Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 580 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 580 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 296-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесінде:
      5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тізілім – тіркелуі туралы қажетті мәліметтерді қамтитын индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізетін химиялық өнімнің тізбесі;»;
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган өтініш түскен күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және химиялық өнімді тіркеу немесе тіркеуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Химиялық өнім туралы мәліметтерді тізілімге енгізу химиялық өнімді тіркеудің және есепке алудың қорытынды кезеңі болып табылады және химиялық өнімді тіркеу немесе дәлелді бас тарту туралы куәлік беріле отырып сүйемелденеді.».
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      реттік нөмірі 243-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

243

Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу

Жеке және заңды тұлғалар

ИЖТМ

ИЖТМ
Өнеркәсіп комитеті

ИЖТМ
Өнеркәсіп комитеті

Электрондық, қағаз түрінде (куәлік)

                                                                   ».

       3. «Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 992-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметінің стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 580 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1130 қаулысымен  
бекітілген      

«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб–порталы www.e.gov.kz немесе «Е лицензиялау» www.elicense.kz веб–порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 15-2-тармақтарына, «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) уәкілетті органның: www.comprom.kz интернет-ресурсында;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mint.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздерінде, уәкілетті органның ғимаратында орналасқан стенділерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда;
      4) порталда орналастырылады.
      5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі химиялық өнімді тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) қағаз тасығышта беру не уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      Алушы уәкілетті органға куәлікті қағаз тасығыштағы алу үшін жүгінген жағдайда, куәлік электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және уәкілетті органның басшысы қол қояды.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – бес жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
      3) алушы жүгінген күні қызмет көрсетудің рұқсат етiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі:
      1) уәкілетті органда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз;
      2) порталда – тәулік бойы кезек тәртібінде көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігі үшін жағдайлар көзделген өтініш берушінің таңдауы бойынша уәкілетті органның ғимаратында.
      Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы дабылдар және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.
      Ғимарат дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін арналған пандус арқылы кіру және құжаттардың үлгілері бар ақпараттық стендтермен жабдықталған.
      2) порталда – алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы мынадай құжаттарды тапсырады:
      1. Уәкілетті органда:
      1) тіркеу үшін:
      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;
      жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжат;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
      химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;
      2) химиялық өнімді қайта тіркеу үшін:
      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді қайта тіркеуге арналған өтініш;
      жеке тұлғалар үшін жеке басты куәландыратын құжат;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
      химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;
      химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік.
      Уәкілетті орган мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында, ал химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік және қауіпсіздік паспортын мәліметтер нысанынан алады.
      2. Порталда:
      1) тіркеу үшін:
      заңды тұлғаны мемлекеттік осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес деректері бар алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжат;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
      химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты;
      2) қайта тіркеу және жаңа куәлікті алу үшін:
      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес деректері бар алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжат;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
      химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты;
      химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы, уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында, ал химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік және химиялық қауіпсіздігі өнімнің паспортын мәліметтер нысанынан алады.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат және оны алу алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері http://www.comprom.kz интернет-ресурсында және уәкілетті органның үй-жайында орналасқан арнайы ақпараттық стенділерде орналасады.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанында сұрау толтырылады.
      13. Құжаттарды қабылдау 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 бөлме мекенжайы бойынша уәкілетті органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      Веб-порталға жүгінген кезде электронды сұрауды жіберу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау автоматты түрде таңдалған қызметке сәйкес мемлекеттік органға – адресатқа жіберіледі.
      14. Уәкілетті органның кеңсесі арқылы құжаттарды қабылдаған кезде алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат мыналарды көрсете отырып беріледі:
      1) өтінішті қабылдаған күні және нөмірі;
      2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      Портал арқылы өтініш жасаған кезде порталдағы «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет нәтижелерін алушы алған күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жібереді.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі алушыға:
      1) уәкілетті органда – сенімхат бойынша алушының немесе өкілдің жеке келуі арқылы қолма-қол;
      2) порталда – алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына химиялық өнімнің сәйкессіздігі;
      2) химиялық өнім қауіпсіздігінің паспортында толық емес ақпаратты ұсыну;
      3) химиялық өнім қауіпсіздігінің паспортында химиялық өнім туралы дұрыс емес мәліметтерді беру;
      4) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес негіздемелердің болуы:
      сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеулер болғанда және сұрау салу жіберген тұлғаның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткізу құқығы болмаса;
      сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және кімнің иелігінде екені оған белгісіз болса;
      сұрау салу мәнін нақтылау кезінде сұрау салушы тұлғаның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтінім жасағанын анықтау мүмкін болмаса;
      электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлға сұрау салуды орындау шығыстарын төлемесе, егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе;
      сұрау салу «Ақпараттандыру туралы» Заңның 36-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе:
      ақпаратты сұратқан тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;
      заңды тұлға атынан сұрау салумен жүгінген кезде - заңды тұлғаның толық атауы, сауалмен жүгінген тұлғаның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;
      сұрау салу жүгінген адамның байланыс деректері (почталық мекенжайы немесе электрондық почта мекенжайы не телефонның немесе телефакстің нөмірі), олар арқылы ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе оны иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстарды беруі немесе  ақпаратты сұратқан тұлғамен байланысуы мүмкін;
      сұратылған электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, құжаттың атауы мен мазмұны немесе оған белгілі құжаттың деректемелері.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты алушы электрондық құжат нысанында «жеке кабинетінде» алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитет қызметі өтініш берушіге қатысты мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) алушылармен жұмыс жасау кезіндегі сыпайылық;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы;
      6) алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялылық.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Алушыға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету уәкілетті органның кеңсесінде мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 бөлме, қабылдау телефоны: 8 (7172) 29-90-73 (электрондық поштаның мекенжайы: kpmint1711@comprom.kz) жүзеге асырылады.
      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Министрлікке беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2602 бөлме, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-22-09, 29-90-05 (электрондық поштаның мекенжайы: kpmint1711@comprom.kz).
      22. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде дұрыс қызмет көрсетілмеуіне шағымдану:
      1) уәкілетті органға мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 бөлме, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 29-90-73 (электрондық пошта мекенжайы: kpmint1711@comprom.kz);
      2) порталда саll-орталығының телефон нөмірі (1414) бойынша өтініш беру арқылы жіберіледі.
      23. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, алушы заңнамамен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Құзыретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға шағым жазылуы тиіс.
      Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға алушы қол қоюы тиіс. Шағымды беру кезінде субъектінің немесе әрекетіне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі, аты-жөні, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады.
      Алушыға өтініштің (шағымның) қабылданған күні және уақыты, қабылданған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымның қаралу нәтижесі туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Электрондық шағымды портал арқылы «жеке кабинеттен» жібергеннен кейін алушыға шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда өтінішті өңдеу кезінде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау, қарау туралы белгі болады және бас тарту туралы жауап).
      26. Мемлекеттік қызметті алушының қосымша ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсынан www.comprom.kz алуына болады.

«Химиялық өнімдерді     
тіркеу және есепке алу»   
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша         

_________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)        
_________________________________________________
(мемлекеттік қызмет алушының толық атауы)   
Мекенжайы _________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Алушының деректемелері ______________________________________________
(ЗТ/ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, № БСН, ЖСН)

Химиялық өнімді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті алу үшін
ӨТІНІШ

      «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 2 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысымен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесіне сәйкес химиялық өнімді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік беруді сұраймыз.

      Басшы __________________         ______________________________
                  (қолы)                 (тегі, аты, әкесінің аты)

«Химиялық өнімдерді     
тіркеу және есепке алу»   
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша         

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Алдыңғы жылдағы мақсаттық көрсеткіш мәні

Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметтерді көрсету жағдайлары % (үлесі)

100



2. Сапа

2.1. қызметті көрсету үдерісі қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)

100



3. Қолжетімділігі

3.1. Қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратпен және сапасымен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)

100



3.2. электронды түрдегі қолжетімді ақпарат қызметі % (үлесі)

100



4. Шағымдану үдерісі

4.1. Осы шағымданудың қолда бар тәртібіне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)

100



5. Сыпайылық

5.1. Қызмет көрсетуші қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100