Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 21, 304-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растамасы нысанында:
3-тармақтың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 және 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 404 қаулыларымен бекітілген) |
ЭҚЖЖ коды |
ЭҚТӨЖ коды |
Өздері өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған (алынуға жататын) кірістер сомасы теңгемен) |
Жиынтық жылдық кірістен үлес салмағы (%-да) |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов