2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасында Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 7 тамыздағы
№ 805 қаулысымен
бекітілген
«Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеті мен функциясы:
1) «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру бойынша тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
2) жобаны уақтылы және тиімді іске асыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
6. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
7. Комиссияның шешімдері қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Шешімдер қабылдаған кезде Комиссия мүшелері тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды, ол Комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
9. Жұмыс органы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде Комиссия мүшелерін хаттамамен таныстырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 7 тамыздағы
№ 805 қаулысына
қосымша
«Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері
жөніндегі Комиссияның
құрамы
Ескерту. Комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.03.2014 № 234 қаулысымен.
Жақсалиев |
- Қазақстан Республикасының Индустрия |
|
Ахсанбиев |
– Қазақстан Республикасының Қоршаған орта |
|
Есімханов |
– Қазақстан Республикасы Индустрия және |
|
Теңгебаев |
– Қазақстан Республикасының Қаржы |
|
Байбазаров |
- Қазақстан Республикасы Экономика және |
|
Еренчинов |
– Қазақстан Республикасы Қоршаған орта |
|
Соспанова |
– Қазақстан Республикасы Қоршаған орта |
|
Баймұқанов |
– Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті |
|
Көккөзова |
– Қазақстан Республикасы Табиғи |
|
Әбдірайымов |
– Қазақстан Республикасы Өңірлік даму |
|
Тұматов |
– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер |
|
Бәкіров |
– Қазақстан Республикасы Әділет |
|
Огай |
– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» |
|
Ли |
– «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы |
|
Шонаева |
– «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының |
|
Қаржаубаев |
- Қазақстан Республикасы Еңбек және |
|
Бердіханов |
– «Балқаш жылу электр станциясы» |
|
Пернеш |
– «Балқаш жылу электр станциясы» |
|
Жазықбаев |
– «KEGOC» электр желілерін басқару |
|
Төкенов |
– «Қазақэнергиясараптама» акционерлік |