Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 450 қаулысы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі бар құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында ғана қабылданады және жолданады.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кеңсеге сенбі күндері келіп түсетін құжаттарды қабылдауды сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін іс жүргізу және мұрағат секторының кезекші қызметкерлері жүзеге асырады, сондай-ақ оларды кейіннен іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге міндетті түрде беру арқылы Премьер-Министрдің қабылдау бөлмесінің жауапты кезекшісі де жүзеге асыра алады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмағанда бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам, өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктердің немесе агенттіктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам) қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдануға жатады. Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының расталған көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, тапсырмалардың орындалуы туралы сауалға жауап қайтару немесе есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күнге сәйкес келетін құжаттарды (басқа жерден поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефонының нөмірі, сондай-ақ құжат данасының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышында немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469). Құжат қосымшасының әр бетіне құжатқа қол қойған немесе дайындаған адам қол қоюы тиіс.

      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі бланкісіз қол қойылған нұсқасы қоса беріледі).

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде даналарының саны ескерілмейді.

      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында келіп түсетін құжаттарды (тек электрондық нысанда) кеңсе сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін қабылдайды және белгіленген тәртіппен өңдейді.";

      19-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң бөліміне бағытталатын барлық хат-хабар (құжаттар) алдын ала қарауға;";

      25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң бөлімінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша құжаттар тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне алдын ала беріледі.";

      29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын Заң бөлімінің қызметкерлері Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісім бойынша дайындайды.";

      31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет пен Кеңсе басшылығының Заң бөлімі дайындаған қарарларының жобалары алдын ала Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.";

      32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер тапсырма Заң бөліміне жолданса немесе көшірмелерде Заң бөліміне жіберілсе, қарарда міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) көрсетіледі.";

      35-тармақтың екінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) құжатты алдын ала қарағаннан кейін оны орындау жөнінде Заң бөлімінің меңгерушісіне және (немесе) құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына жазбаша тапсырма береді және егер құжатты орындау туралы тапсырма Заң бөлімінің құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына ғана берілсе, құжатты Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесінің қызметкеріне қайтарады, ол орындаушы туралы есептік деректерді Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына және карточканың бірінші данасына дереу енгізеді.

      Заң бөлімі дайындаған Премьер-Министрдің, Үкімет және Кеңсе басшылығы қарарларының жобаларына (қызметтік жазбаның немесе жауап жобасына) Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама соғады.";

      38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңсеге мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түскен және орындалуын бақылау Заң бөліміне бекітіліп берілген бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер алдын ала Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне жіберіледі.";

      44-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Құжатқа күн сәулесіне төзімді сиямен қол қойылады. Құжаттың түпнұсқасына факсимиле қою арқылы қол қоюға тыйым салынады.";

      51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Шығыс құжатының күнін араб сандарымен: айдың күні, айы, жылы кезектілігімен рәсімдейді. Айдың күнін және айды нүктемен бөлінген екі жұп араб санымен, жылды төрт араб санымен ресімдейді. Күнді сөздік-сандық тәсілмен жазу нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасағанда азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін айқындайтын қаржылық сипаттағы мәліметтерді қамтитын құжаттарда пайдаланылады және былайша ресімделеді: мысалы, 2009 жылғы 4 маусым және тіркеу нөмірі. 04.06.2009 күннің қысқартылған жазуы ереже бойынша анықтамаларға, баяндамалық жазбаларға және т.с.с. қойылған қолдан кейін қойылады.";

      77-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Кеңсе бөлімшелерінде таратылуы шектелген мәліметі бар құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде оларға "ҚПҮ" деген белгісі мен дананың нөмірі қойылады. Құжаттың және ілеспе хаттың әрбір данасының соңғы парағының сырт жағында жөнелтілген құжаттың даналары қайда жолданғаны және оның жібергендігі, құжатты орындаушының тегі және файлды жою туралы белгі көрсетіледі.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, егер алған құжаттағы мәліметтер таратылуы шектеулі мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, одан "ҚПҮ" деген белгіні алып тастауға құқығы бар. Олар сондай-ақ осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторымен келісім бойынша құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады. "ҚПҮ" деген белгісі бар ксерокөшірме құжаттар есебін жүргізу әр данасы бойынша жүзеге асырылады. "ҚПҮ" деген белгісі бар құжаттар басқа құпия емес құжаттардан бөлек, металл сейфтер мен шкафтарда сақталуы тиіс.";

      83-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға қорғалмаған байланыс арналары бойынша кіруге тыйым салынбаған тиісті материалдармен бірге жібереді.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал таныстырулардың электрондық нұсқаларын мәжіліс болатын күннің алдындағы екі күннен кешіктірмей енгізеді.";

      91-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң бөлімі көрсетілген материалдар Кеңсе Басшысының қарауына шығарылғанға дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.";

      93-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілген материалдарға Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қосымша бұрыштама қоюы Заң бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде талап етіледі.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тиісті материалдармен бірге күн тәртібін "Қазақстан Республикасының мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған тізімге сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын орындай отырып, Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға мобильдік құрылғыларына жіберді.";

      107-тармақтың бірінші, үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы тыстарда реттік нөмірін көрсете отырып, атаулы папкаларға жинақталады және мәжіліске дейін 1 күн бұрын Хатшылыққа, тиісті қабылдау бөлмелеріне беріледі.";

      "Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдарды жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше (Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келісім бойынша Заң бөлімі):";

      "Премьер-Министр Кеңесшісіне – Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет мәжілісін жүргізу тәртібінің жобасы, сондай-ақ Үкімет мәжілісінің қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және мәжіліске дейін күнтізбелік 3 күн бұрын ұсынады. Хатшылық мәжіліске арналған материалдар салынған папкаларды Премьер-Министр үшін жинақтауды жүзеге асырады, ал жүргізу тәртібінің түпкілікті көшірмесін Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне береді.";

      121-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң бөлімі Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын ұсынады.";

      123, 135, 136-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасарлары (міндеттерді бөлуге байланысты), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.";

      "135. Жобаны енгізген мемлекеттік органның өкілі жобаның төлнұсқасын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару бойынша жауапты қызметкеріне тапсырады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      136. Премьер-Министрдің Кеңсесінде Заң бөлімі жобаны заңдық техника қағидаларының сақталуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне тексеруді, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік және орыс тілдері ережелерінің сақталуына, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауап береді) және Үкімет Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігіне алдын ала тексеруді ұйымдастырады. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.";

      137-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.";

      139-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әзірлеуші мемлекеттік органның жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс.";

      140-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге түскен күнінен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін 20 жұмыс күнінен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі 5 күнтізбелік күннен аспауы тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басымдықты заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға ұзартуы мүмкін.";

      144-тармақтың бірінші бөлігінде:

      екінші абзацы алынып тасталсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әр парағына қол қойылғаннан кейін жобаларға (қағаз тасығыштарда және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама соғады, ал заң жобаларын Парламентке жолдауды немесе Парламенттен қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларына Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі Өкілдігінің басшысы қол қояды;";

      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Үкімет қаулыларының жобаларына және Үкімет бастамашылық еткен заң жобалары бойынша, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша депутаттардың түзетулеріне Үкiмет қорытындыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.";

      173-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әр іс көп дегенде 180 парақты қамтуы тиіс. Егер істе құжаттар көп болса, онда олар томдарға (бөліктерге) бөлінеді.";

      183, 185, 186-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "183. Өткен жыл ішінде іс жүргізілуі аяқталған істер Кеңсе Басшысы бекіткен кесте бойынша келесі жылдың сәуірінен қарашасына дейін мұрағатқа қабылданады. Істерді тапсыруды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы мұрағаттарын жүргізу үшін жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.

      Құжаттың түпнұсқаларын анықталмаған жағдайда Кеңсе Басшысына баяндау үшін орындаушымен құрылым бөлімшенің басшысымен және орындаушымен қол қойылған анықтама құрастырылады.";

      "185. Құжаттарға тіркеу-қабылдау карточкаларының даналары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің және тиісті орындаушы (бірлесіп орындаушы) құрылымдық бөлімшелердің жедел сақтауында болады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін карточкалар белгіленген тәртіппен жойылады.

      186. Мұрағаттық сақтауда жатқан құжаттар қажет болған жағдайда мұрағаттан құрылымдық бөлімшелерге Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен уақытша пайдалануға беріледі.";

      193-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды мұрағаттық істен алуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Іс жүргізудегі немесе ағымдағы мұрағаттағы құжаттар зерттеушілерге берілмейді. 1990 жылға дейін Орталық мемлекеттік мұрағатта және 1994 жылдан бастап Ұлттық мұрағатта сақталатын Кеңсе құжаттары зерттеушілерге Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының Орталық мемлекеттік мұрағаты басшылығының жазбаша қолдаухатының негізінде және Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Қажет болған кезде құжаттар Кеңсенің ағымдағы мұрағатынан құжаттар өтінім негізінде (13-қосымша) тиісті журналға белгі қойыла отырып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің рұқсатымен ғана 10 күннен аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.";

      Нұсқаулыққа 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Нұсқаулыққа 7-қосымшаның 5-тармағының реттік нөмірі 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1. Заң бөлімі




      ";

      Нұсқаулыққа 12-қосымшада 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кіріс хат-хабарларын, хаттамаларын, шығыс құжаттардың, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, оның ішінде "ҚПҮ" деген белгісі бар ксерокөшіруге арналған (№ 2 нысан) өтінімдерге Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің, оның орынбасарларының, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару секторының бас инспекторының, бақылау секторының меңгерушісінің, іс жүргізу және мұрағат секторының меңгерушісінің, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісінің қол қоюға құқығы бар.";

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа 13-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергілiкті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі нұсқаулықта:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бақылау құжаттарының тізбесі мемлекеттік органдарға "Мемлекеттік органдардың интранет-порталы" ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары - құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне, ал олардың көшірмелері Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) бекіткен немесе оның тапсырмасымен бекітілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.";

      12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нақты орындау мерзімін көрсете отырып бақылаудан алу, мерзімін ұзарту тапсырманы берушінің қарарымен, ал Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарарымен бөлімнің жазбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен басшылық тапсырмаларының нақты орындалу мерзімін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы дереу хабардар етеді.";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "ҚПҮ" деген белгісі бар хаттамалар Бақылау секторына қағаз және электрондық нысанда (электрондық жеткізгіштерде) ұсынылады.";

      14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Кеңсеге келіп түскен күні белгіленген нысандағы есеп карточкалары бойынша ( 1-қосымша) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторында (бұдан әрі - іс жүргізу және мұрағат секторы) тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда жеке өтініштер үшін автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен (мысалы, А-1780), ұжымдық өтініштер үшін ҰЖЫМ индексінен, нөмірі мен күнінен тұратын тіркеу индексі көрсетіледі. Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2008). Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол жүйелі, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің адрестілігін негіздеуі қажет.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, іс жүргізу және мұрағат секторының өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған талон (1а-қосымша) беріледі.";

      14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бүркеншік өтініштер іс жүргізу және мұрағат секторында зерттеледі және бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.";

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісінде ақпараттық тақтаға ілінеді.";

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа 1а-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережесінде:

      10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1. Әділет министрлігіне заңдық сараптама жүргізу үшін келісуге жіберген кезде заң жобалары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы тұлғаның) мемлекетті органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып келісіледі.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 629 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.03.2019 № 108 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Премьер-Министр Кеңсесінде тіркеуге жатпайтын құжаттардың
ТІЗБЕСІ

      Кеңсеге келіп түсетін, олар бойынша шешім қабылдауды талап етпейтін (қойылған мәселелері жоқ) мынадай құжаттар тіркелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы;

      2) Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы;

      3) облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы алқа отырыстарының хаттамалары, сондай-ақ олардың жекелеген шешімдері;

      4) Кеңсеге мәлімет үшін келіп түсетін хаттардың көшірмелері;

      5) тағайындалатын қызметкерлер жөніндегі есептік деректер;

      6) мемлекеттік органдар жұмысы, экономика саласы мен әлеуметтік-мәдени сала туралы статистикалық есептер, мәліметтер, анықтамалар және мәлімет үшін жіберілген басқа да ақпараттар;

      7) ІІМ, ТЖМ және басқа да жедел қызметтердің шұғыл ақпарлары;

      8) ауа-райы мәліметтері;

      9) Кеңсе сұрау салатын алқаның қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары;

      10) әлеуметтанушылық зерттеулердің материалдары;

      11) баспа басылымдары (кітаптар, брошюралар, газеттер, журналдар және басқалары);

      12) құттықтау жеделхаттары мен ашықхаттары (мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының жолдауларынан басқа);

      13) шақырулар;

      14) жарнамалық ақпарат;

      15) телефон орнатуға өтінімдер;

      16) рұқсаттамалар беруге өтінімдер;

      17) бухгалтерлік құжаттар;

      18) кездесуді ұйымдастыру туралы өтініштері бар хаттар.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша

Премьер-Министр Министрінің
ведомстволық мұрағатынан құжаттарды беруге
ӨТІНІМ

      Бөлім _______________________________________________________________

      Кімге (Т.А.Ә.) ______________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

Құжаттың атауы

Құжаттың тіркеу-есептік деректері

Қолданыстағы редакция

Түпнұсқасы (құжат парақтарының саны

Алушының қолы

1

2

3

4

5










































      Рұқсат етемін ____ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі

      Күні _____________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына
3-қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау және олардың
орындалуын бақылау тәртібі туралы
нұсқаулыққа 1а-қосымша

      (талонның алдыңғы беті)

ТАЛОН*

(түбіртек)

ТАЛОН

(корешок)




















(талонның саны/номер талона)

Өтініш/обращение

____________________________________________

(өтініш берушінің аты-жөні немесе атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя)

____________________________________________

"___" _____________ 20__ ж./г. _____________

____________________________________________

Өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, аты-жөні, қолы/должность, Ф.И.О., подпись сотрудника, принявшего обращение

____________________________________________

____________________________________________

(қолы/подпись)

Талон қабылдаушының қолы/подпись получившего талон

___________________ "___" сағ/час "___" мин.

"___" ___________________________ 20__ ж./г.


ТАЛОН*

(жыртылмалы талон)

ТАЛОН

(отрывной талон)




















(талонның саны/номер талона)

Өтініш/обращение

________________________________________

(өтініш берушінің аты-жөні немесе атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя)

________________________________________

(қабылданды/принято. Қабылдаған/принял (лауазымы, аты-жөні/должность, фамилия и инициалы)

________________________________________

________________________________________

(субъект атауы, мекенжайы және қызметтік телефоны/наименование субъекта, адрес и служебный телефон)

________________________________________

Ескерту\примечание:

Өтініш бойынша шешім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімде қабылданатын болады.

Решение по обращению будет принято в сроки, установленные законодательными актами Республики Казахстан.

"___" ______________________ 20__ ж./г.

_________________________ (қолы/подпись)


      (талонның артқы беті)

* Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2012 жылғы 14 маусымдағы

№ 66 бұйрығына қосымша

Жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерін есепке алу Ережесіне

3-қосымша

Интернет желісінің мекенжайы:

http:\\service.pravstat.kz

Адрес Интернет ресурса:

http:\\service.pravstat.kz

1012 нөміріне SMS хабарлама

SMS сообщение на номер 1012

Станционарлық телефон арқылы

8 800-080-7777 нөмірге

Со станционарного телефона на номер

8 800-080-7777

Ұялы телефон арқылы 1414 нөміріне

С мобильного телефона на номер 1414

Ескерту\примечание:

Көрсетілген қызметтер барлық байланыс операторлары бойынша құны 15 теңге тұратын SMS-хабарламалардан

басқаларында ақысыз жүзеге асырылады.

Указанные услуги, за исключением SMS-сообщения

стоимостью 15 тенге на все операторы связи, осуществляются бесплатно.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына
6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.