"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 527 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 415 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Құл-Мұхаммед
Мұхтар Абрарұлы

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрi, төраға

Ерімбетов
Нұрлан Кенжебекұлы

-

«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Таумұрат
Данияр

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Қоғамдық-саяси жұмыс департаментiнiң директоры, хатшы

Қожағапанов
Ерлан Тоқтарханұлы

-

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы

Тұрғымбаев
Ерлан Заманбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң орынбасары

Кенесарин
Сағыр Есенғұлұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі;

      мына:

«Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі»;

      көрсетілген құрамнан Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, Айгүл Сағадибекқызы Соловьева, Бану Ғаниқызы Нұрғазиева, Талғат Амангелдіұлы Ермегияев, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков, Наталья Леонидовна Котенко шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов