РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 91 және 92-жолдармен толықтырылсын:
«
91 |
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында инвестициялық жобаларды орындауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер |
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды және реконструкциялауды ұйымдастыру, жұмыстардың барысы мен сапасын бақылауды жүзеге асыру |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
«ҚазАвтоЖол» АҚ |
002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарының дамуы» |
31 484 390 |
92 |
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік қызметтер |
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыстардың барысы мен сапасын бақылауды жүзеге асыру |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
«ҚазАвтоЖол» АҚ |
003 «Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдық, орташа және күрделі жөндеу, күтіп-ұстау, көгалдандыру, диагностикалау және аспаптық тексеру» |
6 700 897 |
».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов