2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 17 шілдедегі
№ 730 қаулысымен   
бекітілген      

2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері
(лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату
жөніндегі субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және қаржы институттары мен лизинг алушылар жасасқан қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасының бөлігін субсидиялау тәртібін айқындайды.
      2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, оператор және қаржы институттары арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Ынтымақтастық туралы келісім) жасалады.
      3. 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату бойынша субсидияларды және оператордың қызметтерін қаржыландыру 214 «Өсімдік шаруашылығы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» кіші бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) қаражатының есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

2. Терминдер және анықтамалар

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – әкімші);
      2) әкімшінің жұмыс органы – бағдарламаның әкімшісі айқындайтын құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – жұмыс органы);
      3) қаржы институттары – әкімшімен және оператормен Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан екінші деңгейлі банктер және/немесе лизингтік компаниялар;
      4) оператор – бағдарламаны іске асыру шеңберінде қызметтер көрсету үшін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамы;
      5) қаржы лизингі шарты – қаржы институты мен лизинг алушы арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы институты лизинг алушыға лизинг мәнін ұсынады;
      6) субсидиялау шарты – әкімші, қаржы институты және лизинг алушы арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингі әкімші қаржы институты мен лизинг алушы арасында жасалатын қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;
      7) субсидиялау – ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын ішінара арзандату үшін пайдаланылатын лизинг алушыларды мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
      8) сыйақы ставкасы – лизинг мәнін пайдаланғаны үшін қаржы институты мен лизинг алушы арасындағы қаржы лизингі шартымен белгіленген сыйақы мөлшері;
      9) Комиссия – әкімшінің мүдделі құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің, сондай-ақ қаржы институттары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әкімші басшысының орынбасары басқаратын консультативтік-кеңесші орган;
      10) лизинг алушы – кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг мәнін қаржы лизингі шартының талаптарымен сатып алатын лизингтік мәмілеге қатысушы (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен, жемшөп әзірлеумен және дайындаумен айналысатын дара кәсіпкерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтарды қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар);
      11) қаржы лизингі (бұдан әрі – лизинг) – лизинг беруші сатушыдан меншігіне сатып алған және лизинг шартымен шарттасқан лизинг мәнін лизинг алушыға белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін үш жылдан кем емес мерзімде пайдалануға беруге міндеттенетін инвестициялық қызметтің түрі;
      12) қызмет көрсетуші банк – қаржы лизингінің шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) уәкілеттік берген екінші деңгейлі банк;
      13) құжаттамалық мониторинг – оператордың қаржы институты ұсынған құжаттардың толықтығын, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі есебінің дұрыстығын, құжаттар пакетінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы;
      14) төлемдер мониторингі – төлем тәртібінің және қаржы институтының қаржы лизингі шарты бойынша өтеу кестесіне сәйкес арнайы шоттан ағымдағы шотқа субсидияларды аудару дұрыстығының мониторингі.

3. Субсидиялар ұсыну шарттары

      5. Мынадай:
      1) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жасалған;
      2) 213 «Қайта өңдеу өндірісін дамыту» бюджеттік бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын өтеу» кіші бағдарламасы шеңберінде субсидиялау жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қаржы институттарымен жасалған;
      3) олар қаражат көзі бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болатын қаржы лизингі шарттары субсидиялауға жатпайды.
      6. «Агробизнес - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау алған лизинг алушылар бағдарламаға қатысушылар болуы мүмкін.
      7. Субсидиялау қаржы институттарының лизинг алушылармен 2013 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес жасаған қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады.
      8. Субсидиялауға ішкі банктік лизинг, ішкі толық лизинг, ішкі таза лизинг жатады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2013 № 1064 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      9. Субсидиялау қайтарымды лизинг, сублизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
      10. Субсидиялау мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде 12 (он екі) айды құрайды.
      11. Субсидиялау жылдық номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан артық емес қаржы институттарының қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде 7 %-дан артық емесін лизинг алушы төлейді, ал 7 %-ын мемлекет өтейді.
      12. Егер қаржы институттарының қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасының мөлшері жылдық 14 %-дан төмен болған жағдайда, онда 7 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын лизинг алушы төлейді.
      13. Субсидиялар лизинг алушыларға лизинг мәнінің мынадай басымды топтары бойынша ұсынылады:
      1) «А» тобы:
      жемшөп егу, әзірлеу және дайындауға арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары:
      шөптік дақылдарды егу мүмкіндігі бар әмбебап сепкіштер;
      жемшөп жинау комбайндары;
      сүрлем жинау комбайндары;
      тырнауыштар;
      пішен орғыштар;
      пішен тайлауыштар;
      аударғыштар, ысырғыштар;
      тиегіш - пішен маялағыштар;
      шөмеле тасығыштар;
      азық үлестіргіштер;
      осіне түсетін салмағы 1,4-3,0 тонна сыныбындағы тракторлар;
      мелиоративтік жұмыстарға арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары:
      лазерлі тегістеуіштер;
      шеңберлі жылжымалы ирригациялық жүйелер;
      жаңбырлатқыш және суару машиналары;
      сорғы станциялары;
      ор қазғыштар;
      тегістегіштер;
      мелиоративтік орғыштар;
      жылыжайларға, тамшылатып суару жүйелеріне, механикалық суаруға арналған жабдықтар;
      жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып энергия шығаруға арналған қондырғылар мен отандық және шетелдік өндіріс желсорғылары;
      2) «Б» тобы:
      ауыл шаруашылығы дақылдарын (жүгері, соя, қызылша, көкөніс және бақшалық дақылдар, мақта) егуге арналған сепкіштер:
      қызылша тәрізділерді және мақтаны қопсытқыштар;
      ауыл шаруашылығы дақылдарын (мақта, күріш, астыққа арналған жүгері, картоп, көкөніс және жеміс-жидек дақылдары, пияз) жинауға арналған комбайндар;
      қызылша тиегіш-тазартқыштар;
      картоп отырғызғыштар;
      картоп қазғыштар;
      сабақ жинайтын машиналар;
      далалық әмбебап үйінді тазалағыштар;
      айналатын кетпендер;
      қопарғыш-ұсақтағыштар;
      күнбағыс жинауға арналған айлабұйымдар;
      тасымалдағыш-тиегіштер;
      осіне түсетін салмағы 3-5 тонна сыныбындағы шынжыр табанды тракторлар;
      3) «В» тобы:
      тракторлар («А» және «Б» топтарына кіретін тракторлардың түрлерінен басқа);
      аспалы жабдығы бар астық жинау комбайндары;
      егу кешендері;
      сепкіштер («А» және «Б» топтарына кіретіндерден басқа);
      дестелегіштер;
      бүріккіштер;
      минералды тыңайтқышты шашқыштар;
      трактор тіркемелері;
      топырақ өңдейтін агрегаттар;
      сыдыра жыртқыштар;
      соқалар;
      дән аршығыштар;
      тырмалар;
      трактор таптауыштары;
      трактор тіркеуіштері;
      дән лақтырғыштар, дән тиегіштер;
      тұқым улағыштар;
      астық кептіргіштер;
      астық тазалау кешендері.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2013 № 1064 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      14. Республикалық бюджеттен лизинг алушыларға ұсынылатын осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген топтар бойынша субсидиялар көлемі мынадай формуламен анықталады:
      W1 = 0,5W + 0,3W + 0,2W1в,
      мұнда:
      W1 – бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі, теңге;
      W – «А» тобының лизинг алушыларына ұсынылатын қаражат көлемі, теңге;
      W – «Б» тобының лизинг алушыларына ұсынылатын қаражат көлемі, теңге;
      W – «В» тобының лизинг алушыларына ұсынылатын қаражат көлемі, теңге.
      15. Комиссия лизинг алушыларға субсидия көлемін өтінімдердің түсу кезектілігі және оларды Комиссияның мақұлдауы тәртібімен бөледі.
      Субсидиялар көлемін топтар бойынша бөлу осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      Бұл ретте, лизинг алушылардың өтінімдері бойынша субсидиялар көлемі басым тәртіппен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникаларына бөлінеді.
      Лизинг алушылардың берілген өтінімдеріне сәйкес бір топтың ішінде субсидияларға жалпы қажеттілікті қанағаттандырған және онда бөліп берілмеген қаражат қалдығы пайда болған жағдайда, Комиссия осы қаражат қалдығын өтінімдердің келіп түсу және оларды мақұлдау кезектілігіне сәйкес басқа топтың лизинг алушыларына бөліп береді.

4. Ынтымақтастық туралы келісім жасасу тәртібі

      16. Әкімші осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында (бұдан әрі – интернет-ресурстар) қаржы институттарымен Ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу жөніндегі рәсімдердің басталуы туралы тиісті ақпараттық хабарламаны орналастырады.
      17. Ынтымақтастық туралы келісім жасасуға ниетті қаржы институттары Операторға мынадай құжаттарды:
      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны (қаржы институтын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе анықтаманы;
      2) лизингтік қызметі жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін (лизингтік компаниялардан басқа);
      3) Ынтымақтастық туралы келісім жасасу ниеті туралы қолдаухаты бар қаржы институтының ілеспе хатын (түпнұсқасы) ұсынады.
      18. Оператор қаржы институтынан осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын алғаннан кейін мыналарды:
      1) 1 (бір) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді.
      Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда оператор ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қаржы институтына пысықтау үшін қайтарады;
      2) құжаттар топтамасын қарағаннан кейін екі күндік мерзімде Ынтымақтастық туралы келісімді дайындауды және әкімшімен бірлесіп қол қоюды жүзеге асырады.
      19. Қаржы институты оператордан Ынтымақтастық туралы келісімді алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қоюды және қаржы институты қол қойған Ынтымақтастық туралы келісімді әкімшіге беруді жүзеге асырады.
      20. Ынтымақтастық туралы келісім жасасу жөніндегі рәсімдерді жүргізгеннен кейін әкімші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан қаржы институттарының тізбесін интернет-ресурста орналастырады.

5. Субсидиялар ұсыну кезінде қатысушылардың өзара іс-қимыл
тәртібі

      21. Лизинг алушы оған лизинг мәнін уақытша иеленуге және пайдалануға беру туралы өтінішпен қаржы институтына өтініш білдіреді.
      22. Қаржы институты лизинг алушыны ақындағаннан және онымен қаржы лизингі шартын жасасқаннан кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг алушының сауалнама-өтінішімен операторға өтініш білдіреді, оған мынадай құжаттар топтамасы қоса беріледі:
      1) заңды тұлғаны (лизинг алушыны) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама (лизинг алушының мөрімен және қолымен расталған көшірмесі);
      2) негізгі борышты өтеу және ол бойынша сыйақыны төлеу кестесін қоса бере отырып, қаржы институты мен лизинг алушы арасында жасалған қаржы лизингі шартының қаржы институты растаған көшірмесі;
      3) егер лизинг мәні іс жүзінде берілсе, оны лизинг алушыға беруді растайтын құжаттың қаржы институты растаған көшірмесі;
      4) лизинг алушының қаржы лизингі шарты бойынша субсидиялау шартын жасасу туралы қолдаухаты бар қаржы институтының ілеспе хаты (түпнұсқасы).
      23. Оператор қаржы институтынан осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын алғаннан кейін мыналарды:
      1) 5 (бес) жұмыс күні ішінде – ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, негізгі борышты және сыйақыны өтеу кестесін есептеудің дұрыстығын, құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді.
      Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ салықтық берешегі болған жағдайда оператор ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қаржы институтына үш жұмыс күні ішінде пысықтау үшін қайтарады;
      2) құжаттар пакетін қарағаннан кейін – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындылар ресімдеуді және тиесілі субсидиялар көлемін есептеуді;
      3) құжаттар топтамасын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде – лизинг алушының сауалнама-өтінімін, лизинг алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны және тиесілі субсидиялар көлемінің есептерін жұмыс органының атына жолдауды жүзеге асырады.
      24. Жұмыс органы оператордан құжаттар топтамасын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде: Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, оны өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы Комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.
      25. Комиссия отырыстар шеңберінде мынадай іс-шараларды:
      1) лизинг алушылардың сауалнама-өтініштерін, оператордың қорытындыларын және тиесілі субсидиялар көлемінің есептерін Комиссия мүшелерінің қарауын;
      2) талқылаудың нәтижелері бойынша – лизинг алушыны субсидиялау мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдауды жүзеге асырады, ол Комиссия отырысын өткізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.
      Бұл ретте лизинг алушының өтінімін бағдарламаға қатысудан қайтару себебі хаттамада міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
      26. Комиссия қабылдаған шешімнің нәтижелері бойынша жұмыс органы Комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін қоса бере отырып, қаржы институтына және операторға хат жолдайды.
      27. Жұмыс органынан хат алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы институты:
      1) лизинг алушымен Субсидиялау шартын дайындауды және оған қол қоюды;
      2) қаржы институты және лизинг алушы қол қойған Субсидиялау шартын әкімшіге қол қоюға беруді жүзеге асырады.

6. Комиссия құру тәртібі

      28. Субсидияларды бөліп беруді жүргізу үшін әкімші құрамында комиссия төрағасы, төраға орынбасары, мүшелері және хатшысы бар Комиссия құрады. Комиссия құрамы әкімшінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ және бес адамнан кем емес болуы тиіс.
      Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
      29. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісі мақұлдаған не бас тартқан кезде заңды болып есептеледі.
      Комиссия отырыстары жұмыс органы құжаттарды қалыптастыруына қарай он күнде бір рет кезеңділігімен өткізіледі.

7. Субсидиялау тетігі

      30. Қаржы институты жұмыс органынан Комиссия хаттамасының көшірмесін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім кезінде қаржы институты, лизинг алушы мен әкімші арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес лизинг алушы Субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін қаржы институтына төлеуді жүзеге асырады, ал әкімші Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін қаржы институтына төлейді.
      31. Субсидиялау шарты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады:
      1) қаржы институты мен лизинг алушы – жұмыс органынан хаттама көшірмесімен бірге хатты алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      2) әкімші – қаржы институтынан Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      32. Субсидиялау шартын жасасқан және Субсидиялау шарты бойынша өтеу кестесіне сәйкес төлем мерзімі басталғаннан кейін қаржы институтының арнайы шотына субсидиялар сомасы аударылған жағдайда ағымдағы тоқсанға субсидиялар сомасын аудару лизинг мәнін қабылдау-беру актісінің күнінен бастап кезеңдегі субсидияларды ескере отырып жүргізіледі.
      33. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін қаржы институты және әкімші Субсидиялау шарты бойынша өтеу кестесіне сәйкес және лизинг алушы есептелген сыйақының қалған бөлігін іс жүзінде төлегеннен кейін айқындайды.
      34. Әкімші жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін қаржы институты арнайы шотқа қызмет көрсету шартының көшірмесін әкімшіге және операторға ұсына отырып, арнайы шот (не заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін – қызмет көрсететін банкте арнайы шот) ашады.
      35. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды әкімші қаржы институтының қызмет көрсететін банкіндегі арнайы шотына (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) не қаржы институтының арнайы шотына (екінші деңгейлі банктер) Субсидиялау шартына төлем кестесінің негізінде аванстық төлеммен тоқсан сайын тоқсандық кезеңге субсидияланатын төлемдер сомасының жиынтығын көздейтін мөлшерде жүзеге асырады.
      Әкімші республикалық бюджеттен қаржы институтының есеп шотына қаражат аударуға оператор ұсынған өтінімді және Субсидиялау шартында белгіленген нысандар бойынша есепті 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексереді және оларды қарағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредит (лизинг) бойынша пайыздық сыйақы ставкасын субсидиялау үшін ведомость пен субсидиялар төлеу үшін төлем шоттарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қалыптастырады.
      36. Лизинг алушы қаржы институтына сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді Субсидиялау шартына сәйкес оған қол қойылған сәттен бастап төлем кестесіне сәйкес жүргізеді.
      37. Лизинг алушы сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүргізу фактісі бойынша қаржы институты сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін арнайы шоттан сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өзінің ағымдағы шотына есепке алуды жүзеге асырады.
      38. Лизинг алушы лизинг бойынша төлемді уақтылы төлемеген жағдайда қаржы институты сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін арнайы шоттан қаражатты есепке алуды лизинг алушы берешегін өтегенге дейін жүргізбейді және ол туралы әкімшіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде (әкімші субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.
      39. Қаржы лизингі шарты бойынша төлем күні болған және сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу үшін қаржы институтының арнайы шотында қаражат болмаған жағдайда лизинг алушы толық сыйақы ставкасын төлеуді меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырады, оның субсидияланатын бөлігін әкімші қаржы институтының арнайы шотына қаражат аудару жолымен одан әрі өтейді. Бұдан кейін қаржы институты сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеуді тиісті кезеңге субсидияларды лизинг алушының есеп шотына аудару жолымен жүргізеді.
      40. Қаржы институты тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 15 (он бес) күніне дейін қызмет көрсетуші банк куәландырылған (заңды тұлғаның банктік шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) арнайы шоттан үзінді-көшірменің қосымшасымен бірге лизинг алушыларды субсидиялау туралы есепті және лизинг алушылардан сыйақы сомасын алу туралы есепті операторға береді.
      41. Оператор қаржы институтынан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін, осы Қағидалардың шарттарына лизинг алушыға төленген субсидия қаражатының көлеміне және мерзімінің сәйкестігіне талдау жүргізеді.
      42. Егер қаржы институты қаржы лизингінің қолданыстағы шартының талаптарын (лизинг мәнінің құны, сыйақы ставкасы, сыйақыны төлеу мерзімі, негізгі борышты және/немесе сыйақы төлеу бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну) өзгерткен жағдайда, ол қаржыландыру шарттарының өзгеруі бойынша қабылданған шешімнің, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңарған кестесінің көшірмелері бар құжаттар топтамасымен операторға үш күндік мерзімде хат жібереді. Оператор осы құжаттар топтамасын қабылдап алады, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңарған кестесіндей есептеудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және Комиссия шешім қабылдау үшін жұмыс органына құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібереді.
      43. Әкімші жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде бюджеттік Бағдарлама шеңберінде субсидия алған лизинг алушылар туралы, лизингтің түрлерін, банктерді және субсидияланатын техниканың түрлері бойынша олардың сыйақы ставкаларын және әкімші және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітілетін тәртіппен субсидиялардың тиісті сомасын көрсетуді ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жолдайды.

8. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру
тәртібі

      44. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді Комиссия қабылдайды.
      45. Әкімші лизинг алушыны субсидиялауды мынадай фактілер анықталған кезде тоқтата тұрады:
      1) дәлелденген мәліметтер болғанда лизинг алушының шоттарына тыйым салынуы және/немесе сот талқылауларының өтуі, сондай-ақ салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі болған жағдайда;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан (борышкерден) лизинг мәнін қайта талап ету;
      3) лизинг алушының қаржы институты алдында қаржы лизингінің шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам міндеттемелерін орындамауы.
      46. Субсидияларды төлеуді тоқтата тұрған жағдайда, жұмыс органы әкімші осындай шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институты мен лизинг алушыны субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
      47. Жұмыс органы қаржы институты мен лизинг алушыға лизинг алушыны субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты жолдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия отырысын өткізудің күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы Комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.
      48. Комиссия өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
      1) жұмыс органы ұсынған ақпаратпен бірге күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
      2) субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте, қабылданған шешімде субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату, қалпына келтіру себебі көрсетіледі.
      49. Комиссия отырысының хаттамасы Комиссия отырысы өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Жұмыс органы Комиссияның хаттамасын ресімдегеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін қаржы институтына және лизинг алушыға жібереді.
      50. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша:
      1) лизинг алушыны субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешімді келіскен жағдайда:
      жұмыс органы қаржы институты мен лизинг алушыны субсидия төлеудің қалпына келтірілгені туралы хабардар етеді;
      әкімші субсидиялау тоқтатыла тұрған күннен бастап ол төлемеген кезең үшін субсидиялар төлеуді жүргізеді;
      2) лизинг алушыны субсидиялауды тоқтату туралы шешімді келіскен жағдайда, жұмыс органы қаржы институты мен лизинг алушыға лизинг алушыны субсидиялауды тоқтату туралы хабарлама жібереді, онда тоқтату күні мен себебі көрсетіледі.
      51. Субсидиялар төлеу мынадай:
      1) лизинг алушы қаржы институты алдында қаржы лизингінің шарты бойынша лизингті толығымен өтеген. Лизинг алушының қаржы институты алдында қаржы лизингінің шарты бойынша міндеттемелерді толық орындаған күні Субсидиялауды тоқтату күні болып саналады;
      2) Комиссия шешімінің негізінде субсидиялау тоқтатылған;
      3) субсидиялауды тоқтату туралы лизинг алушының бастамасы бойынша;
      4) Субсидиялау шартын жасауға негіз болған нормативтік құқықтық акті күшін жойған, не көрсетілген актіге Субсидиялау шарты бойынша субсидиялау жөніндегі міндеттемелерді орындаудың мүмкін болмауына әкеліп соқтыратын өзгерістер енгізілген;
      5) қаржы институты қаржы лизингінің шарты бойынша қаржыландыру шарттарын өзгерткен жағдайларда тоқтатылады.
      52. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда, қаржы институты қаржы лизингінің қолданыстағы шарты бойынша лизинг алушыға жаңа субсидиялау шарты жасалғанға дейін бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы ставкасын, комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа төлемдерді және басқа шарттарды) белгілеуге құқылы.
      53. Лизинг алушы лизинг бойынша негізгі борышты ішінара немесе мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда, қаржы институты 6 (алты) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген жағдай басталған күнінен бастап операторды жазбаша түрде хабардар етеді.
      Қаржы лизингінің шарты бойынша негізгі борышты лизинг алушы мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда, қаржы институты қаржы лизингінің шартына қосымша келісім жасалған кезде, төлемдерді өтеудің өзгертілген кестесімен субсидиялаудың шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін операторға жібереді.
      Оператор аталған құжаттардың топтамасын қабылдап алады, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңарған кестесіндегі есептеудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды Комиссия шешім қабылдауы үшін жұмыс органына жібереді.

9. Бағдарламаның мониторингі

      54. Бағдарламаны іске асыру мониторингін қолданыстағы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасының нормаларына сәйкес әкімші жүзеге асырады.
      Оператор:
      1) Бағдарламаны құжаттамалық мониторингілеу;
      2) қаржы институты ұсынатын субсидиялау туралы есепті мониторингілеу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
      55. Оператордың мониторинг жүргізу тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ есептілік нысандары Ынтымақтастық туралы үлгілік келісімге сәйкес белгіленеді.
      56. Оператор төлемдер мониторингі бойынша есепті жұмыс органына есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін тоқсан сайынғы негізде ұсынады.

2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы
техникасының кредиттері (лизингі)
бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын
арзандату жөніндегі субсидиялау 
қағидаларына          
1-қосымша           

Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын
субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгілік келісім

_____ ж.

20__ ж. «___» __________

      Бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатын, бұдан әрі «Әкімші» деп аталатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан ________________________ негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын __________________________________ атынан ___________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Оператор» деп аталатын ______________________ екінші тараптан осы Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді жасасты және төмендегілер туралы келісті.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының (бұдан әрі – бағдарлама) шеңберінде жасалды.
      2. Осы Келісімді жасауға негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы ____ ___________ № ____ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) болып табылады.
      3. Осы Келісімде Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұғымдар қолданылады.

2. Келісім мәні

      4. Әкімші бағдарламаны іске асыру мақсатында Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес лизинг алушылардың сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін қаржы институтына төлеуді жүзеге асырады.
      5. Осы Келісімге сәйкес оператор лизинг алушылар құжаттарының топтамаларын қаржы институттарынан қабылдауды, құжаттамалық мониторингті, осы Қағидаларда белгіленген талаптарына лизинг алушылардың сәйкестігі және сәйкессіздігі туралы қорытындылар беруді, төлемдер мониторингін жүзеге асырады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      6. Әкімші:
      1) әкімшіге өтініш жасаған лизинг алушыларға бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультациялар беруге;
      2) осы Келісімде белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
      3) осы Келісімді іске асыру, соның ішінде қаржы институтының міндеттемелерін орындау бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;
      4) осы Келісімнің іске асырылуын қаржы институты орналасқан жерде олардың жедел қызметіне араласуынсыз тексеруді жүзеге асыруға;
      5) өзінің ресми веб-сайтында бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты орналастыруға;
      6) лизинг алушының Қаржы лизингі шарты бойынша қаржы институты алдындағы төлем кестесіне сәйкес төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындау барысы туралы құжаттар мен ақпаратты қаржы институтынан сұратуға;
      7) осы Келісімде және Субсидиялау шартында көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
      7. Әкімші:
      1) қаржы институтының қызмет көрсететін банкінде (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) ашылған арнайы шотына не қаржы институтының (екінші деңгейлі банктер) есеп шотына субсидиялар сомасын аударуға;
      2) Комиссияға осы Келісімде көзделген ақпаратты ұсынуға;
      3) осы Келісімде белгіленген мерзімдерде Комиссияны шақыруға және Комиссияның шешімдерін осы Келісімде белгіленген талаптарға сәйкес ресімдеуді қамтамасыз етуге;
      4) Комиссия отырысының хаттамасын қаржы институтына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге;
      5) Бағдарламаны іске асыру мониторинг жүзеге асыруға міндеттенеді.
      8. Қаржы институты:
      1) өзінің қалауы бойынша және өзінің тәуекелімен лизинг алушылардың қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
      2) әкімшіден осы Келісімнің және Субсидиялау шартының шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
      3) әкімшіні лизинг алушыны ағымдағы тоқсанда субсидиялау үшін қаражаттың жетіспеушілігі туралы хабардар етуге құқылы.
      9. Қаржы институты:
      1) қаржы институтына өтініш білдірген лизинг алушыларға бағдарлама шарттары және қатысу тәртібі туралы білікті консультациялар беруге;
      2) әкімші ұсынатын қаражатты Субсидиялау шартына сәйкес Қаржы лизингі шартының субсидиялау мақсаттарына ғана пайдалануға;
      3) операторға есептелген сыйақы мен жүргізілген төлем туралы ақпарат ұсынуға;
      4) лизинг алушы Қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес қаржы институты алдында лизингтік төлемдерді күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзіммен қатарынан 3 (үш) және одан көп рет орындамаған жағдайда бұл туралы әкімшіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етуге. Бұл жағдайда әкімшіге көрсетілген мән-жайлардың басталғаны туралы белгілі болған сәттен бастап субсидиялау тоқтатыла тұрады;
      5) осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге міндетті.
      Осы тармақтың қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрменсіздер санатына көшкен лизингті қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында қаржы институтының үшінші тұлғаларға Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушыларға талап ету құқықтарын беру жағдайларына таратылмайды;
      6) әкімшінің бірінші талабы бойынша әкімшінің талап етуін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қаржы лизингі шарты мен осы Келісімді іске асыру, сондай-ақ ол бойынша әкімші тарапынан субсидиялау жүзеге асырылатын лизингтің мониторингі бойынша негізделген қажетті, оның ішінде банктік/коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты беруге;
      7) Қаржы лизингі шартында субсидиялау туралы мәселені қарау кезеңінде, сол сияқты субсидиялау туралы шешім қабылдағаннан кейін де лизинг алушының банктік/коммерциялық құпияны осы Келісімнің Тараптарына жария етуіне келісімін бекітуге;
      8) қаржы институтының заңды мекенжайы, пошталық және банктік деректемелері, сондай-ақ іс жүзіндегі мекенжайы өзгерген кезде әкімшіге осындай өзгерістер туралы күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабардар етуге. Хабарламаған және/немесе уақтылы хабарламаған жағдайдағы ықтимал салдарлар үшін қаржы институты жауаптылықта болады;
      9) қаржы институтының қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар, сондай-ақ қаржы институты акцияларының 10 %-дан астамына қатысты меншік құқығын біржолғы сату немесе оның өзгеше біржолғы ауысуы және/немесе иелік ету және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы 3 (үш) жұмыс күнінен жазбаша түрде кешіктірмей хабарлауға;
      10) бағдарлама шеңберінде лизинг алушымен қаржы лизингі шартын жасасқан кезде бюджет қаражатының көздерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдаланбауға;
      11) Арнайы шотты ашу және жүргізу шартында шоттардан белгіленген мерзімдерде субсидиялауға бағытталған қандайда бір сомаларды алу туралы құжаттамамен расталатын ақпаратты ұсынуға қатысты міндеттерді қызмет көрсететін банкке жүктеуді бекітіп беруге міндетті.
      10. Оператор:
      1) іске асырылатын бағдарламаның жарнамалық науқанын жүргізуге;
      2) құжаттардың толық емес топтамасын не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қаржы институтына пысықтауға қайтаруға;
      3) қаржы институттары мен лизинг алушылардың құжаттамалық мониторингін және төлемдер мониторингін жүргізуге құқылы.
      11. Оператор:
      1) лизинг алушылардың тізімдерін, олар бойынша қортындыларды және әкімшіге тиесілі субсидиялар көлемінің есептерін уақтылы жолдауға;
      2) қаржы институттары мен лизинг алушылардың құжаттамалық мониторингінің және төлемдер мониторингінің нәтижелерін әкімшіге уақтылы ұсынуға міндеттенеді.

4. Есептілік ұсыну тәртібі

      12. Қаржы институты тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың 15-ші (он бесінші) күніне дейін операторға осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг алушылардың қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде есептеу және өтеу туралы есепті соңгы тоқсандағы есеппен бір уақытта субсидиялау туралы есепті, осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг алушылар бөлінісінде Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде өтеудің жиынтық есебін жолдайды.
      Оператор тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдын 20-шы (жиырмасыншы) күніне дейін әкімшіге осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есепті жолдайды.

5. Мониторинг

      13. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оператор мынадай функцияларды:
      1) қаржы институты ұсынатын деректер негізінде лизинг алушының лизингінің төлем тәртібінің мониторингін;
      2) лизинг алушы жобасының Қағидалардың шарттарына сәйкестігі мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
      14. Қаржы институты әкімшінің жазбаша талабы бойынша мониторинг мақсатында қаржы институты (лауазымды тұлғаның қолымен және қаржы институтының мөрімен) растаған әкімші сұрататын шарттардың, төлем тапсырыстарының және өзге де құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
      15. Субсидияланатын Қаржы лизингі шартын мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда қаржы институты әкімшіге Қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтелгені туралы ақпаратты мерзімінен бұрын толық өтеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      16. Осы Келісімдегі Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      17. Қаржы институты осы Келісім шеңберінде ақпаратты/есептілікті бермегені үшін, ақпаратты/есептілікті толық, шынайы және уақтылы бермегені үшін әкімшінің/оператордың алдында жауаптылықты болады.

7. Хабарламалар

      18. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, оператор және қаржы институты (бұдан әрі - Тараптар) осы Келісім шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда беріледі деп келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу олар Тараптың уәкілетті өкіліне қолма қол табыс етілген, қатысушы Тараптың осы Келісімде көрсетілген қатысушы Тараптың мекенжайына пошта немесе курьерлік байланыс бойынша, факсимильді және телексті байланыс арқылы жеткізілген жағдайлардың кез келгенінде тиісінше табыс етілді немесе жіберілді деп қаралатын болады.
      19. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу:
      1) алынған күні қойылған тиісті белгісімен - қолма-қол (курьермен) жөнелтілген;
      2) жөнелтілгеннен кейінгі үшінші күні (пошта кәсіпорны жөнелту кезінде берген құжат күнінен) - тапсырысты хатпен, жеделхатпен жөнелтілген;
      3) жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы факсимильді аппарат растауының болуы шартымен жөнелту күнінде - факсимильді және телексті байланыс арқылы жөнелтілген жағдайда алынған болып есептеледі. Бұл ретте Тараптар мұндай хабарламаны, хабарды, хат немесе сұрау салуды 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қолма-қол (курьермен) немесе тапсырысты хатпен жөнелтуге міндеттенеді.
      20. Көзделген есептілік қаржы институтының кейіннен әкімшіге/операторға құжаттардың түпнұсқаларын бере отырып, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық пошта растауының болуы шартымен электрондық пошта арқылы қол қойылған материалдарды жөнелту жолымен берілуі мүмкін.

8. Құпиялылық

      21. Тараптар осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ осы Келісімнің жасалуы мен орындалуы барысында өздері алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылатындығына келіседі және, осы Келісім мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
      22. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзгеше жария етуі осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.
      23. Тараптар осы Келісімнің болуы мен шарттарының кұпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.
      24. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты таратқан не жариялаған жағдайда осындай ақпаратты тарату салдарынан екінші Тарап тартуы мүмкін шығынды өтей отырып, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

9. Еңсерілмес күш мән-жайлары

      25. Еңсерілмес күш мән-жайлары - Тараптардың кез келгенінің осы Келісім бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын (мыналарды қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер, мемлекеттік органдардың ресми актілері) мән-жайлар. Бұл ретте, еңсерілмес күш мән-жайларының сипаты, болу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
      26. Егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмес күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Келісім бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      27. Еңсерілмес күш мән-жайлары басталған кезде осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмауы туындаған Тарап мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды олар басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақтылы хабардар етуі тиіс.
      28. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап хабарламаудан немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген залалды басқа Тарапқа өтеуге міндетті.
      29. Еңсерілмес күш мән-жайларының басталуы олардың болу кезеңіне осы Келісімнің орындалу мерзімінің ұлғаюын туындатады.
      30. Егер мұндай мән-жайлар 2 (екі) айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

10. Дауларды шешу

      31. Осы Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
      32. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

11. Келісімнің шарттарын өзгерту

      33. Осы Келісімнің ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптар үшін осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана нақты және міндетті болып танылады.

12. Қорытынды ережелер

      34. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Келісім бойынша және осы Келісімді орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты пайда болған құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.
      35. Осы Келісім осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен бірге осы Келісімнің мәніне байланысты Тараптардың өзара толық түсіністіктерін білдіреді және олардың арасында Келісімнің мәніне қатысты алдыңғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтардың барлығын алмастырады.
      36. Осы Келісімде қамтылған баптардың атаулары мен басқа да тақырыптар қолайлылық үшін пайдаланылған және осы Келісімнің қандай да бір шектеулерін, қандай да бір ережелерінің сипаттамаларын немесе түсіндірмелерін қамтымайды, сондай-ақ осы Келісім баптарының орналасу тәртібі де біреуінің басқаларға қатысты басымдығын куәландырмайды.
      37. Осы Келісім барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Осы Келісім Тараптарының кез келгені осы Келісімге қатысушы барлық Тараптарды күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар ету шартымен осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Қаржы институтының осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуы лизинг алушыны субсидиялауды тоқтатуға әкеліп соқпайды. Осы Келісімге (жаңа) қаржы институтын қосу әкімшімен қосымша келісім жасасу жолымен мүмкін болады.
      38. Осы Келісімде көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

13. Тараптардың деректемелері мен қолдары

      Әкімші:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Қаржы институты:
      _________________

      Оператор:
      _________________     

Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау жөніндегі   
ынтымақтастық туралы үлгілік келісімге
1-қосымша              

Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушының 20__ ж. ___
тоқсанына сыйақы ставкаларын іс жүзінде аударуы және өтеуі
туралы есеп және 20__ ж ____ тоқсанына арналған
өтінім

Р/с

Лизинг алушының атауы

Барлық көзделген субсидиялар, теңге

Есепті кезеңде барлық аударылған субсидиялар, теңге

Іс жүзінде аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу (+,-) (+) артық төлем, (-) жетіспеушілік

Лизинг алушыға* іс жүзінде аударылған сыйақы, теңге

Лизинг алушының сыйақыға төлегені*, теңге

Оператордың 20__ ж., __ тоқсанына арналған өтінімі, теңге

Жалпы сомасы

Лизинг алушының өтейтіні

Бюджеттен субсидиялау**

Барлығы

соның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

4-баған-6-баған

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

%

сома

%

сома

%

сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18




















Жиыны:

















      *- Министрлік субсидиясының сомасын есепке алмағанда
      **- 8-баған бойынша ауытқулардың сомасын есепке алғанда

      _____________________                       ___________________
      МО                                                  қолы

Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау жөніндегі   
ынтымақтастық туралы үлгілік келісімге
2-қосымша              

20__ жылғы ___________ жағдай бойынша лизинг алушының қаржы
лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде өтеуінің
жиынтық есебі

Р/с

Лизинг алушының атауы

Шарт бойынша сыйақы сомасы, теңге

Аударылған сыйақы, теңге

Іс жүзінде аударылған сыйақы, теңге

Сыйақы сомасының шарттан ауытқуы, теңге

Сыйақы сомасының аударылған сомадан ауытқуы, теңге

Барлығы

Субсидияланатыны

Лизинг алушының төлейтіні

Барлығы

Субсидияланатыны

Лизинг алушының төлейтіні

Барлығы

Субсидияланатыны

Лизинг алушының төлейтіні

Барлығы

Субсидияланатыны

Лизинг алушының төлейтіні

Барлығы

Субсидияланатыны

Лизинг алушының төлейтіні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17



















Жалпы:
















      Қаржы институтынан _____________________    ___________________
      МО                                                  қолы

2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы   
техникаларының кредиттері (лизингі)   
бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын  
арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларына
2-қосымша                  

      Қайда ______________________________
      Кімнен _____________________________ (бұдан әрі – лизинг алушы)

№ __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      1. Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларына сәйкес 204 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасының 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату» кіші бағдарламасы аясында бағдарламаға қатысатын лизинг алушыларды субсидиялау жөніндегі комиссияның қарауына төмендегіге сәйкес қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені шығаруыңызды өтінемін:

1. Қатысушы туралы мәліметтер

Лизинг алушының атауы


Меншік нысаны


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (анықтама) (БСН), куәлікті (анықтаманы) берген орган (нөмірі, күні және берілген жері)


Қызмет түрлері


Бірінші жетекшінің Т.А.Ә.


Жеке куәлігінің нөмірі, сериясы


Тұрғылықты мекенжайы (нақты)


Тіркелу


Жұмыс тәжірибесі


2. Банк шоттары туралы ақпарат

      2. Банк деректемелері (барлық қызмет көрсетуші банктердегі ағымдағы және жинақ шоттары көрсетілсін):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3. Тарих

      3. Лизинг алушының жұмыс процесінде пайдаланылған барлық лизингтік мәмілелер, осы уақытқа дейін өтелгендері де, сол сияқты өтелмегендері де көрсетіледі.

Лизинг беруші

Сомасы, теңге

Берген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі қарызды өтеу шарттары

Қаржы лизингі шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеген күні

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.







4. Қолданыстағы Қаржы лизингі шарты (бұдан әрі – ҚЛШ) туралы
ақпарат

      4. Валюта күні мен бағамы: ____/____.

Қаржы институты

ҚЛШ деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Лизинг валютасы

1

2

3

4

5

1





2





Лизинг сомасы

Көрсетілген күнге негізгі қарыз бойынша борыш қалдығы

Лизинг мерзімінің аяқталу күні

Лизинг мақсаты мен түрі (қысқаша сипаттама)

Ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші

6

7

8

9

10











5. Кепілдіктер мен келісімдер

      6. Лизинг алушы бюджеттік бағдарлама әкімшісіне мыналарды мәлімдейді және кепілдік береді:
      1) әкімшіге берілген (ұсынылған) немесе осы өтінішпен бірге не әкімшінің сұратуы бойынша ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттар төменде көрсетілген күнге шынайы және толығымен шындыққа сәйкес келеді. Көрсетілген деректер өзгерген жағдайда дереу әкімшіге хабарлауға міндеттенемін;
      2) осы өтінішті қарау аясында талап етілген кез келген ақпарат пен банктік және коммерциялық құпиясы бар құжаттарды әкімшінің бірінші талап етуі бойынша ұсынуға және ашуға міндеттенеді;
      3) әкімші көрсетілген растаулар мен кепілдердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес;
      4) лизинг алушыға жалған, толық емес және/немесе сенімді емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді;
      5) лизинг алушы лизинг алушының жарғылық құзыреті осы өтінішті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға беруге мүмкіндік беретінін растайды;
      6) көрсетілген деректер мен ақпараттың сенімді еместігі анықталған жағдайда көрсетілген деректердің сенімді еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде осы өтініштің кері қайтарылуы мүмкіндігімен келіседі, бұл ретте әкімші кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы;
      7) лизинг алушы қаржы лизингі шарты «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жасалмағанын растайды;
      8) лизинг алушы қаржы лизингі шарты 213 «Қайта өңдеу өндірісін дамыту» бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға несиелер (лизингтер) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу» кіші бағдарламасы аясында субсидиялау жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі бағдарлама аясында жасалмағанын растайды.
      7. Лизинг алушы осымен әкімшіге мыналарға келісім береді:
      1) әкімші тексеру және қарау мақсатында осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және лизинг алушы ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы;
      2) осы өтініште келтірілген барлық мәліметтер, сондай-ақ әкімші талап еткен барлық құжаттар тек бағдарлама аясында субсидиялау үшін ғана ұсынылды.
      8. Әкімші өзіне лизинг алушының өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын қалдырады, ал лизинг алушы ұсынған құжаттар мен өтініш түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да әкімшіде сақталатын болады.
      9. Әкімшінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ лизинг алушының болуы мүмкін шығындары (субсидия алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) әкімшінің субсидияны ұсыну немесе лизинг алушының шығындарын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
      10. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, алдағы уақытта әкімшіге және операторға наразылығым болмайды.
_____________________________________________________________________

6. Қосымшалар

      (Қағидаларда көзделген құжаттар)
____________________________________________________________ (Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
      (қолы)       Күні

2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы      
техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық
сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау
қағидаларына                   
3-қосымша                     

Оператордың қорытындысы

      1. Қаржы институтының 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының
104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша
сыйақы ставкаларын арзандату» кіші бағдарламасына сәйкес ұсынылған
құжаттар топтамасына.
      2. 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ауыл
шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы
ставкаларын арзандату» кіші бағдарламасының операторы ұсынылған
құжаттар топтамасын, оның ішінде негізгі борыш пен сыйақыны өтеу
кестесін есептеудің дұрыстығын, көрсетілген бюджет бағдарламасы
бойынша ұсынылған құжаттар топтамасының 2013 жылға арналған ауыл
шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы
ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі
– Қағидалар) белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауды жүргізді.
_____________________________________________________________________
     (шаруашылық жүргізуші субъектісінің – лизинг алушының атауы)
      3. Қарауға мынадай құжаттар ұсынылды:
      1) Қаржы лизингінің шарты: ____________________________________
                      (Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі)
      2) Ынтымақтастық туралы үшжақты келісім: ______________________
                      (Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі)
      3) Қағидалардың 22-тармағына сәйкес/сәйкес құжаттар топтамасы:
_____________________________________________________________________
      4. Қарауға мынадай құжаттар ұсынылмады:
_____________________________________________________________________
      5. Оператор тапсырылған құжаттардың Қағидалардың 22-тармағының
талаптарына сәйкестігін зерделеп, мынадай қорытынды енгізеді:
      1) Қағидалардың 23-тармағының талаптарына сәйкес оператор
құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі жанындағы комиссияның Қағидалардың талаптарына
сәйкестігін не сәйкессіздігін қарауына жібереді.
_____________________________________________________________________

      Оператор __________                             _______________
                                                        (қолы, күні)
      МО

2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы
техникасының кредиттері (лизингі)
бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын
арзандату жөніндегі субсидиялау 
қағидаларына          
4-қосымша           

________________________ бойынша
Комиссия отырысының
№ ______ хаттамасы

Өткізілген орны


Өткізілген күні


Комиссия төрағасы


Қатысқан Комиссия мүшелері


Қатыспаған Комиссия мүшелері


Шақырылғандар


Комиссия хатшысы


      1. Күн тәртібі

Мәселелер атауы

1


2



      2. Комиссия қарады

1-мәселенің атауы

1




      3. Комиссия шешті
      1) Лизинг алушылардың төмендегі тізіміне субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:

Атауы


Лизинг алушы

Жоба

Қаржы институты

1

2

3

4





Қаржы лизингі шарты

Лизинг сомасы, мың теңге

Лизинг мерзімі, жыл

Жобаның атауы
(сипаты)

Күні

5

6

7

8

9






Сыйақының номиналдық ставкасы, %

Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігі, %

Сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігі, %

Субсидиялау мерзімі, ай

Ескертпе

10

11

12

13

14






      2) Субсидиялау шарттарын жасасу үшін Қаржы институтына және операторға лизинг алушылардың мақұлданған тізімі жіберілсін;
      3) Мынадай себептер бойынша бас тартылсын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Комиссия мүшелерінің қолдары

Комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

«Иә»

«Қарсы»

Түсіндірмелер

1

Комиссия төрағасы




2

Комиссия төрағасының орынбасары




3

Комиссия мүшесі




4

Комиссия мүшесі




5

Комиссия мүшесі




      5. Комиссия қарады

2-мәселенің атауы



      6. Комиссия шешті
      1.
      2.
      3.
      … Комиссия мүшелерінің қолдары

Комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

«Қолдау»

«Қарсы»

Түсініктемелер

1

Комиссия төрағасы




2

Комиссия төрағасының орынбасары




3

Комиссия мүшесі




4

Комиссия мүшесі




5

Комиссия мүшесі




      Комиссия хатшысы _____________ Т.А.Ә.         _________________
                                                          (қолы)

      7. Егер комиссия мүшесі «Қарсы» дауыс берсе, «Түсіндірмелер» деген бағанда қабылданған шешімнің себебі көрсетілуі тиіс.

2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы
техникаларының кредиттері (лизингі)
бойынша сыйақының пайыздық    
ставкаларын арзандату жөніндегі 
субсидиялау қағидаларына     
5-қосымша            

Субсидиялау шарты

___________________ қ.

20__ ж. «___» _____________

      Бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатын, бұдан әрі «Әкімші» деп аталатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан ________________________ негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын ___________________________ атынан ___________________ негізінде әрекет ететін _______________, екінші тараптан, бұдан әрі «Лизинг алушы» деп аталатын _____________________________ атынан ___________________ негізінде әрекет ететін_______________, осы төмендегілер туралы осы Субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шартты жасау үшін негіздер мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 201_ жылғы ______________ № __ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
      2) _______________________________________ арасында жасалған қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы 201_ жылғы ________________ № __ келісім (бұдан әрі – Ынтымақтастық туралы келісім);
      3) 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» кіші бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) шеңберінде қатысатын Лизинг алушыларды субсидиялау жөніндегі комиссия отырысының 201_ жылғы _____________ № __ хаттамасы.

2. Терминдер мен анықтамалар

      2. Осы Шартта Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген терминдер мен анықтамалар пайдаланылады.

3. Шарттың мәні

      3. Осы Шарттың талаптары бойынша әкімші Шартта айқындалған талаптарда 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» кіші бағдарламасы бойынша бөлінген ақша сомалары шегінде лизинг алушы мен қаржы институты (қаржы институтының атауы) арасында жасалған Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушыға сыйақы ставкасының бір бөлігін мынадай шарттарда субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді:

Қаржы лизингі шарты

_____ ж. ________________ № _____

Лизинг алушының осы Шарт жасалған күнге Қаржы лизингі шарты бойынша берешегі


Сыйақы ставкасы


Лизинг мерзімі


      4. Субсидиялау осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес лизингі төлемдерін өтеу кестесінің негізінде Қағидаларға сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      5. Осы Шарттың қолданылу сәтінде қаржы институты Қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтуға құқығы жоқ.
      6. Қаржы институты осы Шарт жасалғаннан кейін әкімшіге/операторға мынадай құжаттарды:
      1) өтеу кестесін қоса бере отырып, лизинг алушымен жасалған Қаржы лизингі шартын (қаржы институтының лауазымды тұлғасының қолымен және мөрімен расталған көшірме);
      2) қаржы институтының лизинг мәнін бергені туралы анықтамасы не лизинг алушының лизинг мәнін алу фактісін растайтын құжатты ұсынады.

4. Субсидияларды беру шарттары

      7. Лизинг бойынша сыйақының 7 (жеті) % мөлшеріндегі бөлігі субсидиялауға жатады, бұл ретте 7 (жеті) %-дан артық емес мөлшердегі сыйақы ставкасының бір бөлігін лизинг алушы төлейді, ал сыйақы ставкасының 7 (жеті) % мөлшеріндегі қалған бөлігін әкімші осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес субсидиялар мөлшеріне азайтылған және субсидиялауға арналған шарт талаптарында әкімші субсидиялар аударатын Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушының пайыздық ставкаларының негізгі борышын өтеу кестесіне сәйкес төлейді.
      8. Қаржы институты есепке жазған және мерзімі өткен несие берешегі бойынша лизинг алушы төлемеген сыйақы субсидиялауға жатпайды.
      9. Субсидиялау мерзімін есептеу ______________ ж. басталады.
      10. Барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі.
      11. Лизингті уақтылы және толық қайтару және оның субсидияланбайтын сыйақы ставкасының бір бөлігін өтеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін лизинг алушы қаржы институты алдындағы барлық жауапкершілікті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қаржы лизингі шартына сәйкес мойнына алады.
      Бұл ретте мұндай жауапкершілік қандай да бір жағдай болмасын әкімшіге жүктелуі мүмкін емес.

5. Шарт бойынша субсидиялау тәртібі

      12. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Әкімші тоқсан сайын осы Шартқа лизингілік төлемдерді төлеу кестесін ескере отырып, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей аванстық төлеммен қаржы институтының қызмет көрсетуші банктегі арнайы шотына (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) не қаржы институтының (екінші деңгейдегі банктер) есептік шотына жүзеге асырады.
      13. Аударылатын субсидиялар сомасы осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес рәсімделетін нысан бойынша өтінімге байланысты айқындалады.
      14. Субсидиялау мерзімі лизинг алушы мен қаржы институты арасында лизинг мәнін қабылдап алу-беру актісіне қол қойылған сәттен басталады.
      15. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін қаржы лизингі бойынша берешекті өтеу кестесіне және лизинг алушының есептелген сыйақының қалған бөлігін нақты төлеуіне сәйкес қаржы институты, әкімші және лизинг алушы айқындайды.
      16. Лизинг алушы қаржы лизингі шартының өтеу кестесіне сәйкес субсидияланбайтын сыйақы ставкасы бөлігінде қаржы институтына сыйақы төлеуді жүргізеді.
      17. Лизинг алушының өтеу кестесіне сәйкес Сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін толық көлемде төлеуін жүзеге асыру фактісі бойынша қаржы институты сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін арнайы шоттан (заңды тұлғалардың банктік есеп шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) не қаржы институтының арнайы шотына (екінші деңгейлі банктер) өзінің ағымдағы шотына сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін аударуды жүзеге асырады.
      18. Лизинг алушы Қаржы лизингі шарты бойынша, соның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақытысында өтемеген жағдайда қаржы институты сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу үшін арнайы шоттан (заңды тұлғалардың банктік есеп шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) не қаржы институтының арнайы шотына (екінші деңгейлі банктер) ақша аударуды лизинг алушының берешегін өтегенге дейін жүргізбейді және бұл туралы әкімшіні/операторды 2 (екі) жұмыс күні ішінде (әкімші субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.
      19. Қаржы лизингі шарты бойынша төлем күні басталған және сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу үшін арнайы шотта (заңды тұлғалардың банктік есеп шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) не қаржы институтының арнайы шотында (екінші деңгейлі банктер) қаражат болмаған жағдайда лизинг алушы толық сыйақы ставкасын төлеуді өзінің қаражаты есебінен жүзеге асырады, оның субсидияланатын бөлігін Әкімші одан әрі арнайы шотқа (заңды тұлғалардың банктік есеп шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) не қаржы институтының арнайы шотына (екінші деңгейлі банктер) қаражат аудару жолымен өтейді.
      20. Тараптар осы Шарттың шеңберінде төлем күні жұмыс емес немесе мереке күніне түскен жағдайда төлем одан кейінгі жұмыс күні жүргізілетіне келісті.

6. Мониторинг

      21. Осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде әкімші/оператор мынадай функцияларды:
      1) қаржы институттары мен лизинг алушылардың құжаттамалық мониторингін жүргізуді;
      2) қаржы институты ұсынатын деректер негізінде лизинг алушының субсидияланатын Қаржы лизингі шартын төлем тәртібінің мониторингін жүзеге асыруға құқылы.

7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      22. Әкімші:
      1) оған өтініш білдірген лизинг алушыларға Бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультациялар беруді жүзеге асыруға;
      2) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
      3) осы Шартты, соның ішінде қаржы институтының міндеттемелерін орындау бөлігінде іске асыру мониторингін жүргізуге;
      4) өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты орналастыруға;
      5) лизинг алушының Қаржы лизингі шарты бойынша қаржы институты алдындағы төлем кестесіне сәйкес төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерін орындау барысы туралы құжаттар мен ақпаратты қаржы институтынан тоқсан сайын сұратуға;
      6) осы Шартта көзделген жағдайларда Субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
      23. Әкімші:
      1) Субсидиялар сомаларын қаржы институтының Қызмет көрсететін банктегі арнайы шотына (заңды тұлғалардың банктік есеп шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) немесе қаржы институтының есеп шотына (екінші деңгейлі банктер) аударуға;
      2) осы Шартта көзделген мониторингті жүргізуге;
      3) Комиссияға осы Шартта көзделген ақпаратты ұсынуға міндеттенеді.
      24. Қаржы институты:
      1) өзінің қалауы және өз тәуекелі бойынша лизинг алушыларды кредиттеу мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
      2) Әкімшіден осы Шарттың шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
      3) Әкімшіні лизинг алушыларды ағымдағы тоқсанда субсидиялау үшін қаражаттың жетіспеушілігі туралы хабардар етуге құқылы.
      25. Қаржы институты:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін әкімшіге/операторға сыйақы ставкасын нақты есептеу және өтеу туралы есепті Ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген нысанға сәйкес беруге;
      2) соңғы тоқсанға сыйақы ставкасын нақты есептеу және өтеу туралы есеппен бір уақытта әкімшіге/операторға лизинг алушылар бөлігінде сыйақы ставкасын нақты өтеу туралы жиынтық есепті Ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген нысанға сәйкес беруге;
      3) осы Шартта көзделген мерзімдерде және нысан бойынша мониторингтік есептер ұсынуға;
      4) лизинг алушы лизингтік төлемдерді енгізу бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзіммен орындамаған жағдайда бұл туралы әкімшіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етуге. Бұл жағдайда Субсидиялау әкімшіге/операторға көрсетілген мән-жайлардың туындағаны туралы белгілі болған сәттен бастап тоқтатыла тұрады;
      5) әкімшіні/операторды осы Шарттың талаптарын орындауға әсер ете алатын барлық мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуге;
      6) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг мәнінің құнын және/немесе номиналдық сыйақы ставкасын өзгертпеуге міндетті.
      26. Лизинг алушы:
      1) Қаржы лизингі шарты бойынша өзінің міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
      2) әкімшінің/оператордың сұрау салуы бойынша Қаржы лизингі шартын және осы Шартты орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
      3) әкімшіні/операторды Қаржы лизингі шарты бойынша қаржы институты алдында лизинг мәнінің құнын мерзімінен бұрын толық/ішінара өтеу фактісі туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге;
      4) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың талаптары және оны іске асыру туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге және жарияламауға міндетті.
      27. Лизинг алушы:
      әкімшіден сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігінде қаржы институтына субсидиялар төлеуді талап етуге құқылы.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      28. Осы Шарт 20__ ж. ________ бастап күшіне енеді және лизинг алушы Қаржы лизингі шарты негізінде қаржы институты алдында өзіне қабылдаған міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
      29. Осы Шартты Тараптар осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда біржақты тәртіппен бұза алады.

9. Жауапкершілік

      30. Тараптар осы Шарт бойынша осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісті түрде орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

10. Форс-мажор

      31. Егер орындаудың мүмкін еместігі форс-мажорлық мән-жайлар салдары болса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      32. Форс-мажорлық мән-жайлар басталған кезде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігі пайда болған Тарап, олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай мән-жайлар туралы басқа Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте форс-мажорлық мән-жайлардың сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
      33. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап екінші Тарапқа хабарламаудан немесе уақытысында хабарламаудан келтірілген шығынның орнын толтыруға міндетті.
      34. Форс-мажорлық мән-жайлардың туындауы осы Шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғаюын туындатады.
      35. Егер мұндай жағдайлар қатарынан үш айдан артық жалғасатын болса, Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

11. Дауларды шешу

      36. Осы Шартты орындауға байланысты туындаған кез келген дау жағдайында Тараптардың кез келгені барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеуге күш салады.
      37. Егер туындаған дауды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

12. Хат-хабар алмасу

      38. Осы Шартқа сәйкес оларды қарау үшін ерекше тәртіп көзделетін хат-хабарды қоспағанда, осы Шарт шеңберінде Тараптардың бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабары жазбаша түрде ұсынылады және Тараптар табыстау туралы белгісі бар хат-хабарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.
      39. Хат-хабар тиісті түрде ресімделген (хат-хабар бланкте ұсынылған немесе мөрмен бекітілген, басшы қол қойған және тіркеу нөмірі, күні болған кезде тиісті түрде ресімделген болып саналады), жеке өзіне тапсырылған, пошта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайына курьерлік байланыспен жеткізілген кезде тиісті түрде берілген немесе жіберілген болып саналады.
      40. Осы Шарттың қолданылу барысында Тараптардың жауапты адамдары ақпараттық сипаты бар хат-хабарды факсимильдік байланыс және/немесе электрондық почта арқылы басқа Тарапқа жөнелтуді жүзеге асыра алады.
      41. Бұл ретте жөнелтуші Тарап басқа Тарапқа хат-хабардың жөнелтілгенін растауға міндетті. Қабылдаушы тараптың қабылдау туралы белгісі бар бүкіл хат-хабардың мәтінін қоса беру арқылы факспен жөнелтілген кезде не жөнелтудің сәтті аяқталғаны туралы факсимильдік аппараттың үзінді көшірмесі болған кезде растама тиісті түрде жүзеге асырылды деп саналады.

13. Құпиялылық

      42. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ өздері осы Шартты жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға ашуға жатпайды деп келіседі.
      43. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруіне, жариялауына немесе өзге де жария етуіне болады.
      44. Тараптар осы Шарттың болуы мен шарттарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
      45. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан басқа Тараптың шеккен ықтимал зиянын өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
      46. Лизинг алушы осы Шартқа қол қоя отырып, әкімшіге лизинг алушы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға, сондай-ақ осы Шарттың шеңберінде лизинг алушы алынған кез келген мәліметтерді (оның ішінде банктік құпияны) лизинг алушының алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуге келісім береді.

14. Мәлімдемелер, кепілдіктер және келісімдер

      47. Лизинг алушы әкімшіге мынаны мәлімдейді және мыналарға кепілдік береді:
      1) Лизинг алушы осы Шартта көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктер шынайы және шындыққа сәйкес келетінін растайды;
      2) әкімші көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.
      48. Лизинг алушы мыналарды:
      1) Лизинг алушыға өзінің бизнесіне, қаржылық жағдайына, активтеріне және өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне келеңсіз әсер етуі мүмкін қандай да бір мән-жайлар туралы белгісіз екендігін мәлімдейді және оған кепілдік береді;
      2) сондай-ақ лизинг алушы лизинг алушының жарғылық құзыреті осы Шартқа қол қоятын адамның осы Шартты жасасуына мүмкіндік беретінін растайды.
      49. Лизинг алушы осы Шартты жасасу сәтінде осы Шартты бұзуға, оны жарамсыз деп тануға себеп болуы мүмкін негіздердің жоқтығын растайды.
      50. Лизинг алушы барлық ақпарат, сондай-ақ әкімшіге берген (ұсынған) немесе беретін барлық құжаттама нақты екендігін және шындыққа сәйкес келетінін растайды. Әкімші берілген немесе берілетін құжаттаманың дұрыстығы мен нақтылығын тексеруге міндетті емес. Лизинг алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауаптылық туралы ескертілді.
      51. Лизинг алушы осы Шартта қамтылған барлық талаптар, ол жасайтын іс-әрекеттердің құқықтық мәні белгілі және түсінікті екенін мәлімдейді.

15. Қорытынды ережелер

      52. Осы Шартқа қол қоя отырып Лизинг алушы әкімшіге мыналарға:
      1) Әкімшінің мүдделі үшінші тұлғаларға субсидиялау жүзеге асырылатын Қаржы лизингі шарты жөніндегі осы Шарттың шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны беруге;
      2) әкімшінің бұқаралық ақпарат құралдарында лизинг алушының атауын, лизинг алушының жобасы іске асырылатын өңірдің атауын, лизинг мәнінің атауы мен сипатын, сондай-ақ саланы жария етуіне келісім береді.
      53. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісуі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.
      54. Осы Шарт заңдық күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден екі данада жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
      55. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

16. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және
қолдары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қаржы институты

Лизинг алушы










Субсидиялау шартына
1-қосымша    

Лизингтік төлемдерді өтеу кестесі

      1. Бастапқы деректер

Атауы

% саны

Ескертпе









      2. Лизингтік төлемдерді өтеу әдісі: ____ (қаржы институттарында бекітілген өтеу шарттарына байланысты көрсетіледі)
      3. Өтеу кестесі, теңгемен

Төлем №

Негізгі борышты және лизинг бойынша сыйақыны өтеу күні

Лизинг бойынша негізгі борышты өтеу сомасы, теңге

Лизинг бойынша сыйақыны өтеу сомасы, теңге

Өтеу сомасы барлығы, теңге

Негізгі борыштың келесі өтеу күніне қалдығы, теңге

Әкімші

Лизинг алушы














































































Жиыны:





Х

      Лизинг мәнінің жалпы құнының бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеген кезде, осымен лизинг алушы өзіне сомаларды нақтылау және міндеттемелерді өтеу кестесін алдағы өзгерту үшін төлем күні лизинг берушіге жүгіну міндеттемесін алады.

Әкімші

Қаржы институты

Лизинг алушы

____________________
Т.А.Ә.

МО

________________________
Т.А.Ә.

МО

________________________
Т.А.Ә.

МО

Субсидиялау шартына
2-қосымша    

Субсидиялар мөлшеріне азайтылған және 2013 жылғы _________ № __
субсидиялауға арналған шарт талаптарында әкімші субсидиялар
аударатын Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушының пайыздық
ставкаларының негізгі борышын өтеу
кестесі

Р/с

Лизинг алушының атауы

Қаржы лизингі шартының нөмірі, жасалған күні

Қаржы лизингі шарты бойынша мәліметтер

Лизинг сомасы, теңге

Лизинг бойынша негізгі борышын қайтару мерзімі

Субсидия мөлшеріне азайтылған сыйақы ставкасын өтеу мерзімі

Сыйақы ставкасы, %

Сыйақы сомасы, теңге

Лизинг алушыға қаржы институты берген лизинг бойынша негізгі борышты төлеу

Лизинг алушының субсидия мөлшеріне азайтылған есептелген сыйақы сомасын төлеуі

Әкімшінің субсидиялар сомасын аударуы

Жалпы

Лизинг алушының қарыз алушыға төлейтіні

Субсидияланатын

Жалпы

Лизинг алушының қарыз алушыға төлейтіні

Субсидияланатын

1-тоқсан - ____ теңге

2-тоқсан - ____ теңге

3-4-тоқсан

1-тоқсан - ____ теңге

2-тоқсан - ____ теңге

және одан әрі

1-тоқсан - ____ теңге

2-тоқсан - ____ теңге

және одан әрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21























Жиыны:




















      ҚР АШМ вице-министрі ___________ Қаржы институтынан ___________
                             (Т.А.Ә.)                      (Т.А.Ә.)

      М.О.

Субсидиялау шартына
3-қосымша    

Қаржы институтының лизинг алушыларға беретін лизингі бойынша
сыйақы ставкаcын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен
субсидиялар аударуға
ӨТІНІМ

      Күні 2013 ж. ___ ______________

      Осымен ______________________________ қаржы институты Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 2013 жылғы _____________
___________ № ____ Субсидиялауға арналған шартқа сәйкес республикалық
бюджеттен 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламаның 104 «Ауыл
шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы
ставкаларын арзандату» кіші бағдарламасы бойынша әрекет ететін № ____
банктік шотқа _____________ кезең үшін _________________ теңге сомада
субсидиялар аударуды сұрайды.

      Қаржы институтынан                   ___________________ Т.А.Ә.

      М.О.                                 ___________________
                                                 (қолы)

2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы
техникасының кредиттері (лизингі)
бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын
арзандату жөніндегі субсидиялау 
қағидаларына          
6-қосымша           

20__ жылғы _________________ № __ субсидиялауға арналған шартқа
сәйкес 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі)
бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» кіші
бағдарламасы бойынша лизинг бойынша пайыздық сыйақы ставкаcын
субсидиялауға арналған
ведомость

Қаржы институтының атауы

Лизингтің шарттары

ҚР АШМ субсидияларының іс жүзінде аударылған сомалары, теңге

Барлық қалдық, теңге

лизинг сомасы, теңге

сыйақы ставкасын өтеудің жылдық сомасы, теңге

ҚР АШМ субсидиялайтын жылдық сома, теңге

1

2

3

4

5

6













      кестенің жалғасы

Қаржы институтының 20__ ж. _________ тоқсанына арналған өтінімі, теңге

Субсидиялау, теңге

жалпы сома

лизинг алушының өтеуі

бюджеттен субсидиялау

өткен жылдардағы есепке жазу

қаржы институтының өтінімін ескере отырып, есепке жазу жиыны

Аударуға жатады

сома

сома

7

8

9

10

11

12







      Құрылымдық бөлімшенің басшысы __________________ (қолы, Т.А.Ә.)