Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 756 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі болып табылады.";
көрсетілген Ережеге қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – ӨДМ) рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларын түгендеу бойынша сараптамалық топ (бұдан әрі – СТ) құрамын қалыптастырады және ВАК-қа келісуге ұсынады.";
10, 11, 12, 13 және 20-тармақтардағы "ЭДСМ" деген аббревиатура "ӨДМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 431 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына қосымша |
Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі – төраға;
"Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының хатшысы – төрағаның орынбасары (келісім бойынша);
"Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы – төрағаның орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі – хатшы;
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Кәсіпкерлері форумының жетекшісі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісім бойынша).