"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – қоғам) құрылсын.
      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi ретінде опера және балет өнері мен концерттік орындаушылық саласындағы мемлекеттің мәдениет саясатын практикалық іске асыруға бағытталған сахналық, ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу болып айқындалсын.
      3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
      4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамда қоғам жанындағы қамқоршылық кеңес (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) құрылсын.
      5. Қоса берiлiп отырған Қамқоршылық кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғам жарғысының бекітілуін;
      2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне берілуін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 512 қаулысына   
1-қосымша      

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын
төлеуге берілетін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі Мәдениет комитетінің «Күләш Байсейітова атындағы
Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүліктің
тізбесі

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Баланстың ұстаушысы

1

2

3

4

5

М.Төлебаевтың «Біржан Сара» операсының жұмсақ және қатты декорациялары

1.

Кулисалар, көлемі 3*13 м

дана

8

«Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2.

Падугалар, көлемі 24*4,5 м

дана

4

3.

«Құздар» кулисалары, көлемі 13*3,5 м

дана

6

4.

«Ұлттық оюмен өрнектелген «Киіз үй» артқы перде, көлемі 24*13

дана

1

5.

«Ұлттық» негізгі артқы перде, көлемі 21*12 м

дана

1

6.

«Күннің батуы (киіз үй)» артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

7.

«Киіз үй» тордан жасалған артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

8.

«Бурабай көлі» артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

9.

«Бурабай» тордан жасалған қиық артқы перде (жасыл желек), көлемі 24*13 м

дана

1

10.

Тордан жасалған (жасыл желек) аркалар, көлемі 12*13 м

дана

6

11.

Тіл тәрізді әшекейлер, көлемі 8,7*8,5 м

дана

2

12.

«Құз» артқы қиық декорация, көлемі 24*13 м

дана

1

13.

«Ағаштар және құздар» қиық артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

14.

Төсеніш, көлемі 24*24 м

дана

1

15.

Арбадағы үй, көлемі 10*7*3 м

дана

1

16.

Баспалдағы бар алаң, көлемі 7,35*4,2*6,0 м

дана

1

17.

Сатысы бар алаң, көлемі 3,75*0,75*0,6 м

дана

1

18.

Қақпасы бар дуал, көлемі 4,75*3,75 м

дана

2

19.

Киіз үйі бар станок, көлемі 5,3 6,75*1,5 м, станок, көлемі 9*4*0,8 м

дана

1

20.

Арбадағы киіз үй, көлемі 7*5,8*1,5

дана

1

21.

Арбадағы киіз үй мен станок, көлемі 11*4,0*1,2, киіз үй 5,3*4,4*1,7 м

дана

1

22.

Арбадағы сәкі, көлемі 7*2,5*3,5

дана

1

23.

Арбадағы ағаш, көлемі 7*6,5*2,5

дана

1

24.

Ағаштың бұтақтары, көлемі 6*4,5*10,6

дана

2

25.

«Сарқырама», көлемі 3,5*4,4*2,1

дана

1

26.

Арбадағы перде, көлемі 3,3*4 м

дана

2

27.

Арбадағы үлкен киіз үйдің есігі, көлемі 4,25*2,0*1,3 м

дана

1

28.

Арбадағы құз, көлемі 7*2,3*4 м

дана

1

29.

Арбадағы құз, көлемі 8,0-5,1*0,6

дана

1

30.

Арқандағы құз, көлемі 8*7*0,5 м

дана

1

31.

Жиылмалы басқыш, көлемі 4*0,8 м

дана

1

32.

Сол жақтағы арбада орналасқан баспалдақты құз, көлемі 7,5*5*2,4 м

дана

1

33.

Арба, көлемі 3*1,2*1,1 м

дана

1

34.

Алқа, көлемі 2*1,6 м

дана

2

35.

Алау, көлемі 0,7*0,6*0,25 м

дана

1

П.И. Чайковскийдің Аққу көлі операсының жұмсақ декорациялары

36.

«Таудағы сарай» артқы перде, көлемі 24*13

дана

1

«Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

37.

«Ағаштар» тордан жасалған қиық артқы перде, көлемі 24*13

дана

1

38.

«Орман ағаштары» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

39.

«Орман ағаштары» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

40.

«Орман ағаштары» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

41.

«Орман ағаштары» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

42.

«Орман ағаштары» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

43.

«Орман ағаштары» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

44.

«Орман ағаштары» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

45.

«Орман ағаштары» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

46.

«Би залы» падугалары, көлемі 24*4 м

дана

1

47.

«Би залы» падугалары, көлемі 24*4 м

дана

1

48.

«Би залы» падугалары, көлемі 24*4 м

дана

1

49.

«Би залы» падугалары, көлемі 24*4 м

дана

1

50.

«Би залы» кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

51.

«Би залы» кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

52.

«Би залы» кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

53.

«Би залы» кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

54.

«Би залы» кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

55.

«Би залы» кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

56.

«Би залы» кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

57.

«Би залы» артқы декорациясы, көлемі 24*13 м

дана

1

58.

«Көл» артқы перде, көлемі 24*13 м

дана

1

59.

«Жағалау» тор секілді артқы қиық декорация, көлемі 24*13 м

дана

1

60.

«Орман көл» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

61.

«Орман көл» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

62.

«Орман көл» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

63.

«Орман көл» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

64.

«Орман көл» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

65.

«Орман көл» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

66.

«Орман көл» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

67.

«Орман көл» кулисалар аркалары, көлемі 12*13 м

дана

1

68.

«Би залы» кулисалары, көлемі 3*13 м

дана

1

69.

Тақ, көлемі 2,3*0,65*45 м

дана

2

70.

Сәкі, көлемі 1,5*0,45*0,5 м

дана

4

71.

Аспалы шам, көлемі 2,65*1,5 м

дана

2

72.

Шандал

дана

4

Б.Эйфманның Роден балетінің декорациясына арналған жарық электр техникалық бұйымдары

73.

Жарық пунктирлік сүйеніші бар баспалдақ

жиынтық

1

«Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

74.

Баспалдақ - актерлерге жарығы бар баспалдақ

жиынтық

1

75.

Баспалдақ торындағы актерлер үшін тік жарық

жиынтық

1

76.

Баспалдақ торындағы актерлер үшін көлденең жарық

жиынтық

1

77.

Көтеріліп түсетін «қабырғалар» - баспалдақтағы тік жарық

жиынтық

1

78.

Көтеріліп түсетін «қабырғалар» - терезенің автономиялық жарығы

жиынтық

1

79.

Шамдардың сыртқы суреті бар көмескі жарық

жиынтық

1

80.

Шамшырақ – плафондар жарығы

жиынтық

1

81.

Рирпроекциялық экран (жұмсақ декорациялар)

дана

1

82.

Торлы перде (жұмсақ декорациялар)

дана

1

83.

Сурет жабыстырылған торлы перде (жұмсақ декорациялар)

дана

1

84.

Сол жақ арбаның баспалдағы (қатты декорациялар)

дана

1

85.

Оң жақ арбаның баспалдағы (қатты декорациялар)

дана

1

86.

Сол жақтағы аспалы дуал (қатты декорациялар)

дана

1

87.

Оң жақтағы аспалы дуал (қатты декорациялар)

дана

1

88.

24 м Gerrierts дуалдың қозғалуына арналған жол (пәуеске жиынтығы және қолмен басқаратын құрылғысы бар)

дана

2

89.

Қалпағы бар сәндік траверса, сол жақ

дана

1

90.

Қалпағы бар сәндік траверса, оң жақ

дана

1

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 512 қаулысына   
2-қосымша      

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық
кеңестің құрамы

Келімбетов
Қайрат Нематұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

Құл-Мұхаммед
Мұхтар Абрарұлы

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары

Кеңес мүшелері

Тасмағамбетов
Иманғали Нұрғалиұлы

-

Астана қаласының әкімі

Назарбаева
Дариға Нұрсұлтанқызы

-

Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы (келісім бойынша)

Қиынов
Ләззат Кетебайұлы

-

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Мұхамеджанов
Төлеген Мұхамеджанұлы

-

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директоры

Шодиев
Патох Каюмович

-

«ENRC» компаниясының акционері (келісім бойынша)

Қуанышева
Әлфия Асқарқызы

-

«БАТТ» корпорациясы» директорлар кеңесінің тең төрағасы, «Ковент-Гарден» Лондон Корольдік операсы директорлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

Школьник
Владимир Сергеевич

-

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Yкіметінің      
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 512 қаулысына    
бекітілген      
 

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы
қамқоршылық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын қамқоршылық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) консультативті-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.

2. Кеңестің міндеттері мен функциялары

      4. «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – театр) қалыптасуына және дамуына қолдау көрсету Кеңестің міндеті болып табылады.
      5. Кеңестің функциялары:
      1) жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін бюджеттен тыс қаржы көздерін тарту;
      2) театрдың шығармашылық жоспарларын іске асыру үшін қолдау көрсету;
      3) кәсіби шеберлікті жетілдіруге және әртістік мектепті қалыптастыруға жағдай жасау;
      4) халықаралық жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін қолдау көрсету;
      5) театрдың шығармашылық қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету;
      6) басқару, қаржы және шаруашылық жүйелерін жетілдіруге қолдау көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Кеңестің құқықтары

      6. Кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
      1) театр қызметі мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдерін тартуға;
      2) Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Кеңес мүшелерін, театр басшылығын отырыстарда тыңдауға;
      3) театрдың дамуына және Кеңес шешімдерінің орындалуына Кеңес бағыттаған бюджеттен тыс қаражатты пайдалану туралы театр басшылығынан есеп алуға;
      4) Кеңеске жүктелген тиісті міндеттерді іске асыру үшін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қамқоршылық кеңестің төрағасы болып табылады.
      8. Кеңестің төрағасы:
      1) Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Кеңес отырыстарының өткізілу орны мен уақытын белгілейді;
      3) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;
      4) Кеңес мүшелерінің міндетін орындауы үшін нұсқаулар береді.
      9. Кеңес мүшелері:
      1) Кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) Кеңес отырыстарының материалдары мен оның шешімі жобаларын дайындауға қатысуға;
      3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
      10. Кеңес отырыстары Кеңес төрағасы белгілейтін мерзімдерде қажеттілігіне қарай, жылына кемінде екі рет өткізіледі және хаттамамен рәсімделеді. Кеңес отырыстары оның жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін өзге лауазымды тұлғаларға беруін рұқсат берілмейді.
      11. Кеңес шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы Кеңес отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен немесе Кеңес мүшелеріне сауалнама жүргізу арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Yкіметінің      
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 512 қаулысына   
бекітілген     
 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      «Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-158-жолмен толықтырылсын:
      «21-158. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
      2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетіне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-33-1-жолмен толықтырылсын:
      «222-33-1 «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      4. «Республикалық мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi» деген бөлiмде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Мәдениет комитеті»;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 13-2-жолмен толықтырылсын:
      «13-2. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 100 %».