Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары (50 + бастамасы) (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) 2013 жылғы 1 қыркүйекке және 2013 жылғы 25 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2013 жылғы 20 қыркүйекке және 2014 жылғы 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 14 мамырдағы
№ 478 қаулысымен
бекітілген
50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
кешенді жоспары
(50 + бастамасы)
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Болжанатын шығыстар, млн. теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Жұмыс орындарын құру |
|||||
1 |
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарының шеңберінде, оның ішінде әйелдердің еңбегін кеңінен қолдануға бағытталған жобаларды іске асыру кезінде 50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мәселесін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ИЖТМ, АШМ, МГМ, ККМ, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2013 жылғы мамыр – желтоқсан |
талап етілмейді |
2 |
«Жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде 50 жастан асқан адамдар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ӨДМ, ЭБЖМ |
2013 жылғы маусым |
талап етілмейді |
3 |
Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және шығарылатын өнімді қайта өңдеу, халықтық көркем кәсіпшілік пен қолөнер арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарда үй еңбегін дамыту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
Еңбекмині, АШМ, облыс әкімдері |
2013 жылғы маусым |
талап етілмейді |
4 |
50 жастан асқан фермерлердің қаржылық қызметтерге және инфрақұрылымды пайдалануға байланысты қызметтерге, сондай-ақ ауыл шаруашылығын жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларына тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз ету негізінде олардың мүмкіндіктерін кеңейту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
АШМ, облыс әкімдері |
2013 жылғы шілде |
талап етілмейді |
Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу |
|||||
5 |
Қашықтықтан жұмыспен қамтуды пайдалана отырып, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау арқылы өңірлік жұмысқа орналастыру жоспарларын әзірлеу |
Өңірлік іс-шаралар жоспарлары |
Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2013 жылғы шілде |
талап етілмейді |
6 |
Халықаралық тәжірибені зерттеу және 50 жастан асқан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
Еңбекмині, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері (келісім бойынша), облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2013 жылғы маусым |
талап етілмейді |
7 |
50 жастан асқан адамдарды әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдауды ынталандыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
Еңбекмині, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2013 жылғы маусым |
талап етілмейді |
8 |
Мына: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині |
2014 жылғы қаңтар |
талап етілмейді |
жергілікті атқарушы органдар |
|||||
орталық атқарушы органдар |
|||||
9 |
Бас, салалық, өңірлік келісімдерге, ұжымдық шарттарға: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері (келісім бойынша), облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2013 жылғы тамыз |
талап етілмейді |
10 |
Әлеуметтік жұмыс орындарын құруды, ерекше қиындық көріп жүрген, оның ішінде 50 жастан асқан адамдарға қолдау көрсетуді көздейтін «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу жөніндегі агенттікті дамыту мәселесін қарау |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2013 жылғы қазан |
талап етілмейді |
11 |
50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында үкіметтік емес ұйымдарды және жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктерді жұмысқа орналастыруға тарту мәселесін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині |
2013 жылғы қараша |
талап етілмейді |
Жұмыспен қамтылған адамдарға арналған кепілдіктер |
|||||
12 |
Еңбек кодексіне және басқа да заңнамалық актілерге 55 жастағы адамдарды жұмысқа алған және зейнетақы жасына жеткенге дейін жұмыс істеуін сақтаған кезде кемсітуді болдырмауға бағытталған кепілдіктерді күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
Еңбекмині |
2013 жылғы сәуір |
талап етілмейді |
13 |
Жұмысқа қабылдаған кезде және еңбек қызметі уақытында кемсітуді болдырмау бөлігінде еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, республикалық кәсіподақтар бірлестіктері (келісім бойынша) |
жарты жылда 1 рет |
талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі