Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 маусымдағы № 563 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 31) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 1 маусымдағы
№ 563 қаулысымен   
бекітілген      

Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке
алу және жоспарлау туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар персоналының жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлауды ұйымдастырудың негізін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жұмыс орындарын ұтымды ету – бар жұмыс орындарын жетілдіруге және оларды пайдалануды, олардың техникалық және ұйымдық деңгейін, еңбек жағдайы мен қауіпсіздік техникасын жақсартуға, артық жұмыс орындарын таратуға және тиімділігі аз жұмыс орындарының орнына жаңа жоғары өнімді жұмыс орындарын ашуға бағытталған ұйымдық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
      2) жұмыс орындарын жоспарлау – жұмыс орындарының еңбек ресурстары мен еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың оңтайлы санын және құрылымын есептеу;
      3) жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындау кезінде тұрақты немесе уақытша болатын кеңістікті аймақ;
      4) жұмыс орындарын есепке алу – жұмыс орындарының санын айқындау және олардың осы Ережеде қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылатын жіктелуі;
      5) жұмыс орындарын аттестаттау – жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау;
      6) жылжымалы жұмыс орны – еңбек аймағының белгіленген шекарасы жоқ, оларға мұқтаждық кәсіпорынның әртүрлі орындарында туындайтын жұмыстарды орындауға арналған жұмыс орны;
      7) жеке жұмыс орны – нақты бір қызметкерге оның жеке жұмыс аймағы ретінде бекітілген жұмыс орны;
      8) жұмыс аймағы – өз жабдықтары мен құрал-саймандары бар кеңістікті оқшауландырылған жұмыс аймағы;
      9) стационарлық жұмыс орны – еңбек аймағының белгіленген шекарасы бар, жұмыстарды кәсіпорынның нақты тағайындалған орнында орындауға арналған жұмыс орны;
      10) ұжымдық жұмыс орны – бірнеше қызметкердің әрқайсысына жеке жұмыс аймағы бекітілмеген жұмыспен айналысатын жұмыс орны.
      3. Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлаудың мақсаттары:
      1) персоналдың қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мен қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендету;
      2) негізгі өндірістік қорлар мен еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану есебінен электр және жылу энергиясын өндіру мен таратудың тиімділігін арттыру болып табылады.
      4. Жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау бойынша жұмыстарды жүргізу ұйымдар қызметкерлерінің және ұйымдағы қызмет ететін кәсіптік одақтардың өкілдерін міндетті түрде жұмылдыру арқылы жүзеге асырылады.

2. Энергетикадағы жұмыс орындарын есепке алу және аттестаттау

      5. Есепке алудың толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс орындарының мынадай негізгі жіктеу белгілері пайдаланылады:
      1) қызметкерлер кәсіптерінің (лауазымдарының) атауы бойынша;
      2) қызметкерлердің саны бойынша - жеке, ұжымдық;
      3) жылжымалық деңгейі бойынша - стационарлық, жылжымалы;
      4) қызметкерлердің санаты бойынша – жұмысшылардың, қызметшілердің жұмыс орындары;
      5) пайдалану уақыты бойынша.
      6. Есепке алуға барлық қолданыстағы және пайдаланылмайтын, есепке алуды жүргізу күніне жұмыс күшімен қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ оқу жұмыс орындарын қоса алғанда, барлық қызметкерлер санатының барлық жұмыс орындары жатады.
      7. Ұжымдық жұмыс орны есепке алу кезінде қолданыстағы еңбек және басқа да нормалар мен нормативтер негізінде жекеге жатқызылады, ал аттестаттау жүргізу кезінде бір жұмыс орны ретінде қаралады.
      8. Әр жұмыс орны оның бір немесе бірнеше ауысымда пайдаланылуына қарамастан, бір жұмыс орны ретінде есепке алынады.
      9. Тұрақты пайдаланылмайтын жұмыс орындары үшін олардың есепке алу күніне жұмыс істеуіне/істемеуіне қарамастан, олардың орташа жылдық ұзақтығы көрсетіледі.
      10. Жұмыс орындарын есепке алу ведомость бойынша жүзеге асырылады (осы Ережеге 1-қосымша).
      11. Жұмыс орындары осы Ережеге 2-қосымшада келтірілген ұсынымдар ескеріле отырып айқындалады.
      12. Жұмыс орындарын есепке алу жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу мерзімділігіне сәйкес мерзімділікпен жүзеге асырылады.
      13. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарды техникалық жарақтандыру, технологиялық процестерді жақсарту және өзге де ұйымдық-техникалық іс-шараларды өткізу кезінде көрсетілген өзгерістермен көтерілген жұмыс орындарының құрамы, олардың шекаралары, сондай-ақ жұмыс орындарының жалпы саны жұмыс орындарын есепке алу ведомосына тиісті өзгерістер енгізу жолымен қайта қаралуы тиіс.
      14. Жұмыс орындарын аттестаттау осы Ережеде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

3. Энергетикадағы жұмыс орындарын ұтымды ету және жоспарлау

      15. Жұмыс орындарын ұтымды ету және жоспарлау жұмыс орындарын есепке алу мен аттестаттау нәтижелері, қызметкерлердің ұсыныстары мен энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың озық тәжірибелері негізінде жүзеге асырылады.
      16. Жұмыс орындарын ұтымды етудің негізгі міндеттері:
      1) жұмыс орындарының техникалық деңгейін жетілдіру;
      2) жұмыс орындарының ұйымдық деңгейін жетілдіру;
      3) жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жетілдіру;
      4) артық және тиімділігі аз жұмыс орындарын тарату болып табылады.
      17. Жұмыс орындарын жоспарлаудың негізгі міндеттері:
      1) жұмыс орындары санын дәйекті оңтайландыру;
      2) әр жұмыс орнының барынша жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету;
      3) жұмыс орындары мен қызметкерлердің теңгерімділігіне қол жеткізу және кейіннен оны қолдау болып табылады.
      18. Пайдалануға жаңадан енгізілген кәсіпорындар мен өндірістерде жұмыс орындарының саны жұмыс орындарының нормативтік (жобалық) жинақталуын есепке алу арқылы айқындалады. Жұмыс орындарының саны кәсіпорынның жобасында, ал жобаны әзірлеу сатысында оның техникалық-экономикалық негіздемесінде немесе басқа да жобалық материалдарда көрсетіледі.
      19. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жұмыс орындарын аттестаттау аяқталған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей жұмыс орындарын ұтымды ету жоспарын әзірлейді.
      20. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жұмыс орындарын жоспарлауды тұрақты негізде жүзеге асырады және тарифтік сметаларды жасау кезіндегі жоспарлау нәтижелерін ескереді.

Энергетикадағы жұмыс орындарын   
аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу
және жоспарлау туралы ережеге   
1-қосымша             

Жұмыс орындарын есепке алу ведомосы

Р/с №

Жұмыс орны

Қызметкерлер туралы деректер

Жұмыс орнын пайдаланудың орташа жылдық ұзақтығы, %

Атауы

Коды

Реттік нөмірі

Жеке жұмыс орнының саны

Кәсібі

Санаты

Дәрежесі, жіктеу тобы

Саны, ад.
Жоспар нақты

Ауысым бойынша саны, адам

I

II

III

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      Ведомосты әзірлеген ___________________________________________
                                   (лауазымы, Т.А.Ә., күні)

      Келісілді _____________________________________________________
                             (лауазымы, Т.А.Ә., күні)

      Жұмыс орындарын есепке алу ведомосын толтыруға түсініктеме.
      1. 2-бағанда жеке жұмыс орнын қызметкердің кәсібі бойынша жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес атау. Ұжымдық (бригадалық) жұмыс орнын бригада орындайтын функциялар бойынша атау.
      2. 3-бағанда код қолданыстағы сыныптауыштарға сәйкес қойылады.
      3. 4-бағанда кәсіпорынның әр бөлімшесі бойынша өсу қорытындысымен реттік нөмір көрсетіледі. Мысалы, КТЦ - № 1-20, РЭС - № 1-30.
      4. 5-бағанда жеке жұмыс орындарының саны тікелей есеппен көрсетіледі. Ұжымдық (бригадалық) жұмыс орнына кіретін жеке жұмыс орындарының саны бір ауысым қызметкерлерінің саны бойынша көрсетіледі.
      5. 6-бағанда кәсіптің (лауазымның) атауы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.
      6. 7-бағанда қызметкерлердің санаты былайша көрсетіледі: жұмысшылар - 1, инженерлік-техникалық қызметкерлер - 2, қызметшілер – 3.
      7. 8-бағанда осы жұмыс орнына қызмет көрсететін жұмысшылар кәсібінің тарифтік разряды немесе біліктілік тобы көрсетіледі.
      8. 9-бағанда жұмыс орнындағы қызметкерлердің жоспарлы және нақты саны көрсетіледі.
      9. 10 - 12 – бағандарда ауысым бойынша жұмысқа келетін қызметкерлер саны көрсетіледі. Бір ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін тиісті ауысымдағы саны көрсетіледі.

Энергетикадағы жұмыс орындарын   
аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу
және жоспарлау туралы ережеге   
2-қосымша             

Жұмыс орындарын айқындау жөніндегі ұсынымдар

      1. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарда жұмыс орындарын айқындау кезінде қызметкерлердің басым көпшілігінің еңбек қызметі бір-бірінен едәуір ара қашықтықта орналасқан және әдетте қауіпті және зиянды факторлар аймағынан өтетін жер (өтпе) бағыттарымен байланысатын қызмет көрсетілетін жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жиынтығын қамтитын жұмыс аймағында жүзеге асырылатындығын ескеру қажет.
      2. Қызметкердің технологиялық процестерге байланысты операцияларды, жедел және техникалық қызмет көрсетуді және ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстарын орындайтын барлық орындарды осы қызметкердің немесе қызметкерлер тобының жұмыс орны ретінде қарау керек.
      3. Жедел пайдалану персоналының жұмыс орны қызмет көрсету нормаларын, маршруттық және технологиялық карталарды ескере отырып айқындалған кеңістікті аймақ болып табылады. Мысалы, турбиналық жабдық бойынша барлаушы машинисттің жұмыс орны жабдыққа қызмет көрсетілетін турбиналардың саны ескеріле отырып тексеру жүргізілетін турбиналық жабдықтың барлық белгілерінің жұмыс аймақтарын қамтиды. Қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электр монтердің жұмыс орнына жабдық пен құрылыстарды қарау және оларға техникалық қызмет көрсетудің технологиялық карталарына сәйкес басқару қалқанының үй-жайы мен қосалқы станциялардағы жұмыс аймақтары қамтылады.
      4. Жөндеу жұмысын атқаратын персоналдың жұмыс орны тікелей жөнделетін жабдықтың, ғимараттың және құрылыстың жанында орналасқан жөндеу шеберханалары, қызметкерлердің демалыс бөлмелері және жөндеу жұмыстарын жүргізбейтін алаңды қамтитын кеңістікті аймақ болып табылады.
      Осындай жұмыс орындары орындалған жөндеу жұмыстарының түрлері бойынша мамандандырылатын бригадалар санына байланысты айқындалады.
      Мысалы, ЖЭС қыздыру қабатын жөндеу бойынша бригаданың жұмыс орны шеберхана үй-жайлары, демалыс бөлмесі, қазандықтың жанындағы жұмыс алаңы, қазандық пеші, сондай-ақ жөнделетін қазандықтардың саны ескерілетін кеңістікті аймақ болып табылады.
      ЭЖК электр берудің әуе желілерін жөндеу жөніндегі бригаданың жұмыс орны ӘЖ жөнделетін учаскенің ұзындығымен айқындалатын кеңістікті аймақ болып табылады. Сондай-ақ, жұмыс орнына тіректегі жұмыс, автомобильдегі өту жолы, базадағы жөндеу шеберханалары да кіреді.
      5. Жедел (кезекші) персоналдың жұмыс орны басқару қалқанының үй-жайы, диспетчерлер бөлмесі, сондай-ақ тексеріп қарауды жүргізу арқылы күнделікті қарап өтілуі тиіс электр жабдығы кіретін жұмыс аймағы болып табылады. Жұмыс орындарының саны нормативтік сан және қызмет көрсету нормалары ескеріле отырып құрылған штаттық кесте бойынша айқындалады.
      Мысалы, энергия блок машинисінің жұмыс орны басқару қалқанының үй-жайы болып табылады. Электр желілері диспетчерінің жұмыс орны – басқару қалқанының үй-жайы.
      6. Әкімшілік-басқару персоналының жұмыс орны жұмыс үй-жайы кіретін жұмыс аймағы болып табылады. Жұмыс орнының атауы орындалатын функциялар бойынша айқындалады (Мысалы, ӨТБ, ӨТҚ, бухгалтерия).