"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 510 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1561 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 240-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Ағымдағы жағдайды және даму үрдістерін талдау» деген 2-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «1. Дамудың негізгі параметрлері» деген кіші бөлімде:
      «Су көлігі» деген кіші бөлімде:
      сегізінші бөліктегі «Ішкі кеме қатынасы жолдарының ұзындығы 2011 жылдың соңында 4094 км құрады» деген сөйлем алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту» деген 2-стратегиялық бағытта:
      «1. Дамудың негізгі параметрлері» деген кіші бөлімде:
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазіргі уақытта Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 700 млрд. АҚШ долларын құрайды, кейбір болжамдар бойынша 2015 жылға қарай аталған көрсеткіш 1 трлн. АҚШ долларына, ал Қазақстан бойынша транзитінен түсетін табыс 2015 жылға қарай шамамен 1,5 млрд. АҚШ долларына жетеді деп болжануда (2007 жылы – 500 млн. АҚШ доллары). Жалпы алғанда Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия – Еуропа бағыттарындағы транзиттік ағымдар шамамен 330 – 400 млрд. АҚШ долларына бағалануда, бұл ретте осы ағымдардың 20 %-ы Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін.»;
      он алтыншы бөліктегі «2010 жылы Еуропалық Одақ және Қытай Халық Республикасы арасындағы сыртқы сауда көлемі 526 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштің 2020 жылға дейін 781 миллиард АҚШ доллары деңгейіне дейін артуы күтілуде.» деген сөйлем алынып тасталсын;
      «Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу үдерістерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, оның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар және тетіктер жасау» деген 4-стратегиялық бағытта:
      «1. Дамудың негізгі параметрлері» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар ақпараттық қоғамды қалыптастыруға арналған маңызды құрал болып табылады, ал мемлекет пен халық қатынастарындағы «жолсерік» «электрондық үкімет» болып отыр.
      Осыған байланысты мемлекеттік органдарда АТ-ны қолдану бірінші кезекте халыққа және бизнеске электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуге, мемлекеттік органдардың ашықтығын және есептілігін арттыруға бағытталуы тиіс.
      Қазіргі уақытта халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызметтер ұсынудың жай-күйі мынадай деректермен сипатталады:
      1) орталық және жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивті қызметтер көрсетеді (басшылар блогы, электрондық мемлекеттік сатып алу, интерактивтік сауал және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге ауысуды жүзеге асырады;
      2) «электрондық үкімет» инфрақұрылымы құрылды, оның шеңберінде өнеркәсіптік пайдалануға 20 АT-ден астам жоба енгізілген;
      3) әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді, 92 лицензияны және 80 рұқсат беру құжатын оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленіп бекітілген;
      4) «электрондық үкімет» сәулетін құру және эталондық үлгілерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қызметтің 15 бағыты бойынша эталондық үлгілерді толтыру жүргізілді (білім беру, денсаулық сақтау, көлік және коммуникация, байланыс және пошта қызметтері, халықаралық қатынастар, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, табиғи ресурстар, азаматтық, көші-қон және көшіп келу, әділет, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, халықты әлеуметтік қамсыздандыру, жұмысқа орналастыру және халықтың жұмыспен қамтылуы);
      5) «Е-лицензиялау» (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ) ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2012 жылы аталған жүйе барлық мемлекеттік органдарда – лицензиарларда енгізілді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы қалыптастырылған лицензиялар саны 19 740 электрондық лицензияны құрады.
      Қазіргі күннің өзінде мүдделі мемлекеттік органдардың толығымен «ақпараттық қоғам» үшін «электрондық үкіметті» қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмысы нәтижесі бойынша («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес) «электрондық үкімет» инфрақұрылымымен электрондық түрде 317 астам интерактивті және транзакциялық қызметтер, оның ішінде 156 астам электрондық қызмет, 81 электрондық лицензия және 80 рұқсат беру құжаттары ұсынылады. «Электрондық үкімет» порталының қызметтер санына 90 астам электрондық қызметтер, 21 қосымша сервистер, мемлекеттік 20 алым түрлері, мемлекеттік баждың 17 түрлері, салық төлемдерінің 4 түрі, сондай-ақ Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар және коммуналдық қызметтің 3 түрін төлеу кіреді. Бұдан басқа, ақпараттық сипаттағы қызметтер де қолжетімді.
      2012 жылы Қазақстанның қалалары мен аудандарында «электрондық үкімет» және «электрондық қызметтер» тақырыбы бойынша оқыту семинарлары өткізілді. 64 475 адам оқытылды. Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларының сауда орталықтарында халыққа консультациялық қолдау көрсетілді, орташа алғанда 19 276 адамға консультация берілді;
      6) орталық мемлекеттік органдардың құжаттарын қағаз тасығышта қайталамай электрондық құжат айналымына көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде;
      7) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы азаматтардың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына электрондық өтініш беру жүйесі құрылды;
      8) электрондық әкімдіктерді дамыту шеңберінде әкімдіктер көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мүмкіндігімен «Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі» жобасы жүзеге асырылған, оның ішінде 4 қызмет «электрондық үкімет» порталында көрсетіледі.
      Бүгінгі күнге халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан – ХҚО) жұмысын жақсарту мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды.
      ХҚО жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған қажетті нормативтік база құрылды, халыққа және бизнеске қызмет көрсету жөніндегі рәсім жеңілдетілді, сыбайлас жемқорлық деңгейінің азаю үрдісі байқалады.
      Қазіргі уақытта ХҚО-да 113 мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Бүгінгі күні ХҚО-ға ұсыну кезінде құжаттардың 19 түрі алып тасталған: неғұрлым жиі сұратылатын, мысалы, азаматтың жеке куәлігінің көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі, бала некесіз туылған жағдайда № 4 нысан бойынша анықтама, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесі, мүгедектік туралы анықтама, зейнеткер куәлігінің көшірмесі және т.б.
      Тұрақты негізде ХҚО қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде.
      ХҚО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шеңберінде ХҚО қызметкерлерін аттестаттау жүргізілді. Барлығы 8 700 қызметкер, олардың ішінде 5 019-ы аттестатталды, 3919 қызметкер немесе 78 % аттестаттаудан өтті, өтпегендері – 1100 қызметкер.
      ХҚО-ның ұсынылатын қызметтер сапасы және халыққа кері байланысты қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін мониторингілеу мақсатында Ахуал орталығы (бұдан әрі – орталық) құрылды және ойдағыдай жұмыс істеуде. 161 ХҚО-да орнатылған камералар арқылы Орталық on-line режимінде қызметке бейне-мониторинг жүргізеді, ол өз кезегінде жұмыс процесіндегі кемшіліктерге шұғыл әрекет етеді, сыбайлас жемқорлық көріністерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Орталықтың жұмыс істеуі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдауын жүргізеді, ведомстволық бағынысты мекемелермен бейне-конференциялар мен кеңестер өткізуге, барлық өңірлердегі ХҚО қызметкерлерін қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
      Ахуал орталығы арқасында ХҚО кінәсінен 20 минуттан артық күту уақыты 92 % қысқартылды, ХҚО кінәсінен 20 минуттан артық құжаттарды ресімдеу уақыты 17 % қысқартылды, «нашар» баға 44 % қысқартылды.
      Бүгінгі күні 252 ХҚО жаңғыртылған. Еліміз бойынша барлық ХҚО-да қазірдің өзінде азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету қағидаты енгізілген. ХҚО-ны жаңғырту кезінде жаңа бизнес-үрдістер, мониторинг және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау іске асырылуда, азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Электрондық үкімет бұрыштары ашылған, онда азаматтар egov.kz порталының қызметтерімен танысып, электрондық цифрлық қолтаңба ала алады.
      Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларға арналған алаңдар жабдықталған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ұсынуға бақылау жүргізуге, азаматтардың кезек күту уақытын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін бірыңғай электрондық кезек енгізу көзделген. Азаматтарға қызмет көрсету сапасын сенсорлық қайталаушы мониторлар арқылы бағалайды, онда әрбір азамат сол жерден-ақ ХҚО қызметкерлерінің жұмысына баға бере алады.
      Тұрақты негізде «мystery shopping» - ұйымдастырушылық міндеттерді шешу, мысалы қызметкерлердің клиенттерге қызмет көрсету стандарттарын сақтаудың деңгейін өлшеу мақсатында өткізілетін зерттеулер әдісін пайдаланумен тексерулер жүргізіледі.
      Жүргізілген зерттеулер қорытындылары бойынша халықтың ХҚО қызметтеріне қанағаттанушылық деңгейі 2010 жылы - 65 %; 2011 жылы - 76 %; 2012 жылы - 81,6 % құрады.
      Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыру үшін Министрлік Іс-шаралар жоспарын (жол картасын) әзірледі, онда 2012 жылы мамандандырылған ХҚО ашу бойынша шаралар көзделген.
      Бүгінгі күні Қарағанды, Алматы қалаларында мамандандырылған ХҚО ашылған. 2013 жылы Ақтау қаласында мамандандырылған ХҚО ашу жоспарлануда.
      Осы мамандандырылған ХҚО-да «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қажет инфрақұрылым және халыққа жағдай жасау, автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
      Осы ХҚО-да халық жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихан тапсыра алады, нөмірлік агрегаттарын салыстыруды өте алады, жүргізуші куәліктерін, міндетті техникалық байқаудан өткені және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері туралы куәлік ала алады.
      Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру есебінен халықтың ұсынатын құжаттар тізбесі қысқартылды, қажетті мәліметтер тартылған мемлекеттік органдардың дерекқорларынан электрондық форматта алынатын болады.
      Бұдан басқа ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде Министрлік компьютерлік оқиғаларға қарсы іс-қимыл мәселелерін мемлекеттік деңгейде, атап айтқанда Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымына бірігетін ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеу есебінен реттеуде.
      Интернеттің қазақстандық сегментін дамытуға КЖҚ енгізу, дата-орталықтар құру, «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін электрондық қызмет көрсетулерді ұлғайту, мемлекеттік органдардың порталдарын дамыту, әлеуметтік маңызы бар интернет-ресурстар құру (балалар мен жасөспірімдер үшін) ықпал етеді.
      Қазіргі уақытта веб-хостинг қызметтеріне сұранысты, деректерді бастапқы және резервтік сақтауды және сыртқы нарыққа кезең-кезеңмен шығуды қамтамасыз ету мақсатында есептеу орталықтарының (бұдан әрі – дата-орталықтары) дамуын жандандыру қажет. Дата-орталықтары инфрақұрылымының болуы, Қазнетті, электрондық коммерцияны, электрондық қызметтерді және «электрондық үкіметті» дамыту үшін негізгі шарт болып табылады.
      Деректер алмасу кезінде мемлекетаралық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан, Ресей және Белорусия арасындағы Кеден одағы шеңберінде ақпарат алмасу үшін мемлекетаралық шлюзді (Кеден одағының сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ұлттық сегменті) құру қажеттігі туындайды.
      Жүйе Кеден одағының кедендік аумағында экономикалық интеграциялануды дамыту және интеграцияланған ақпараттық ресурстарды қолданудың нәтижесінде сыртқы және өзара сауданың экономикалық көрсеткіштерін жақсарту сияқты оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Бұл үшін Кеден одағының сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ұлттық сегментін, сондай-ақ ұлттық сенімді үшінші тарапты құру қажет»;
      «Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері, іс-шаралары, нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымын дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Көліктік-коммуникациялық кешеннің озыңқы даму қарқынына қол жеткізу» деген 1.1-мақсатта:
      «2012 жыл» деген бағанда:
      «- жүк тасымалдары» деген жолдағы «2 943,1» деген сандар «3 014,3» деген сандармен ауыстырылсын;
      «- жолаушылар тасымалдары» деген жолдағы «18 640,0» деген сандар «18 483,8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «- жүк айналымы» деген жолдағы «383,8» деген сандар «368,1» деген сандармен ауыстырылсын;
      «- жолаушылар айналымы» деген жолдағы «211,1» деген сандар «211,3» деген сандармен ауыстырылсын;
      «9. ФКИ көлік қызметтері, алдыңғы жылға қарағанда %» деген жолдағы «107,5» деген сандар «107,2» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Теміржол саласы инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру» деген 1.1.2-міндетте:
      «1. Жаңа теміржолдардың ұзақтығы» деген жолда «2015 жыл» деген бағандағы «-» деген мән «214» деген сандармен ауыстырылсын;
      «5. Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар маршруттар саны» деген жолда «2013 жыл», «2014 жыл», «2015 жыл» деген бағандардағы «64», «64», «64» деген сандар тиісінше «66», «66», «66» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда»:
      мына:

      «

1. 2014 жылға қарай Қорғас-Жетіген теміржол желісін салу

х

х

х

-

-

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1. 2013 жылға қарай Қорғас-Жетіген теміржол желісін салу

х

х

-

-

-

                                                                   »;

      «Азаматтық авиация инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру» деген 1.1.3.-міндетте:
      «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда»:
      «1. Республиканың 13 әуежайында ұшу-қону жолақтарын, жолаушы және жүк терминалдарын қайта жаңарту (салу)» деген жолда «2015 жыл» деген бағандағы «-» деген мән «х» деген мәнмен ауыстырылсын;
      «Су көлігі инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру» деген 1.1.4-міндетте:
      «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда»:
      мына:

      «

5. Құрғақ жүк кемелермен, салдармен және танкерлермен сауда флотын толықтыру

-

-

х

х

х

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

5. Паромдармен сауда флотын толықтыру

-

-

х

х

-

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

7. Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту

х

х

х

х

х

                                                                   »;

      «Автокөлік саласы инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру» деген 1.1.5-міндетте:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

6. Шұғыл оперативтік қызметтерді шақыру құралдарымен жабдықталған автокөлік құралдарының қатысуымен автомобиль жолдарында болатын жол-көлік оқиғаларына шұғыл оперативтік қызметтердің ден қою уақытын төмендету.

ККМ деректері

мин

-

-

-

-

-

-

10

                                                                   »;

      «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар» мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      «

6. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесін (ААШШ) құру үшін нормативтік құқықтық база әзірлеу

-

-

х

х

х

7. ААШШ жүйесін құру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жобасын әзірлеу

-

-

х

-

-

8. «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген мерзімдерде автокөлік құралдарын шұғыл оперативтік қызметтерді шақыру құралдарымен кезең-кезеңмен жабдықтау

-

-

-

-

х

9. Жол-көлік оқиғаларына шұғыл оперативтік қызметтердің жедел ден қоюын қамтамасыз ету мақсатында ААШШ жүйесінің операторы және ТЖМ арасындағы өзара іс-қимыл регламентінің жобасын әзірлеу

-

-

х

-

-

                                                                   »;

      «Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» деген 2-стратегиялық бағытта:
      «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдар көлемдерін ұлғайту» деген 2.1-мақсатта:
      «2012 жыл», «2013 жыл», «2014 жыл», «2015 жыл» деген бағандарда:
      «1. Транзиттік бағыттағы жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту» деген жолдағы «17,0», «18,4», «19,4», «20,3» деген сандар тиісінше «17,8», «19,0», «20,5», «22,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «- темір жол көлігі» деген жолдағы «14,7», «15,4», «16,3», «17,3» деген сандар тиісінше «16,2», «17,2», «18,4», «19,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      «- автомобиль көлігі» деген жолдағы «0,91», «0,98», «1,05», «1,12» деген сандар тиісінше «1,46», «1,6», «1,8», «2,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      «- су көлігі» деген жолда «2012 жыл», «2015 жыл» деген бағандардағы «0,2», «0,3» деген сандар тиісінше «16,2», «0,5» деген сандармен ауыстырылсын;
      мына

      «

- әуе көлігі

ККМ деректері

млн. ұшақ/км

113,7

118,0

120,4

121,0

122,0

123,5

124,1

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

2. Транзиттік авиа ұшулар

ККМ деректері

млн. ұшақ/км

114,2

131,7

155,8

164,5

167,8

171,1

174,5

                                                                   »;

      мына

      «

2. Транзиттік тасымалдардан түсетін кірістің ұлғаюы

ККМ деректері

млрд. теңге

68,4

92,3

89,5

92,8

97,7

103,5

110,4

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

3. Транзиттік тасымалдардан түсетін кірістің ұлғаюы

ККМ деректері

млрд. теңге

68,4

92,3

146,2

157,6

170,0

190,0

220,0

                                                                   »;

      «Қазақстан Республикасының көлік кешенін халықаралық көлік желісіне ықпалдастыру деңгейін арттыру» деген 2.1.1-міндетте:
      «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

7. Қазақстанда және Қазақстан Республикасынан тысқары жерде көлік-логистикалық объектілерін құру

-

-

-

х

х

                                                                   »;

      «Мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған, қазіргі заманғы технологияларға негізделген қызметтерді, өндірістерді және АКТ инфрақұрылымын, инновацияларды дамыту» деген 3-стратегиялық бағытта:
      «Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымының дамуын қоса алғанда, ЖІӨ-дегі АКТ секторы үлесінің өсуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету» деген 3.1-мақсатта:
      «АКТ саласындағы базалық қызметтерге қолжетімділік деңгейі және Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарын телефон байланысымен, Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен 100 % қамтуды қамтамасыз ету» деген 3.1.1-міндетте:
      мына:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

8. Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық ақпараттық ағындар транзитінің үлесі (Еуропа/Ресей-Азия)

ККМ деректері

%

-

-

-

2,9

3,0

3,0

3,0

                                                                   »;

      «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда»:
      «5. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңгеру» деген жолда «2013 жыл», «2014 жыл», «2015 жыл» деген бағандардағы «х» деген мән «-» деген мәнмен ауыстырылсын;
      «Тұрғындар саны 1000 адам және одан жоғары барлық елді мекендерді ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету» деген 3.1.2-міндетте:
      «3. Тұрғындары 1000 және одан көп адамнан тұратын елді мекендерді ұялы байланыс қызметтерімен қамту» деген жолда «2013 жыл» деген бағандағы «84» деген сандар «94» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Телекоммуникация және пошталық байланысы қызметтерінің тиiстi нарығында бәсекелестiктi дамыту жағдайларын қамтамасыз ету» деген 3.1.7-міндетте:
      «1. Табиғи монополия саласынан шығарылған телекоммуникация және пошта байланысы қызметтерінің реттелетін саны» деген жолда «2015 жыл» деген бағандағы «1» деген сан «-» деген мәнмен ауыстырылсын;
      «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда»:
      «2015 жыл» деген бағанда:
      «5. Телекоммуникация саласындағы реттелетін қызметтерге табиғи монополия аясына жатқызу мәніне талдау жүргізу» деген жолда «2015 жыл» деген бағандағы «х» деген мән «-» деген мәнмен ауыстырылсын;
      «6. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесіне өзгерістер енгізу» деген жолда «2015 жыл» деген бағандағы «х» деген мән «-» деген мәнмен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу үдерістерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, соның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар және тетіктер жасау» деген 4-стратегиялық бағытта:
      «Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеу деңгейін арттыру» деген 4.1-мақсатта:
      «Цифрлық сертификаттар арқылы азаматтардың және ұйымдардың мемлекеттік электрондық қызметтерге қауіпсіз қол жетімділігін қамтамасыз ету» деген 4.1.1-міндетте:
      «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда»:
      «Е-әкімдік қызметтері» АЖ-ны бейімдеу және жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру» деген жолда «2013 жыл», «2014 жыл», «2015 жыл» деген бағандағы «-» деген мән «х» деген мәнмен ауыстырылсын;
      мына

      «

16. Мемлекеттік органдардың автоматтандыруға жататын функциялар (үдерістер) тізбесін қалыптастыру

х

х

-

-

-

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

16. Мемлекеттік органдардың автоматтандыруға жататын функциялар (үдерістер) тізбесін келісу (ККМ-ке МО-дан сұрау салулар түскен жағдайда)

х

х

х

х

х

                                                                   »;

      3.2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «

3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен
мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттың атауы

1

2

1-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымын дамыту

1.1-мақсат. Көліктік-коммуникациялық кешенін озыңқы даму қарқынына қол жеткізу

1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы.
2. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.
3. «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығы.
4. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы.

2-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту

2.1-мақсат. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдар көлемдерін ұлғайту

1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы.
2. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.
3. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.

3-стратегиялық бағыт. Мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған, қазіргі заманғы технологияларға негізделген қызметтерді, өндірістерді және АКТ инфрақұрылымын дамыту

3.1-мақсат. ЖІӨ-де АКТ секторы үлесінің өсуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету

1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.
2. «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске-асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығы.
3. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.

4-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу үдерістерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, соның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар және тетіктер жасау

4.1-мақсат. Электронды форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеу деңгейін арттыру

1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы.
2. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.
3. «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығы.
4. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.

                                                                   »;

      «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымын дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:
      «Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар» деген бағанда:
      «Көліктік-коммуникациялық кешеннің озыңқы даму қарқынына қол жеткізу» деген 1.1-мақсатта:
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу» іске асыру кезеңі 2013 жыл;
      «Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» деген 2-стратегиялық бағытта:
      «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдар көлемдерін ұлғайту» деген 2.1-мақсатта:
      «Мемлекеттік органның стратегиялық бағыты мен мақсаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар» деген бағанда:
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу» іске асыру кезеңі 2013 жыл.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов