Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Асқар Ерболатұлы Досаев белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 N 470 қаулысымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 3, 34-құжат);
2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 493-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |
|
Премьер-Министрі |