өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға түйенiң аналық басының (үш жастан ересек) 30 бастан кем емес болуы

2.

Сауын iнгендердiң орташа жылдық басы 15 бастан кем емес

3.

Шұбат өндіретін цехтың (шұбат жинау және (немесе) өндіру бойынша үй-жай, сыйымдылық) немесе цехқа өткізу шартының болуы

4.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

11.

Биязы жүнді өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға қойдың аналық басының (екі жастан ересек) 600 бастан кем емес болуы

2.

Қойларды күтiп-бағуға, сондай-ақ қырқуға арналған үй-жайлардың болуы

3.

Қырқылған жүннiң физикалық салмағы (алдыңғы жылдың қорытындысы) 3,2 кг кем емес

4.

Жүннiң сапасы 60-64 сападан кем емес ****

5.

Биязы жүндi бастапқы қайта өңдейтін кәсiпорындарына биязы жүнді өткiзу

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

12.

Шырынды және кесек азықты субсидиялау үшiн мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі 30 бастан кем емес аналық мал басының болуы

2.

Мал азығы дақылдарының және (немесе) шабындық (шабылатын) алқаптың және (немесе) мал азығын сатып алу шартының болуы

3.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

4.

Малдың бірдейлендіру нөмірінің және зоотехникалық оқиғаларды енгізе отырып, селекциялық және асылдандыру жұмыстарының ақпараттық базасында тiркеудің болуы

      Ескертпе:
      * Малдың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей/сойыс салмағы тауар өндiрушi (малды сою жөнiндегi) қызметтерiн пайдаланған, есептік алу нөмiрi (коды) бар мал шаруашылығы өнiмі сатылған қайта өңдеу кәсіпорны немесе есептік нөмірі (коды) бар сою цехы берген анықтамамен расталуы тиiс.
      ** Талаптар өткен жылдан бастап пайдалануға берілген, тиісті инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы сүт кешендеріне таратылмайды.
      *** Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлер селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасына тiркелуі тиiс.
      **** Жүннiң сапасы жүн сапасын бағалау жөнiндегi зертхана берген анықтамамен расталады.