"Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 қаулысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 614 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2019 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 19-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны мен оны жасау қағидалары (140.00-нысан);

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген корпоративтік табыс салығы бойынша (100.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге (бұдан әрі - КТС) арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды.

      Декларацияны:

      мемлекеттік мекемелерді;

      Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдарды;

      Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды;

      Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін дербес бiлiм беру ұйымдарын;

      Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының тиісті шарттарына сай келетін дербес бiлiм беру ұйымдарын;

      110.00 немесе 150.00-нысан бойынша декларация толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент заңды тұлғалар, резидент емес заңды тұлғалар жасайды.";

      15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) салық төлеушінің санаты:

      торкөздер, егер салық төлеуші А, В жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді;";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) (240.00-нысан) жасау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (240.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығын есептеуге арналған жеке табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны мүліктік және басқа табыстар алған жеке тұлғаларды қоса алғанда Салық кодексінің 67-бабының 6-тармағына сәйкес жеке тұлғалар, сондай-ақ Салық кодексінің 185-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан шетел банктеріндегі шоттарында ақшалары бар жеке тұлғалар толтырады.";

      15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) салық төлеушінің санаты.

      Торкөздер егер салық төлеуші А, B, C, D жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді;";

      16-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 240.00.002 жолы 240.00.002 І, 240.00.002 ІІ және 240.00.002 ІІІ, 240.00.002 ІV, 240.00.002 V (240.00.002 І + 240.00.002 ІІ + 240.00.002 ІІІ + 240.00.002 ІV + 240.00.002 V) жолдарының сомасы ретінде еңбек иммигранттары алған табыстарды қоспағанда, өзге де табыс сомаларын көрсетуге арналған;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) 240.00.002 V жолы Салық кодексінің 184-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес медиаторлар табысының сомаларын көрсетуге арналған;";

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі (декларация) нысанымен (140.00-нысан) толықтырылсын;

      6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) (140.00-нысан) жасау қағидаларымен толықтырылсын;

      7) көрсетілген қаулымен бекітілген жеке табыс салығы бойынша декларация нысаны (240.00-нысан) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 874 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1518 қаулысымен
бекітілген
Нысан 100.00

КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Нысан РҚАО РМК http://rkao.kz/fnoforms сайтында орналастырылған; қажет болған жағдайда нысанды электронды түрде РҚАО РМК-дан алуға болады.
     

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 874 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1518 қаулысымен
бекітілген
Нысан 140.00

КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Нысан РҚАО РМК http://rkao.kz/fnoforms сайтында орналастырылған; қажет болған жағдайда нысанды электронды түрде РҚАО РМК-дан алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 874 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1518 қаулысымен
бекітілген

Корпоративтік табыс салығы бойынша
салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары
(140.00-нысан)
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (140.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды.

      Декларацияны:

      Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сәйкес келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

      Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары жасайды.

      2. Декларация декларацияның өзінен (140.00-нысан) тұрады.

      3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

      4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

      5. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: "+" – қосу; "–" – алу; "х" – көбейту; "/" – бөлу; "=" – тең.

      6. Сомалардың теріс мәндері тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы торкөзінде "–" белгісімен белгіленеді.

      7. Декларацияны жасау кезінде:

      1) қағаз тасығышта – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

      2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

      8. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабының 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің мөрімен не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

      9. Декларацияны табыс ету кезінде:

      1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

      2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

      3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

      10. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларация табыс ету кезінде:

      СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде толтырылуы тиіс.

2. Декларацияны жасау (140.00-нысан)

      11. "Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

      1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

      Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2) БСН – салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

      4) салық төлеушінің атауы.

      Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

      5) Декларацияның түрі.

      Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызуды ескере отырып, белгіленеді.

      6) хабарлама нөмірі мен күні.

      Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген Декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;

      7) валюта коды.

      "Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 "Валюталар жіктеуіші" қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі.

      8) салық төлеушінің санаты.

      Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді.

      9) Декларацияны шарттарға сәйкес келетін салық төлеуші жасайды:

      "А" торкөзінде есепті салық кезеңі үшін қызметкерлердің, мүгедек қызметкерлердің жалпы саны және мүгедек қызметкерлердің жалпы қызметкерлер санындағы үлес салмағы көрсетіледі;

      "В" торкөзінде салық кезеңі үшін қызметкерлердің, мүгедек қызметкерлердің (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айырылған мүгедек қызметкерлер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы мүгедек қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жөніндегі шығыстарды көрсетеді және тиісті торкөзді белгілейді) еңбекақысын төлеу бойынша жалпы шығыстар сомасы және мүгедек қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу бойынша жалпы шығыстардың үлес салмағы көрсетіледі;

      "С" торкөзі егер ұйым есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған болып табылған жағдайда белгіленеді;

      "D" торкөзін:

      1) Салық кодексінің 135-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар:

      01 – косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер;

      02 – білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;

      03 – ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, ғылыми зияткерлік меншікті автордың пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени байлықтар объектілерінің тізіліміне немесе Мемлекеттік тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұралар мен мәдени құндылықтар объектілерін сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызмет;

      04 – кітапхана қызметі;

      2) Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдары белгілейді:

      01 – косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;

      02 – білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;

      03 – ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, ғылыми зияткерлік меншікті автордың пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда) саласындағы қызмет;

      12. "Негізгі қызметтен түскен табыстар" деген бөлімде:

      Салық кодексінің 135-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың;

      Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдарының табыстары көрсетіледі:

      1) 140.00.001 жолында салық кезеңі ішінде косметологиялық және санаторий-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызмет көрсетуден алынған табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

      2) 140.00.002 жолында салық кезеңі ішінде алынған табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі:

      білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсетуден алынған табыстардың жалпы сомасы;

      Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, лицензиясыз қызметін жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымдары табыстарының жалпы сомасы;

      3) 140.00.003 жолында салық кезеңі ішінде ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, ғылыми зияткерлік меншікті автордың пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени байлықтар объектілерінің тізіліміне немесе Мемлекеттік тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұралар мен мәдени құндылықтар объектілерін сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асырудан алынған табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

      4) 140.00.004 жолында салық кезеңі ішінде кітапхана қызметі саласындағы қызметтен алынған табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

      5) 140.00.005 жолында салық кезеңі ішінде өтеусіз алынған мүлік (оның ішінде гранттар, қайырымдылық көмек, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырмалдықтар) түрінде алынған табыс көрсетіледі;

      6) 140.00.006 жолында салық кезеңі ішінде депозиттер бойынша сыйақылар түрінде алынған табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

      7) 140.00.007 жолында негізгі қызметтен алынған табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 140.00.001-ден 140.00.006-ға дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады.

      13. "Негізгі емес қызметтен түскен табыстар" деген бөлімде мынадай табыстар көрсетіледі:

      Салық кодексінің 135-бабының 2-тармағында ескерілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған, Салық кодексінің 135-бабы 1 және -тармақтарының талаптарына сәйкес болып табылатын ұйымдардың табыстары;

      Салық кодексінің 135-бабы 3-тармақтарының талаптарына сәйкес болып табылатын ұйымдардың табыстары;

      Салық кодексінің 135-бабының 2-тармағында ескерілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған, Салық кодексінің 135-бабының талаптарына сәйкес болып табылатын, Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың табыстары көрсетіледі:

      1) 140.00.008 жолында салық кезеңі ішінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынған кірістер сомасы көрсетіледі;

      2) 140.00.009 жолында салық кезеңі ішінде амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу кезінде құн өсімінен, сонымен қатар Салық кодексінің 87 және 92-баптарында айқындалған тіркелген активтерді шығарудан алынған табыстар сомасы көрсетіледі;

      3) 140.00.010 жолында салық кезеңі ішінде Салық кодексінің 88-бабында белгіленген міндеттемелерді есептен шығару нәтижесінде алынған кірістер сомасы көрсетіледі. Тарату декларациясын жасау кезінде осы жол бойынша заңды тұлғаны тарату кезіндегі кредиторлық берешекті есептен шығарудан алынған кіріс те көрсетіледі;

      4) 140.00.011 жолында салық кезеңі ішінде мүлікті жалға беруден алынған кіріс сомасы көрсетіледі;

      5) 140.00.012 жолында егер бұл сома Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес айқындалған бұрын шегерімге жатқызылмаса, бюджеттен қайтарылған негізсіз ұсталынған айыппұлдардан басқа, сот тағайындаған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлерінің сомасы көрсетіледі;

      6) 140.00.013 жолында салық кезеңі ішінде алынған дивидендтердің жалпы сомасы көрсетіледі;

      7) 140.00.014 жолында салық кезеңі ішінде алынған сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

      8) 140.00.015 жолында оң бағамдық айырманың теріс бағамдық айырмадан арту сомасы көрсетіледі;

      9) 140.00.016 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес айқындалған ұтыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

      10) 140.00.017 жолында 140.011-ден 140.00.019-ға дейінгі жолдарда көрсетілмеген басқа табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

      11) 140.00.018 жолында негізгі емес қызметтен алынған табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі, 140.00.008-ден 140.00.017-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады.

      14. "Табыстардың барлығы" деген бөлімде:

      1) 140.00.019 жолында 140.00.007 және 140.00.018 жолдардың сомасы ретінде айқындалатын негізгі және негізгі емес қызмет бойынша табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

      2) 140.00.020 жолында 140.00.007/140.00.019х100 формуласы бойынша айқындалатын жалпы кірістердегі негізгі қызметтен алынған кірісітердің үлес салмағы көрсетіледі.

      15. "Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi" деген бөлімде:

      1) "Басшының аты-жөні" деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, есімі, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

      2) Декларацияның тапсырылған күні.

      Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

      3) салық органының коды.

      Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

      4) "Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының аты-жөні" деген жолда декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

      5) Декларацияның қабылданған күні.

      Салық кодексінің 584-бабының 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

      6) кіріс құжаттың нөмірі.

      Салық органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      7) пошта штемпелінің күні.

      Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 874 қаулысы
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1518 қаулысымен
бекітілген
Нысан 240.00

ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Нысан РҚАО РМК http://rkao.kz/fnoforms сайтында орналастырылған; қажет болған жағдайда нысанды электронды түрде РҚАО РМК-дан алуға болады.