"Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 431 қаулысы

Қолданыстағы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі болып табылады.»;
      көрсетілген Ережеге қосымшада:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – ӨДМ) рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларын түгендеу бойынша сараптамалық топ (бұдан әрі – СТ) құрамын қалыптастырады және ВАК-қа келісуге ұсынады.»;
      10111213 және 20-тармақтардағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ӨДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 431 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 1140 қаулысына    
қосымша        

Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі – төраға;
      «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы – төрағаның орынбасары (келісім бойынша);
      «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы – төрағаның орынбасары (келісім бойынша);
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі – хатшы;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;
      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша);
      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
      Қазақстан Кәсіпкерлері форумының жетекшісі (келісім бойынша);
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісім бойынша).