Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 914 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он

      күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 914 қаулысымен
бекітілген

Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидалары

      1. Осы Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген мүліктік емес зиянды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві қаражатының есебінен кейіннен зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-946-баптарына сәйкес сот тәртібімен жүргізіледі.

      3. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі – мүлік иелері) тиесілі мүліктің құнын өтеу арқылы жүргізіледі.

      4. Мүліктің құнын өтеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған кезде мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы, терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының терроризм актісінің жолын кесу кезіндегі құқыққа сыйымды әрекеттерімен мүліктің жойылуы немесе зақымдануы арасында себепті байланыстың болуы негіздеме болып табылады.

      5. Мүліктік зиянды мүлік иесіне терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық органы тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен ақшалай қаражат төлеу арқылы өтейді.

      Көрсетілген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мүліктік зиян Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен өтеледі.

      6. Меншік құқығы немесе мүлікке өзге де заттық құқық, осы мүліктің құрамы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен, сондай-ақ мүлік иесінің және куәгерлердің түсініктемелерімен расталады.

      7. Мүліктің өтелетін құнының мөлшерін айқындауды мүлік иесінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аккредиттеген тәуелсіз сарапшының (бұдан әрі – тәуелсіз сарапшы) қатысуымен уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы жүзеге асырады.

      Мүлік құнын өтеу мөлшері бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстарға және (немесе) мүліктің зақымдануы салдарынан оны арзандату көлеміне не жоғалған немесе зақымданған мүліктің тозуын ескере отырып, мүлік құнын өтеу кезінде осы жердегі қолданыстағы нарық бағасы бойынша жоғалған мүліктің құнына қарай белгіленеді.

      Бүлінген мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) арналған шығыстар оны қалпына келтіру шығындардың сметасы немесе калькуляциясы бойынша расталады.

      Мүлік иесінің мүлікті бағалауға, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалған шығындардың сметасы мен калькуляциясын жасауға байланысты қызметті төлеу бойынша құжат түрінде расталған шығыстары мүліктің өтелетін құнына енгізіледі.

      8. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымды әрекеттерімен терроризм актісінің жолын кесу кезінде жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын өтеу үшін мүлік иесі терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінішті ұсынады.

      Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініште: жоғалған немесе бүлінген мүлік, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалған шығыстар және (немесе) оның бүлінуі салдарынан мүлікті арзандату мөлшері не жоғалған мүліктің құны көрсетіледі.

      Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішке қоса мүлік иесі уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына:

      1) жеке тұлғалар үшін – мүлік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесін;

      2) мүліктің терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында бүліну фактісін растайтын (мүліктің бүлінгенін немесе жоғалғанын көрсете отырып) терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) жедел штабының басшысы берген анықтаманы;

      3) меншік құқығы немесе мүлікке өзге де заттық құқықты, оның құрамын, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге жұмсалған шығыстарды, бүлінуінің салдарынан мүлікті арзандату мөлшерін, жоғалған мүліктің құнын (бар болған кезде) растайтын құжаттарды ұсынады.

      9. Мүлік иесі уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішпен жеке өзі жүгіне алмаған жағдайда, оның жақын туысқандары, сондай-ақ он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған жағдайда заңды өкілдері сенімхат негізінде жүгіне алады.

      10. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішті уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзім ішінде қарайды.

      Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған кезде өтінішті қарау тоқтатыла тұрады, ал өтініш берушіге хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жетпейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі жөнінде уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы жазбаша хабарлайды.

      Егер өтініш беруші көрсетілген мерзімде жетпейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда, мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш қаралмастан иесіне қайтарылады. Өтінішті қараудан бас тарту өтініш берушінің өтінішті қайта жолдау мүмкіндігінен айырмайды.

      11. Өтінішті тіркеу мүліктің меншік иесіне өтінішті қабылдау туралы растау қағазын бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген мүліктік зиянды және төленген төлемдерді өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында жүзеге асырылады.

      12. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бағалау қызметін реттейтін заңнамасына сәйкес меншік иесі таңдаған тәуелсіз сарапшының мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауын ұйымдастырады.

      Бұл ретте мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыруға байланысты шығыстар уәкілетті органға немесе оның аумақтық органына жүктеледі.

      13. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) мүліктің меншік иесінің тәуелсіз сарапшыны уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы ұсынған тәуелсіз сарапшылар тізбесіне және олардың тұратын жері, байланыс телефондары туралы ақпаратқа сәйкес таңдауы;

      2) мүліктің меншік иесімен келісім бойынша бағалауды өткізу уақыты мен орнын айқындау;

      3) бүлінген мүлікті бағалауды өткізу;

      4) мүліктің меншік иесін бағалау туралы есеппен таныстыру.

      14. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізу кезінде залал келтірілген күнге дейін орын алған мүліктің есептелген амортизациясын (тозуын) шегере отырып, оны қалпына келтіру құны залал келтірілген күнгі қолданыстағы нарықтық бағалардың негізінде есептеледі.

      15. Мүлікті жою кезінде келтірілген зиянның мөлшері залал келтірілген күнгі нарықтық құны негізге алынып белгіленеді.

      Егер мүлікті қалпына келтіру техникалық тұрғыдан мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негізделмесе, ол жойылған болып саналады. Егер мүлікті қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар мүлікке залал келтірілген күнгі нарықтық баға құнының сексен пайызынан асып кетсе, мүлікті қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан негізсіз болып саналады.

      16. Егер уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген мерзімде тәуелсіз сарапшыда мүлікке келтірілген залалды бағалауды ұйымдастырмаса, онда мүліктің меншік иесі тәуелсіз сарапшыны өзі таңдап, оның қызметін пайдалана алады.

      Мүліктің меншік иесінің тәуелсіз сарапшының қызметіне ақы төлеу жөніндегі құжат түрінде расталған шығыстары өтелетін залалдың сомасына қосылады.

      17. Мүлік құнын өтеуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      18. Тәуелсіз сарапшы қорытынды шығарғаннан кейін өтініш пен тиісті құжаттардың негізінде уәкілетті орган ақшалай қаражатты үш банктік күн ішінде мүліктің меншік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударады.

      19. Залал өтелгеннен кейін келтірілген мүліктік зиянды және төленген төлемдерді өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында залалдың өтелген күнін, мөлшері мен төлем құжаттарының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жазылады.

      20. Жоғалған немесе зақымдалған мүлік иесі мен уәкілетті орган арасындағы оның құнын өтеуге қатысты дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

      21. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

  Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың
лауазымды адамдарының құқыққа
сыйымды әрекеттерімен терроризм
актісінің жолын кесу кезінде жеке
және заңды тұлғаларға келтірілген
зиянды өтеу қағидаларына
1-қосымша

Өтініш нысаны

      _________________________________________

      _________________________________ бастығы

      (терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті

      үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның

      немесе оның аумақтық органының атауы)

      _________________________________________

      (лауазымды адамның Т.А.Ә.)

      _________________________________ тұратын

      (өтініш берушінің Т.А.Ә., деректемелері)

      _________________________________________

Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығыстары және (немесе) оның бүлінуінің салдарынан мүлікті арзандату мөлшері не болмаса жоғалған мүліктің құны)

      қоса есептей отырып,

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________ терроризмге қарсы

      операцияларды өткізу аймағындағы

      _____________________________________________________________________

      (уақыты, орны, оқиғаның сипаты)

      _____________________________________________________________________

      байланысты келтірілген материалдық залалды өтеуді сұраймын.

      Материалдық залалды мына мекенжай бойынша өтеуді сұраймын: __________

      _____________________________________________________________________

      (облыс, аудан, қала, тұратын жердің мекенжайы)

      Банктің атауы ____________________________________________________

      Банктің БСК, ЖСК _________________________________________________

      Ағымдағы немесе жинақ шоты _______________________________________

      _________________________________________________________ атына

      (Т.А.Ә., деректемелер)

      Алушының ЖСН _____________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1. _______________________________________________________________

      2. _______________________________________________________________

      3. _______________________________________________________________

      4. _______________________________________________________________

      5. _______________________________________________________________

      _______ "__" __________ Өтініш беруші _______________________

      (жылы) (күні) (айы) (қолы, Т.А.Ә.)

      _______________________________________________________________

      (кесу сызығы)

      Азаматтың өтініші _________________________________________________

      № ________ болып тіркелді. Өтініштің қабылданған күні _____________

      Өтінішті қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы ____________

      ______ "__" __________ Өтініш беруші _______________________

      (жылы)(күні) (айы) (қолы, Т.А.Ә.)

  Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың
лауазымды адамдарының құқыққа
сыйымды әрекеттерімен терроризм
актісінің жолын кесу кезінде жеке
және заңды тұлғаларға келтірілген
зиянды өтеу қағидаларына
2-қосымша

Келтірілген мүліктік зиянды және төленген төлемдерді өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналы

Р/с№

Өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе деректемелері

Түскен күні, кіріс №

Тұратын мекенжайы

Материалдық залалды өтеу себептері (орынның қысқаша сипаттамасы, уақыты)

Келтірілген материалдық залалдың мөлшері

Төленген ақшалай қаражат бойынша төлем құжатының № және күні (тіркеушінің қолы)

1

2

3

4

5

6

7