Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1113-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыру және мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, тиісті лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуетті қызметтер беруші – ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге шарт жасасуға үміткер заңды (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға;
2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДБ);
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) қызметтер берушіні таңдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – осы Қағидаларға сәйкес ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
5) қызметтер беруші – ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға;
6) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі – МҚАК АД) немесе тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДБ);
7) ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау (бұдан әрі – қызметтер берушіні таңдау) – осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының қойылатын талаптарына сәйкес келетін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындауға және ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге қызмет берушілермен шарттар жасаса отырып, ТМККК орналастыруға бағытталған өзара байланысты дәйекті іс-шаралар кешенінен тұратын рәсім;
8) ТМККК орналастыру – пациенттің еркін таңдау құқығын іске асыруды есепке ала отырып, олармен кейін түзетуді келісу бойынша әлеуетті қызметтер берушіге медициналық қызметтердің көлемін айқындау;
9) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында жасалған ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;
10) келісілген көлем – әкімші бөлген бюджет қаражатының шегінде шарт бойынша қызметтер берушінің көрсетуі жоспарланған, қызметтер беруші мен тапсырыс берушінің арасында келісілген медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша медициналық қызметтердің саны;
11) емделіп шығу жағдайы – стационарлық және стационарды алмастыру жағдайларында пациентке түскен сәтінен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені.
2. Қызметтер берушіні таңдау мынадай қағидаттарды сақтай отырып жүргізіледі:
1) ТМККК қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) пациенттің дәрігер мен денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдауын іске асыру;
3) ТМККК көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша қаражатын қызметтер берушінің ұтымды жұмсауын қамтамасыз ету;
4) осы Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтер берушілерді таңдау рәсіміне қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерге тең мүмкіндіктер беру;
5) қызметтер берушіні таңдау процесінің ашықтығы мен айқындылығы;
6) әлеуетті қызметтер берушілердің арасындағы адал бәсекелестік;
7) денсаулық сақтау саласында аккредиттелген және (немесе) медициналық қызметтер көрсету нарығында бір жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті қызметтер берушілерге шарттар жасасуға басым құқық беру.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тапсырыс беруші әкімші бекіткен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметтер берушіні таңдау:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан МҚАК АД медициналық көмектің:
мынадай:
республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардың:
психикалық, инфекциялық аурулармен және туберкулезбен, алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын;
оңалту орталықтарындағы, санаторийлердегі науқастарға медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, стационарлық көмек пен стационарды алмастыратын көмек;
қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардағы амбулаториялық-емханалық көмек нысандарында көрсетілетін білікті; мамандандырылған; жоғары мамандандырылған; медициналық-әлеуметтік түрлері бойынша республикалық бюджет қаражатының есебінен;
2) республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын ТМККК көрсету жөніндегі қызметтерді қоспағанда, ДБ атынан медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебінен салынған, ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысуға алғаш рет өтінім берген жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілері осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес болған жағдайда, олар шарт жасаса отырып, ТМККК орналастыруды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкестікті растау үшін қатысуға өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) мыналардың:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтамалардың (анықтаманың электрондық нысаны нотариалдық расталмайды);
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
тапсырыс беруші көрсеткен аумақта тиісті медициналық қызметтер көрсетуге әлеуетті қызметтер берушінің құқығын растайтын медициналық қызметті орындауға лицензиялар мен оларға қосымшалар (электрондық лицензия және оған қосымша нотариалдық расталмайды) нотариат куәландырған көшірмелері;
2) мыналардың:
жеке куәлігінің немесе паспорттың (жеке тұлға үшін);
жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме);
денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;
3) әлеуетті қызметтер берушінің кепілдік міндеттемесі мен шарттың талаптарында көзделген төлемақыны алғанға дейін оны қызметтер беруші деп белгілеген күннен бастап қызметтерді көрсету үшін әлеуетті қызметтер берушінің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша екі айдан және тамақ өнімдері бойынша бір айдан кем емес мерзімге арналған материалдық ресурстары қорының болуын растайтын құжаттар;
шарт жасасу кезінде оның қолданысының бүкіл кезеңіне әлеуетті қызметтер берушінің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін (бекіткен) тиісті медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге (ережелерге) сәйкестігі туралы әлеуетті қызметтер берушінің кепілдік хаты (денсаулық сақтау саласында аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда кепілдік хат берілмейді);
мерзімі өткен кредиторлық берешегінің жоқ екенін растайтын әлеуетті қызметтер берушінің кепілдік хаты;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда, бұл мәліметтер ұсынылмайды);
соңғы үш жылда не өзге кезеңде (егер ТМККК шеңберінде әлеуетті қызметтер берушінің медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан кем болса) ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтің көлемі, түрлері мен нысандары, бейінді төсектердің саны (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін ұйымдар үшін), медициналық қызметтер көрсетуге арналған жабдықтардың болуы туралы мәліметтер;
уәкілетті орган айқындайтын жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі тәртіпке сәйкес берілген қойылатын талаптарға әлеуетті қызметтер берушінің сәйкестігі туралы оң қорытынды;
4) әлеуетті қызметтер берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) қызметтер берушіні таңдау рәсіміне және комиссия отырыстарына қатысуға өтінім беруге, қол қою құқығына сенімхат.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын әлеуетті қызметтер беруші өзінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті сияқты құжаттарды, не осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады.
6. Қызметтер берушіні таңдау рәсімі мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында және әкімшінің интернет-ресурсында жарияланатын хабарландыру беру арқылы тапсырыс берушінің қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы әлеуетті қызметтер берушілерге хабарлауы;
2) тапсырыс берушінің комиссия құрамын қалыптастыруы және бекітуі;
3) тапсырыс берушінің қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысуға өтінімдер қабылдауы (бұдан әрі – қатысуға өтінім);
4) қызметтерді әлеуетті берушіге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау үшін комиссияның қатысуға арналған өтінімдерді қарауы;
5) комиссияның ТМККК орналастыруы және шарт жасасу;
6) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында және әкімшінің интернет-ресурсында жарияланатын хабарландыру беру арқылы тапсырыс берушінің ТМККК орналастыру қорытындылары туралы әлеуетті қызметтер берушілерге хабарлауы.
7. Қызметтер берушіні таңдау рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші комиссия құрады және оның хатшысын айқындайды.
Комиссияның құрамына комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі – МФҚБК АД), МҚАК АД, ДБ қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде осы өңірдегі пациенттердің мүдделерін білдіретін өкілдерінің қатарынан комиссияның басқа мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде жеті адамнан тұрады.
Тапсырыс беруші комиссияның құрамына үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін олардың келісімі бойынша қосады.
Комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның орынбасары болып табылатын лауазымды адам айқындалады.
Комиссияның төрағасы:
1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық етеді;
2) комиссияның отырыстарына төрағалық етеді;
3) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Комиссия төрағасының орынбасарын комиссия мүшелері отырыста ашық дауыс беру арқылы сайлайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
Комиссияның хатшысы тапсырыс берушінің лауазымды тұлғаларының арасынан белгіленеді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі және қатысып отырған комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Комиссия төрағасының және/немесе қандай да бір мүшесінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес негізделген себептер бойынша ғана қатыспауына рұқсат етіледі. Бұл ретте, комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі растаушы құжатты қоса бере отырып көрсетіледі.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданды деп саналады.»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысуға өтінімді тапсырыс берушіге әлеуетті қызметтер беруші тапсырыс беруші айқындаған, бірақ тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында және әкімшінің интернет-ресурсында тапсырыс беруші қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландыру жариялағаннан кейінгі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде береді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қатысуға өтінім берудің тапсырыс беруші айқындаған соңғы мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның оларды қарау жөніндегі отырысы өткізіледі, онда комиссияның хатшысы комиссия мүшелеріне және басқа қатысушыларға қатысуға өтінімдегі құжаттарды атап шығады.
Қатысуға өтінімге ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын белгілеу қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдардан және заңды тұлғалардан әлеуетті қызметтер берушінің осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыс болмау фактісі белгіленген жағдайда, комиссияның қатысуға өтінімді қабылдамауға құқығы бар.
Әлеуетті қызметтер берушілердің банкроттық рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде олардың жалпы талаптарға сәйкес келуін нақтылау мақсатында комиссия банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
Комиссия отырысының нәтижесі бойынша төраға, ал ол болмаған жағдайда, комиссия төрағасының орынбасары ТМККК орналастыру рәсіміне жіберілген және (немесе) жіберілмеген әлеуетті қызметтер берушілердің тізбесін жария етеді.
Әлеуетті қызметтер берушілер және (немесе) олардың өкілдері комиссияның қызметіне араласпай, өтінімдерді қарау кезінде аудиожазу мен бейнетүсіруді жүргізу құқығымен қатыса алады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Комиссия қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделетін ТМККК орналастыру қорытындысы туралы шешім қабылдайды және оған қол қояды.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:
1) егер ТМККК толық көлемде орналастырылмаған болса. ТМККК-ның қалған көлемін орналастыру осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделеді;
2) егер себебін көрсете отырып, жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартуына байланысты қызметтер берушінің, ТМККК көрсетуіне арналған ақша қаражаты толығымен немесе ішінара босатылса, онымен шарт сомасын және/немесе медициналық көмек көлемін азайту немесе тиісінше шартты бұзу туралы жазбаша қосымша келісім жасалады;
3) мынадай жағдайларда:
тарифтер құнының ұлғаюына;
тапсырыс берушінің қызметтердің қосымша көлемін көрсету қажеттілігін анықтауына;
жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша тізбесін уәкілетті орган айқындаған пилоттық ұйымдарға қосымша ақша қаражатын бөлуді қоспағанда, ТМККК көрсетуге қосымша ақша қаражаты бөлінген болса, қызметтер берушіні таңдау рәсімін қосымша жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, қызметтер берушіні таңдау рәсімі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады»;
20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тапсырыс беруші ТМККК орналастыру қорытындысы шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде әлеуетті қызметтер берушілерге медициналық көмектің тиісті түрлері мен нысандары бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес қол қойылған шарттарды жібереді. Әлеуетті қызметтер берушілер тапсырыс беруші қол қойған шартты алған кезден бастап үш жұмыс күнінің ішінде оған қол қояды.»;
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Тапсырыс беруші тізбесі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша айқындалған әлеуетті қызметтер берушілермен міндеттемелер бойынша тиісті қаржы жылына арналған бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес әкімші бөлген қаражат шегінде шарттар жасасады.
Тапсырыс беруші әлеуетті қызметтер берушіге бөлінген қаражат шегінде медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша көрсету жоспарланған көлемін онымен келіседі.
Егер әлеуетті қызметтер беруші ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге алғаш рет қатысқан жағдайда, тапсырыс беруші онымен пациенттің еркін таңдау құқығының іске асыруын есепке ала отырып, кейіннен түзету құқығымен медициналық көмектің алдын ала көлемін келіседі.
23. Шарт жасасқан қызметтер беруші тапсырыс берушіге уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және мерзімде шығыстардың құрылымын ұсынады.»;
24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Шарт жасасқан қызметтер берушілердің тізімін тапсырыс беруші астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында және әкімшінің интернет-ресурсында ТМККК орналастыру қорытындылары жасалған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жариялайды.»;
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 тамыздағы
№ 786 қаулысына
1-қосымша
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемін
көрсету жөніндегі қызметтер
берушіні таңдау және оның
шығындарын өтеу қағидаларына
9-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтер көрсетуге арналған
үлгі шарт
____________________ 20__ жылғы «___» ___________
(Орналасқан жері)
Бұдан әрі «тапсырыс беруші» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(тапсырыс берушінің толық атауы)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «қызметтер беруші» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(қызметтер берушінің толық атауы)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(жарғы, ереже және т.б.)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «тараптар» деп аталатындар 1994
жылғы 27 желтоқсандағы № 269-XIII Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне сәйкес төмендегілер туралы осы Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге
арналған үлгі шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ____ жылға ______ (______) теңге сомасына __________________________ нысанында __________________________ (медициналық көмектің түрін көрсету) түрінде медициналық қызметтер көрсету жөнінде тапсырыс беруші тапсырма береді, ал қызметтер беруші өзіне міндеттеме қабылдайды.
2. Есеп айырысу тәртібі
1. Тапсырыс беруші қызметтер берушіге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен тарифтер бойынша ақы төлеуді жүзеге асырады, бұл ретте осы шарттың қолданылу кезеңінде тарифтің мөлшері, оның қолданылуы мен таралуы қайта қаралуы мүмкін.
2. Ақы төлеу орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне сәйкес 1-қосымшаға сәйкес осы шартта көзделген қаражат шегінде және денсаулық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген тәртіппен көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері ескеріле отырып, ай сайын жүргізіледі.
3. Қызметтер беруші тапсырыс берушіге уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен көрсетілген қызметтердің есеп-тізілімін ұсынады.
4. Қызметтер берушінің көрсетілген қызметтердің есеп-тізіліміне және орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісіне электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, қол қоюына рұқсат етіледі.
5. Осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес аванс беруге ұсынылған өтінімнің негізінде осы шарттың жалпы сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшерде қызметтер берушіге аванс беруге рұқсат етіледі.
Тараптардың жазбаша келісімі бойынша бұрын төленген авансты мерзімінен бұрын ұстап қалуға болады. Ұстап қалынатын аванс сомасы орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісінде көрсетіледі.
6. Қызметтерге ақы төлеу осы шарттың 2-бөлімінің 1-тармағын және медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін ескере отырып түзетіледі (азайтылады/ұлғайтылады).
7. Қызметтер беруші осы шартқа 1-қосымшада көзделген ай сайынғы соманы медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін ескере отырып арттырған жағдайда, ақы төлеу «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласы қолданыла отырып, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте қызметтер беруші тапсырыс берушіге шот-тізіліммен бірге шығындарды өтеу қажеттілігі туралы оларды арттыру себептерін көрсете отырып жазбаша негіздеме ұсынады. Қызметтер беруші тарапынан жазбаша негіздеме болмаған жағдайда, ай сайынғы өтеу осы шартқа 1-қосымшада көрсетілген сомалардың шегінде жүзеге асырылады.
Егер қызметтер беруші осы шартқа 1-қосымшада көзделген ай сайынғы соманы үш ай қатарынан арттырған болса, онда тапсырыс беруші уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесіне қызметтер беруші қызметінің нәтижесі туралы ақпарат жібереді.*
*Ескертпе: бұл тармақ республикалық бюджет қаражатының есебінен стационарлық және/немесе стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қызмет берушілерге қолданылады.
8. Ақы төленбейтін, оның ішінде ішінара төленбейтін, сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері бойынша анықталған емделіп шығу жағдайлары бойынша бюджет қаражатының сомасын ұстап қалу немесе алу осы шарттың қолданылуы мерзімі кезеңінде есепті кезеңде немесе қызметтер берушімен кейінгі есеп айырысуы кезінде жүргізіледі.
9. Осы шартқа сәйкес сапаны бақылауды жүргізуге байланысты осы шарттың қолданысы кезінде ақы төлеуге ұсынылмаған, сондай-ақ осы шарт қолданылатын жылдың 1 желтоқсанынан бастап осы шартқа сәйкес осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталатын күнге дейін шот-тізілімге енгізілмеген ТМККК шеңберіндегі медициналық көмек көрсету жағдайына ақы төлеу осы шарт қолданылатын жылдан кейінгі жылы жүргізіледі.
3. Тараптардың міндеттері
1. Қызметтер беруші:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге;
2) осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету көлеміне және мерзіміне сәйкес қызметтер көрсетуге;
3) азаматтарға ТМККК көрсету тізбесі, көлемі және шарттары туралы ақпарат беруге;
4) тапсырыс берушіге уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімде шот-тізілімді ұсынуға;
5) тапсырыс берушінің немесе Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаментінің жазбаша сұратуы бойынша сапа мен көлемді бақылауды жүргізу үшін қажетті медициналық құжаттаманы уақтылы ұсынуға;
6) тапсырыс берушінің жазбаша сұратуы бойынша осы шарттың шеңберінде үшінші тараппен жасалған барлық шарттардың және аталған шарттарды орындау жөніндегі төлем құжаттарының көшірмелерін уақтылы ұсынуға;
7) қызметі тоқтатыла тұрған, таратылған, біріктіру, қосу, бөлу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған, ұйымның атауы, сондай-ақ қызмет түрінің және/немесе қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген, төсек қоры өзгерген, оның ішінде ол қысқартылған және/немесе қайта бейіндеген, банк деректемелері өзгерген кезде өзгерістер болған кезден бастап үш күннің ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, ақпарат беруге;
8) тапсырыс берушіге уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және мерзімде шығыстардың құрылымы туралы есеп беруге;
9) ақша төлемдерінің мынадай басымдылықта жұмсалуын қамтамасыз етуге: қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және бюджетке міндетті салықтық аударымдар, жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары мен жалақыдан басқа да ұстап қалулар; дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар; тамақтану; ұйымдардың коммуналдық шығыстары және т.б.;
10) ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін персоналды уәждеу еңбегін қамтамасыз етуге;
11) есепті айдың 30-күніне дейінгі мерзімде қызметкерлерге жалақыны ай сайын төлеуді жүзеге асыруға;
12) мерзімі өткен кредиторлық, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы бойынша мерзімі 3-бөлімнің 1-тармағының 11) тармақшасында айқындалған мерзімнен 10 күннен астам өтіп берешектің туындауына жол бермеуге;
13) іссапар шығыстарына жұмсалатын шығындарды есепке ала отырып, мамандардың кемінде 20 %-ын қамти отырып, біліктілікті арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етуге;
14) лизинг шарттарында медициналық техника сатып алуға арналған қаражатты олардың нысаналы тағайындалуына сәйкес жұмсауды жүзеге асыруға (тармақ қаржы лизингі шарттарында медициналық техника сатып алуға шарт жасасқан ұйымдарға арналған);
15) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімде денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне деректерді енгізудің уақтылылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
16) міндеттемелерді орындаудың мүмкін болмауына байланысты барлық мән-жайлар мен олардың себептері, оның ішінде шарт сомасын түзетуді талап ететін жағдайлар туралы тапсырыс берушіге жазбаша түрде шұғыл түрде хабарлауға міндетті.
2. Тапсырыс беруші:
1) көрсетілген медициналық көмек үшін қызметтер берушіге ақы төлеуді уақтылы жүргізуге;
2) қызметтер берушіні осы шарттың шеңберінде оның жұмысын регламенттейтін қажетті нормативтік құжаттармен уақтылы қамтамасыз етуге;
3) денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасында ТМККК көрсету мәселелері бойынша халықты хабардар етуге бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндеттенеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
1. Қызметтер беруші:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа ТМККК ұсыну бойынша жіберілген бұзушылық жағдайлары (медициналық көрсетілетін қызметтердің тиісті көлемде және сапада көрсетілмеуі, ТМККК кіретін көрсетілетін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының азаматтарынан және оралмандардан ақы алу) жағдайлары үшін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен тапсырыс берушіден алынған қаражатты орынды пайдаланбағаны үшін;
3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне деректерді уақтылы енгізбегені және сапасыз енгізгені үшін жауапты болады.
2. Тапсырыс беруші медициналық құжаттаманың деректерін емдеу жағдайының негізсіз қымбаттауына (көрсетілмеген/көрсетілген медициналық қызметтер және дәрілік заттарды ұсынбау) және/немесе емдеу жағдайлары санының заңсыз ұлғаюына (медициналық көмек көрсетілмеген/көрсетілген) әкеп соқтырған бұрмалау фактісін анықтаған жағдайда, тапсырыс беруші уәкілетті орган айқындаған тәртіппен соманы ұстап қалады және/немесе алады.
3. Қызметтер берушінің міндеттемелерін толық немесе ішінара үшінші тарапқа беруі оны шарт бойынша жауапкершіліктен босатпайды.
4. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтер берушіге көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге ақша қаражатын уақтылы аударуға жауаптылықта болады.
5. Осы шарт талаптарының қызметтер беруші тарапынан бұзылуы төменде көрсетілген санкциялардың біріне:
1) осы шарттың 4-бөлімінің 1-тармағының 1) тармақшасының орындалмағаны үшін тапсырыс берушінің көрсетілген қызмет сомасын мөлшерлес азайтуына;
2) тапсырыс берушінің шартты бұзуына және орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелер бойынша соманы қайтаруға;
3) есепті кезеңде 3-бөлімнің 9 және 16-тармақтарын орындамағаны үшін осы шартқа 1-қосымшада көзделген ай сайынғы соманың 0,1 %-ы, бірақ осы шарттың жылдық сомасының 1 %-дан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге әкеп соғуы мүмкін.
5. Шартты өзгерту және бұзу
1. осы шарттың сомасы:
1) Осы шарттың 2-бөлімінің 1, 6 және 7-тармақтарына сәйкес;
2) тапсырыс беруші тараптардың келісімі бойынша көрсетілетін қызметтердің қосымша көлемін көрсету қажеттілігін айқындаған жағдайда, түзетуге (азайтуға/ұлғайтуға) жатады.
2. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы тараптар бірін-бірі шартты тоқтатудың болжанатын күніне дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын хабардар етуге міндетті.
3. Шарт талаптарын бұзғаны үшін міндеттемелерді орындамағаны туралы қызметтер берушіге шартты бұзудың болжанатын күніне дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын міндеттемелердің орындалмағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, тапсырыс беруші осы шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.
6. Форс-мажор
1. Қызметтер берушінің тарапынан бақылауға бағынбайтын, оның қателігіне немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және тосын сипатқа ие оқиғалар форс-мажорлық мән-жайларға жатады. Мұндай оқиғалар табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды немесе төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-әрекетті қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
2. Форс-мажорлық мән-жайларға:
1) қызметтер берушінің қасақана және абайсыз іс-әрекетінен туған оқиғалар;
2) осы шарт бойынша өз міндеттемелерін адал атқаратын қызметтер берушінің алдын ала болжауына және еңсеруіне болатын оқиғалар;
3) қызметтер берушіде ақша қаражатының болмауы немесе осы шарттың міндеттерін орындамауына және/немесе тиісінше орындамауына байланысты тапсырыс берушінің төлемақыны жүзеге асырмауы жатпайды.
3. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде қызметтер беруші бір жұмыс күнінің ішінде тапсырыс берушіге мұндай мән-жайлар және олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
Қазақстан Республикасының уәкілетті органының форс-мажордың туындағанын растайтын ресми құжаттары форс-мажордың дәлелі болады.
4. Уақтылы хабарламау қызметтер берушіні міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершіліктен босататын негіз ретінде осы шарттың 6-бөлімінің 1-тармағында көзделген мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
5. Форс-мажор тоқтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қызметтер беруші тапсырыс берушіге форс-мажордың тоқтағаны туралы жазбаша хабарлайды және осы шарт бойынша өз міндеттемелерін жүзеге асыруды қайтадан бастайды.
7. Қорытынды ережелер
1. Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қызметтер берушінің осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес түрлер мен нысандар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсету бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа толығымен не ішінара беруге құқығы жоқ.
Тапсырыс беруші қызметтер берушіден хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде келісім немесе уәжделген бас тартуды ұсынады.
2. Тапсырыс беруші қызметтер берушіге үш жұмыс күнінен кем емес мерзімде алдағы тексеру туралы хабарлай отырып, қызметтер берушінің қызметіне араласпай, кез келген уақытта көрсетілетін қызметтердің барысы мен сапасын, оның ішінде сауалнама жүргізу нысанында қызметтер берушіде пациенттің қызметтерге қанағаттануын бағалауды жүргізу арқылы, оның ішінде қызметтер көрсетілетін жерге барып және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен тексеру жүргізуге құқылы.
3. Осы шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалды, бір данасы тапсырыс берушіде, екіншісі қызметтер берушіде болады.
Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Тараптар алмасатын шартқа қатысты барлық хат алмасу мен басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
4. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жолдайтын кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын ұсына отырып хат, телеграмма, телекс немесе факс түрінде жолданады.
5. Осы шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы ___________ дейін қолданылады.
8. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелген күні:
_______________________________________________________________
Осы ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт тапсырыс берушінің ТМККК көрсету бойынша қызметті берушіні таңдау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыруы кезінде тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, ТМККК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімдеріне қатысуға арналған өтінімге және ТМККК орналастыру қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде медициналық
қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шартқа
1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық көмек нысандары бойынша ___________ жылға арналған
келісілген көлемі және шарт сомасын айға бөлу
Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама):
_____________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) нөмірі мен атауы)
Мамандандырылған медициналық көмек бойынша, оның ішінде медициналық көмек нысандары бойынша келісілген көлем: стационарлық ___________ емделіп шығу жағдайы және/немесе стационарды алмастыратын медициналық көмек _________ емделіп шығу жағдайы*.
Р/с |
Атауы |
_____ жыл |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
1 |
Мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге шарттың сомасы (теңге) |
|||||||||||||
2 |
оның ішінде: |
|||||||||||||
2.1 |
шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласын қолдана отырып, стационарлық және/немесе стационарды алмастыратын медициналық көмек** |
|||||||||||||
2.2 |
шартты орындауды бағалаудың сызықтық шкаласын қолданбай, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек*** |
* республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын қызмет берушілерге қолданылады;
** «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысының 19-тармағы қолданылатын медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың көлемін қамтиды;
*** «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысының 19-тармағы қолданылмайтын медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың көлемін қамтиды.
________________________ емделіп шығу жағдайлары бойынша стационарлық медициналық көмек нысанында жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша келісілген көлем*
Р/с |
Атауы |
____ |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
1 |
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге шарт сомасы, барлығы теңге |
|||||||||||||
2 |
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету көлемінің барлығы, емделіп шығу жағдайлары |
|||||||||||||
оның ішінде лимиттелген технологияларды көрсетуге сомасында, теңге |
||||||||||||||
емделіп шығу жағдайларының көлемінде |
* республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызмет берушілерге қолданылады.
___________ бойынша (медициналық көмектің түрін көрсету) медициналық көмектің келісілген көлемі ____________, оның ішінде ____________ медициналық көмектің нысаны бойынша (медициналық көмектің нысанын көрсету) ____________.
Р/с |
Атауы |
____ |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қыркүйек |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
1 |
Медициналық көмек көрсетуге шарт сомасы (теңге) |
|||||||||||||
2 |
оның ішінде: |
|||||||||||||
2.1 |
медициналық көмек түрін көрсету |
Тапсырыс беруші ________________/____________ М.О. |
Қызметтер беруші ________________/____________ М.О |
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде медициналық
қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шартқа
2-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт бойынша аванс беруге
20__ жылғы «___» ____________ № ___
өтінім
Тапсырыс берушіге _____________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
(қызметтер берушінің толық атауы көрсетіледі)
1. Бұдан әрі «қызметтер беруші» деп аталатын
_____________________________________________________________________
(қызметтер берушінің толық атауы көрсетіледі)
осы өтініммен 20__ жылғы «___» _________ № __________________________
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарттың жалпы сомасының
____________ (жазып көрсету) пайызы мөлшерінде (аванс сомасын цифрмен
және жазып көрсету) теңге аванс төлеуді сұрайды.
2. Қызметтер беруші осы өтініммен орындалған жұмыстар актісі
бойынша төлеуге жататын сомадан бұрын төленген авансты мынадай
кестеге сәйкес ұстап қалуға келісімін білдіреді:
Р/с |
Айлар |
Сомасы, теңге |
1. |
Айларды көрсету |
|
2. |
||
3. |
||
4. |
||
... |
3. Қызметтер беруші авансты осы өтінімде көрсетілген аванс
сомасының жоспарланған бөлінуіне сәйкес жұмсайтынын растайды.
Р/с |
Шығыстардың атауы |
Сомасы, теңге |
1. |
Бюджетке міндетті салықтық аударымдарды және төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдарды қоса алғанда, қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу |
|
2. |
Тамақ өнімдерін сатып алу |
|
3. |
Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу |
|
4. |
Коммуналдық шығыстар |
|
5. |
Өзге де шығыстар |
4. Осы өтінім 20__ жылғы «___» __________ № _____ тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық
қызметтер көрсетуге арналған шарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін
қолданылады.
_________________________________________________/__________________/
(қызметтер берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының
лауазымы, Т.А.Ә. және олардың қолдары)
М.О.
Толтырылған күні ______________________________________________