"Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 740 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
      қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:

Тоқтабаев
Тимур Серікұлы

-

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, хатшы,

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,

Бектеміров
Қуаныш Әбдіғалиұлы

-

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) енгізілсін;

      көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:

Қарабалин
Ұзақбай Сүлейменұлы

-

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төраға,

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі енгізілсін;

      көрсетілген құрамдардан: Еркен Исаханұлы Жақатаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов