Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 551 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Зейнетақы жарналарына, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерге есеп жүргізуді қамтамасыз ету, тиісті орталықтандырылған дерекқорларды қалыптастыру және қолдау, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеудің тиімді жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпорынның тиісті саласының уәкілетті органы болып айқындалсын.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:»;
2) тармақша алынып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасамаған және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген адамдардың міндетті зейнетақы жарналарын агентке қайтару;»;
11), 12), 17), 21) тармақшаларда «Орталық», «Орталықтан», «Орталықтың» деген сөздер тиісінше «Кәсіпорын», «Кәсіпорыннан», «Кәсіпорынның» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген адамдардың әлеуметтік аударымдарының сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асыру;».
2. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат):
қазақ тіліндегі мәтінде бүкіл мәтін бойынша «Ереже», «Ережесі», «Ережеге», «Ереженің», «Ережелердің», «Ережесіне» деген сөздер тиісінше «Қағидалар», «Қағидалары», «Қағидаларға», «Қағидалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидалары»;
кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын есептеуінің, ұстап қалуының (қоса есептеуінің) және аударуының тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар, сот орындаушылары агент ретінде өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында есепке алынуы тиіс.»;
3-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.»;
төртінші бөлік алынып тасталсын;
3-1-тармақтың бірінші бөлігінде:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар қызметкерлерге төлейтін табысынан – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
дара
кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;»;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер арқылы агент жүргізеді.
Банктерде шоттары жоқ дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар міндетті зейнетақы жарналарын, оларды кейіннен осы Қағидалардың 7-тармағында айқындалған тәртіппен тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен салады.»;
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады:
заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар – материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыс беруші берген кірісті қоса алғанда, жұмыс беруші қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кірістің он пайызы мөлшерінде. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауы тиіс;»;
төртінші абзац алынып тасталсын;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 12), 17) тармақшаларында, 156-бабы 1-тармағының 10), 12), 18), 21), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында белгіленген төлемдерден, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Орталық міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміндегі деректемелердің Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына сәйкестігін сақтайды.»;
9-тармақтың үшінші бөлігіндегі екінші сөйлем алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өз пайдасына өз қызметкерлерінің кірісінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған кезеңде (айын, жылын) көрсетуі тиіс. Егер тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда, жаңасымен бір мезгілде бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
Дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын банкке аудару немесе төлеу кезінде төлем құжаттарын өзі туралы ғана мәліметтерді, оның ішінде банктегі банктік есеп шотының нөмірін, зейнетақы шартының нөмірі мен жасалған күнін көрсете отырып толтырады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда салымшы (алушы) Орталыққа қатені түзеу туралы өтініш береді. Өтінішке агент осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беретін анықтама-растама немесе салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын, деректемелерінде болған өзгерістерді растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қолма-қол ақшамен жүзеге асыру кезінде анықтама-растаманың орнына банктік түбіртектердің көшірмелері қоса беріледі.
Орталық ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысандағы салымшы (алушы) өтінішінің электрондық көшірмесін қоса отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларына электронды өтінімді ресімдейді.»;
15-1-тармақтың екінші бөлігіндегі екінші сөйлем алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Агенттің қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішіне салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған осы Қағидаларға 1-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші қоса беріледі.»;
16-2, 16-3-тармақтар алынып тасталсын;
17, 18, 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Банк кінәсінен қате нұсқау жіберілген жағдайда, банк Орталыққа қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен хат жібереді.
Банк кінәсінен қате аударылған сомаларды қайтаруға арналған өтініште: атауы, БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері және қайтару себебі көрсетіледі. Өтініш пен хат банктің уәкілетті адамдарының қолы қойылып, көрсетілген адамдардың қате нұсқауды қайтаруға хаттар мен өтініштерге қол қою өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріліп ұсынылады.
18. Орталықтың облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың филиалдары (бұдан әрі – Орталық филиалы) мен Орталық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомаларын есептеу, ұстап қалу және аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Орталық филиалы Орталыққа қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға электрондық түрде өтінім жібереді.
19. Орталық қате аударылған сомаларды қайтаруға агенттерден, банктерден және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, Орталық филиалдарынан алынған құжаттардың негізінде үш жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға арналған өтінімді электрондық түрде қалыптастырады. Өтінімде: салымшының (алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, жынысы, ЖСН, жеке зейнетақы шотының нөмірі, қайтаруға жататын міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомалары және қайтару себебі көрсетіледі.
Электрондық түрдегі өтінім салымшының (алушының) оның жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығару туралы өтінішінің электронды көшірмесімен ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.»;
19-1 және 19-2-тармақтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-3, 19-4-тармақтармен толықтырылсын:
«19-3. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтініш Орталыққа зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуды жүзеге асыру кезеңінде келіп түскен, онда Орталық:
1) агенттің және (немесе) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өтінішінде көрсетілген қате аударылған сомалардың түсу фактісін тексереді;
2) қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдың расталған түсімдері бойынша қайтарулардың болмау фактісін тексереді;
3) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына қате аударылған сомаларды қайтаруға электронды түрде өтінім жібереді.
19-4. Жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға электронды түрдегі өтінімді алып, оны алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, Орталыққа қате енгізілген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруды жүзеге асырады.
Қате есептелген зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуды жүзеге асыру кезеңінде қайтару аударым сомасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомаларын Орталықтың банктік шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды Орталықтың электронды түрдегі өтінімінде көрсетілген іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың номиналды сомасы бойынша жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2 және 23-3-тармақтармен толықтырылсын:
«23-1. Орталық күн сайын жинақтаушы зейнетақы қорларымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміндегі салымшылардың деректемелерін жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының мәліметтерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде: тегінде, атында, әкесінің атында, ЖСН-де және жынысы бойынша айырмашылықтар анықталған кезде Орталық салымшының деректемелерін жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорындағы деректерге сәйкес келтіреді.
23-2. Салымшының (алушының) деректемелерінің өзгергендігі туралы мәліметтерді беру Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электрондық тәсіл арқылы ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдаланумен жеке тұлғалардың салымшылардың (алушылардың) бірыңғай тізіміне өзгерістер енгізу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
23-3. Жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан салымшының (алушының) деректемелері өзгергені туралы ақпарат алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізеді.»;
35-5, 35-6, 35-7-тармақтар алынып тасталсын;
1-3, 1-4, 1-5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде:
5-тармақтың бірінші абзацындағы, 6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «шетелдік азаматтар» деген сөздер «шетелдіктер» деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін деректемелері төлемдерді тағайындауға арналған өтініште көрсетілетін алушының банк шотына аударады. Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банктік қызметтер көрсетуге ақы төлеу оларды айырбастау сомаларын қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшері және мерзімділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімімен белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
«19. Зейнетақы төлемдерін алушыны кесте бойынша басқа зейнетақы қорына аударған жағдайда, зейнетақы төлемдерін кесте бойынша жүзеге асырған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерінің мерзімділігі мен сомаларын көрсете отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушы жөнінде мәліметтер беруге тиіс.».
4. «2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аудару ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 660 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 339-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.»;
Агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару қағидалары»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын бюджетке аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды (бұдан әрі – ӘЖК) және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы шартының болмауына байланысты тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібін айқындайды.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер (бұдан әрі – агенттер) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘЖК және (немесе) СТН және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы шартының (бұдан әрі – шарт) болмауына байланысты тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен есептелген өсімпұл сомаларын қамтитын міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті айқындау мақсатында 2005 жылғы 1 қаңтардағы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі есептерге түгендеу жүргізеді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша агенттер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘЖК және (немесе) CTH және (немесе) шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің тізімдерін (бұдан әрі – бұрынғы қызметкерлердің тізімі) жасайды.»;
мынадай мазмұндағы 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28 және 29-тармақтармен толықтырылсын:
«17. Бұрынғы қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агент бұрынғы қызметкерлер бөлінісінде негізгі төлем және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұрынғы қызметкерлердің берешек жиынтық сомасын уақытында аудармағаны үшін өсімпұл бойынша берешекті көрсете отырып, бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақы бойынша берешек сомалары жөнінде мәліметтер (бұдан әрі – бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер) жасайды және агенттің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынады.
18. Агенттің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органы агент бұрынғы қызметкерлердің тізімін берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша агенттің жеке шотындағы негізгі қарыз бойынша берешек және агент бұрынғы қызметкерлердің тізімінде көрсеткен жиынтық сома мөлшерінде 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл сомасын жеке шотына «Азайтылды», «Өсімпұл азайтылды» деген жазбалар жазу арқылы азайтады (жояды) және 206108 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері» бюджеттік сыныптауыш коды (бұдан әрі – БСК) бойынша агенттің жаңадан ашылған жеке шотына: негізгі қарыз бойынша – «Есептелді» деген бағанға, өсімпұл бойынша – «Өсімпұл есептелді» деген бағанға берешек сомасын аударады.
19. Агенттер бұрынғы қызметкерлердің тізімін тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл сомасын аударады.
20. 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек және өсімпұл сомаларын республикалық бюджетке аудару кезінде агенттер банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште төлем тапсырмасын үш данада және бұрынғы қызметкерлердің тізімін екі данада ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен бұрынғы қызметкерлер тізімінің бірінші данасы банкте және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда, төлем тапсырмаларының екінші және үшінші данасы және бұрынғы қызметкерлер тізімінің бір данасы қабылдағаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның белгісімен агентке қайтарылады.
21. Бұрынғы қызметкерлердің тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты (болған кезде), әкесінің аты (болған кезде), туған күні, жарна сомасы мен міндетті зейнетақы жарналары және өсімпұл аударылатын кезеңді (айы, жылы) қамтуға тиіс.
Туған күні, ЖСН анықталмаған бұрынғы қызметкерлер бойынша тиісті жолда:
Туған күні – «19000101»;
ЖСН – «000000000» қойылады.
22. Бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударған кезде төлем тапсырмасының «төлемнің тағайындалуы» деген бағанында «Тұратын жері анықталмаған бұрынғы қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналары», «төлемді тағайындау коды» деген бағанда «089» көрсетіледі.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл төлеу кезінде төлем тапсырмасының «төлемнің тағайындалуы» деген бағанында «Тұратын жері анықталмаған бұрынғы қызметкерлер бойынша 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін өсімақы», «төлемді тағайындау коды» деген бағанда «098» көрсетіледі.
23. Банктер және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттер төлем тапсырмасын көрсеткен кезде бұрынғы қызметкерлердің тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматты электронды төлем тапсырмаларымен Орталықтың банк шотына бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұлдың сомаларын аударуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
24. Орталық агенттер бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы бойынша берешек сомаларды ағымдағы шотқа келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматты электронды төлем тапсырмаларымен Орталық арқылы 206108 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық түсімдері» БСК-ға республикалық бюджетке аударады.
25. Агент бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы бойынша берешек сомаларын аударғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органдарына негізгі төлемдері бойынша аударылған берешекті және өсімақы туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады, сондай-ақ салық органымен 206108 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері» БСК бойынша есептерді салыстырып тексеруді жүргізеді.
26. Агент осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзімде бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы бойынша берешек сомаларын аудармаған жағдайда салық органы он жұмыс күні ішінде, ондай агенттің банк шоты болған кезде – агенттің банк шоты (корреспонденттіктерді қоспағанда) және агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын бір мезгілде тоқтата тұруды жүзеге асырады.
Агенттің банк шоты болмаған жағдайда тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органы агент кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
27. Агенттердің бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл сомаларын аударуын бақылауды қамтамасыз ету үшін Орталық күн сайын өткен күн үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне агенттердің тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органдарында тіркелуін ескере отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана, аудандар бойынша бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұсталған аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы тізілімін ұсынады.
28. Бұрынғы қызметкерлердің осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес республикалық бюджетке аударылған, агенттер олардың кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы сомаларына құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қалпына келтіруге жатады.
29. Агенттер бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімақы сомаларын өтегеннен кейін 206108 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері» БСК бойынша жеке шоты толық көлемде жабылады.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
оң жақтағы жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Агенттер тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларына 1-қосымша»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердің тізімі»;
Қағидалар осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесінде:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстағы үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы ұйымның (кәсіпорынның) анықтамасы ұсынылады.
Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда жалақы туралы мәліметтер көрсетілген мұрағат анықтамасы ұсынылады.
Ұйымның (кәсіпорынның) орташа айлық табыс туралы анықтамасын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген кезеңде алған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңге зейнетақы есептеу үшін алынатын орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау кезінде Орталықтың бөлімшелері міндетті зейнетақы жарналарының аударылғанын растау туралы Орталықтың Орталық деректер базасынан (бұдан әрі – ОДБ) салымшының транзиттік шоты бойынша салыстырып тексеруді жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
«47-1. Төлейтін айға қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
мына:
«Менің (СТН) ӘЖК ___________________________________» деген жол мынадай реакцияда жазылсын:
«Менің ЖСН __________________________________________________»;
көрсетілген Ережеге 19-қосымшада:
7Д-нысандағы 3-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖСН».
7. «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 842-құжат):
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (ерлерге):
1) жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдайларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемақыны жүзеге асыру үшін;
2) жүктілігі мен босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы жөніндегі демалыстар беру үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары) беріледі.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының сыртқы бетін адамның жұмыс орны бойынша жұмыс беруші мөр басып, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде ақы төленетін жұмыс күндерін көрсетуді есепке ала отырып, толтырады.»;
53-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 551 қаулысына
1-қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың
(қоса есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың қағидаларына
1-3-қосымша
Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне
өзгерістер енгізу туралы өтініш
Мен, ________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні)
осы арқылы міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде менің
деректемелерімде қателер жіберілгендігін хабарлаймын, атап айтқанда:
_____________________________________________________________________
(қате жіберілген деректемелер көрсетіледі)
Мынадай деректемелерді жарамды деп есептеуді сұраймын:
ЖСН _________________________________________________________________
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
_________ |
_________ |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 551 қаулысына
2-қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың
(қоса есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың қағидаларына
1-4-қосымша
Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының
сомаларын қайтаруға арналған
өтініші
«Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталығы» РМҚК
бас директоры
________________________________________
1. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің (агенттің) деректемелері
атауы _______________________________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейін түскен төлемдер бойынша)
_____________________________________________________________________
СТН (01.01.2013 ж дейін түскен төлемдер бойынша)
БСК _________________________ ЖСК ___________________________________
2. Қате жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері
№ ______________________ күні «___» _______________________ 200__ жыл
төлем тапсырмасының жалпы сомасы ____________________________________
3. Салымшының деректемелері _________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні)
салымшының ЖСН (01.01.2013 ж. кейін түскен төлемдер бойынша)
_____________________________________________________________________
ӘЖК (01.01.2013 ж. дейін түскен төлемдер бойынша)
_____________________________________________________________________
салымшы жарнасының сомасы ___________________________________________
қайтарылуға тиісті сома _____________________________________________
4. __________________________________________________________________
(қайтару талап етілетін себеп көрсетіледі, мысалы, қызметкер жұмыстан
босатылды, механикалық қате, банктің қатесі және т.б.) байланысты
кейінгі төлемдермен түзету мүмкін емес.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз
_____________________________________________________________________
(кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер
көрсетіледі)
____________________ М.О. |
________________________ ________________________ |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 551 қаулысына
3-қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың
(қоса есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына
аударудың қағидаларына
1-5-қосымша
Салымшының (алушының) қате есептелген соманы өзінің жеке
зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісуі туралы
өтініш
Мен, ________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туған күні)
ЖСН _________________________________________________________________
Осы арқылы менің жеке зейнетақы шотыма қате аударылған ______________
____________________________________________________ (сомасы жазбаша)
_____________________________________________________________________
(Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары сомаларының бірнеше
төлем тапсырмалары бойынша қайтару болған жағдайда, қайтарылуға тиіс
сома әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі) сомасындағы міндетті
зейнетақы жарналарының қайтарылуына келісім беремін.
_________ |
_________ |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 551 қаулысына
4-қосымша
Агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық
төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе)
жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы
шартының болмауына байланысты тұратын жері
белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап
қалған және аудармаған міндетті зейнетақы
жарналарын аудару қағидаларына
2-қосымша
Агенттің 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұрынғы
қызметкерлердің кірістерінен ұстап қалған және аударылмаған
міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті аударуы туралы
мәліметтер
Р/с |
Агент БСН |
Агенттің атауы |
Бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер |
Берешектің жиынтық сомасы |
|||||||||
Тегі |
Аты |
Әкесінің аты |
Туған күні |
Туған жері |
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні |
Бұрынғы қызметкердің мекенжайы, тұрғылықты жері |
СТН |
Берешек сомасы (негізгі төлем) |
Берешек сомасы (өсімақы) |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 551 қаулысына
5-қосымша
Агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық
төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе)
жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы
шартының болмауына байланысты тұратын жері
белгісіз бұрынғы қызметкерлердің кірістерінен ұстап
қалған және аудармаған міндетті зейнетақы
жарналарын аудару қағидаларына
3-қосымша
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының
және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе)
жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының
болмауына байланысты тұратын жері белгісіз бұрынғы
қызметкерлерінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша
берешегінің және (немесе) өсімақының сомалары жөніндегі
мәліметтер
Р/с |
Агент БСН |
Агенттің атауы |
Бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер |
Бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтер |
Салық органының белгілері (СТН болуы, болмауы туралы ) |
Орталықтың белгілері |
ЖЗҚ белгілері |
Орталық пен ЖЗҚ қосымша белгілері |
Уәкілетті органның белгілері |
Ескертпе |
|||||||||
Тегі |
Аты |
Әкесінің аты |
Туған күні |
Туған жері |
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні |
Бұрынғы қызметкердің мекенжайы, тұрғылықты жері |
СТН |
Берешек сомасы (негізгі төлем) |
Берешек сомасы (өсімақы) |
Берешектің жиынтық сомасы |
ӘЖК |
Шарт |
Жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәліметтер, соңғы аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомаларын аудару күні |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
Ескертпе:
1-14-бағандарды агент толтырады. Бұл ретте, 8-11-бағандарды, олар бойынша мәліметтер болмаған жағдайда толтыруға міндетті емес.
16-бағанды Орталық толтырады.
18-бағанда, ӘЖК (16-баған) және шарт (17-баған) болған кезде ЖЗҚ-ның аудару үшін қажетті деректемелері көрсетіледі; ӘЖК (16-баған) болған кезде, бірақ шарт (17-баған) болмаған кезде соңғы күнге аударымдар жүргізілген ЖЗҚ деректемелері көрсетіледі.
17-бағанды Орталықтың тиісті белгілерінен кейін ЖЗҚ толтырады.
19-бағанда уәкілетті органдардың мәліметтері көрсетіледі.
ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, адамның азаматтық халы туралы жазбаның нөмірі, күні және мазмұны (мысалы: қайтыс болғанын, сот қайтыс болды деп танығанын тіркеу);
ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті, ҚР тыс жерлерге (азаматтығын сақтап немесе сақтамай) шығуын растайтын құжаттың нөмірі және күні;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) соттың адамды ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп танығаны туралы шешім шығарған күні.
20-бағанда уәкілетті органдар 19-бағандағы деректер болмаған кезде, өз құзыреті шегінде өзге құжаттарды (мысалы: жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берген күні; соңғы тұрған мекенжайы; бұрынғы қызметкер туралы деректер – бас бостандығынан айыру; адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы деректер).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 551 қаулысына
6-қосымша
Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа
сараптама жүргізу
және еңбекке уақытша
жарамсыздық парағын және
анықтамасын беру
қағидаларына
қосымша
Сыртқы беті
(кәсіпорынның немесе мекеменің атауы/наименование предприятия
или учреждения)
Бөлім/отдел __________ Қызметі/Должность ______________________
Таб/Таб № _________
Тұрақты, уақытша, маусымды жұмыс (тиістісінің асты сызылсын).
Жұмыс істемеді 20__ ж. ___________ дан 20__ ж. ______ дейін
Работа постоянная, временная, сезонная (нужное подчеркнуть).
Не работал с ___ 20__ г. по ___ 20__ г.
Еңбекке жарамсыз уақытындағы демалыс күндері __________________
Жұмысқа кірісті 20__ ж. ________ дейін
Выходные дни за период нетрудоспособности (күні/дата)
Мастердің немесе цех (бөлім) бастығының қолы __________________
Табельшінің қолы ______ Күні
Подпись мастера или начальника цеха (отдела) __________________
Мөр/Печать
Дата