"Балқаш жылу электр станциясы" жобасын іске асыру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 805 қаулысы

Қолданыстағы

      2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасында Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 7 тамыздағы
№ 805 қаулысымен  
бекітілген    

«Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеті мен функциясы:
      1) «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру бойынша тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
      2) жобаны уақтылы және тиімді іске асыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      5. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
      6. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
      7. Комиссияның шешімдері қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Шешімдер қабылдаған кезде Комиссия мүшелері тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды, ол Комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
      9. Жұмыс органы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде Комиссия мүшелерін хаттамамен таныстырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 7 тамыздағы
№ 805 қаулысына   
қосымша       

«Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері
жөніндегі Комиссияның
құрамы

Жақсалиев
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы


- Қазақстан Республикасының Индустрия
  және жаңа технологиялар вице-министрі,
  төраға

Ысқақов
Марлен Нұрахметұлы


– Қазақстан Республикасының Қоршаған
  ортаны қорғау вице-министрі, төрағаның
  орынбасары

Бөкенбаев
Жақып Құттыбекұлы


– Қазақстан Республикасы Индустрия және
  жаңа технологиялар министрлігі Электр
  энергетикасы және көмір өнеркәсібі
  департаментінің директоры, хатшы

Толымбаев
Берік Зиябекұлы


– Қазақстан Республикасының Мұнай және
  газ вице-министрі

Теңгебаев
Ардақ Мырзабайұлы


– Қазақстан Республикасының Қаржы
  вице-министрі

Еренчинов
Данияр Қағазбекұлы


– Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
  қорғау министрлігі Экологияны реттеу
  және бақылау комитетінің төрағасы

Соспанова
Айнұр Сапарбекқызы


– Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
  қорғау министрлігі «Жасыл»
  технологиялар және инвестициялар тарту
  департаментінің директоры

Баймұқанов
Тимур Сұлтанбекұлы


– Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
  қорғау агенттігі төрағасының орынбасары

Шкарупа
Анатолий Валерьевич


– Қазақстан Республикасы Табиғи
  монополияларды реттеу агенттігі
  төрағасының орынбасары

Әбдірайымов
Ғалымжан Райылұлы


– Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
  министрлігінің Құрылыс және тұрғын
  үй-коммуналдық шаруашылық істері
  агенттігі төрағасының орынбасары

Тұматов
Айдарбек Әнуарбекұлы


– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
  министрлігі Азия және Африка
  департаментінің директоры

Бәкіров
Дархан Әбдіманапұлы


– Қазақстан Республикасы Әділет
  министрлігінің Халықаралық шарттарды
  сараптау департаменті директорының
  орынбасары

Огай
Алексей Викторович


– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
  акционерлік қоғамының Электр
  энергетикалық активтерді басқару
  жөніндегі директоры (келісім бойынша)

Ли
Валерий Константинович


– «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы
  «Генерация» дивизионының басқарушысы
 (келісім бойынша)

Шонаева
Салтанат Аманғосқызы


– «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының
  Стратегия жөніндегі басқарушы директоры
  (келісім бойынша)

Жылқышиев
Қуаныш Болатұлы


- «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»
  акционерлік қоғамының Мұнай және газды
  тасымалдау департаментінің директоры
 (келісім бойынша)

Шанбатыров
Мұқатай Үмбетайұлы


– «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының Бас
  директорының газды тасымалдау жүйесі
  жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)

Бердіханов
Асхат Ермекұлы


– «Балқаш жылу электр станциясы»
  акционерлік қоғамының басқарушы
  директоры (келісім бойынша)

Пернеш
Елнар Қайратұлы


– «Балқаш жылу электр станциясы»
  акционерлік қоғамы Жобаны дамыту
  департаментінің директоры
  (келісім бойынша)

Жазықбаев
Бақытхан Медеғалиұлы


– «KEGOC» электр желілерін басқару
  жөніндегі Қазақстан компаниясы»
  акционерлік қоғамы басқарма төрағасының
  бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Төкенов
Әнуар Әкімжанұлы


– «Қазақэнергиясараптама» акционерлік
  қоғамы президентінің кеңесшісі
 (келісім бойынша)