Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2014 № 693 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 01.01.2016 дейін қолданылады).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына және 99-бабы 1-тармағының 14-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы:
1) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын беретін;
2) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлға болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов