Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 35 және "Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қыркүйектегі № 957 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 170-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесінде:
      көрсетілген ережеге 2-қосымшада:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кабель кәріздеріндегі арнада кабель-орындарды пайдалануға беру».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов