Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақта:
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова;»;
3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;»;
4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев;»;
2) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Асқар Ерболатұлы Досаев белгіленсін.»;
3) «Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестiрушiнi тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық Азия Өңiрлiк Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Мекешұлы Жақсылықов тағайындалсын.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов