«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;
1-1) баламалы жол: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Атбасар» учаскесі, «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар – Зеренді» учаскесі», «Щучье – Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуы мүмкін;
2) ақылы жолдың бастапқы пункті – 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 230+250 км;
3) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі:
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр |
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Шортанды ауданы |
|
44 км + 000 |
Бозайғыр ауылы (Елизаветинка) |
70 км + 500 |
Дамса кенті |
75 км + 200 |
Шортанды қаласы |
82 км + 300 |
Мықтыкөл ауылы (Барышевка) |
Ақкөл ауданы |
|
94 км + 700 |
Еңбек ауылы (Трудовое) |
107 км + 800 |
Ақкөл қаласы |
117 км + 000 |
Барап кенті |
124 км + 600 |
Красный Горняк кенті |
Бұланды ауданы |
|
143 км + 100 |
Алакөл ауылы (Богдановка) |
150 км + 000 |
Жаңаталап ауылы |
160 км + 500 |
Алтынды кенті (Даниловка) |
Еңбекшілдер ауданы |
|
170 км + 500 |
Қоғам кенті |
179 км + 900 |
Макинка ауылы |
Бұланды ауданы |
|
196 км + 700 |
Макинск қаласы |
Бурабай ауданы |
|
208 км + 900 |
Қаражар кенті (Черноярка) |
212 км + 100 |
Атамекен ауылы (Климовка) |
216 км + 500 |
Жасыл кенті |
222 км + 000 |
Жаңажол ауылы |
4) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;
алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу;
5) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 211 км 478 метр;
6) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалады;
7) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі:
Р/с |
Елді мекеннің атауы |
Шортанды ауданы |
|
1. |
Бозайғыр ауылы (Елизаветинка) |
2. |
Мықтыкөл ауылы (Барышевка) |
Новокубанский ауылдық округі |
|
3. |
Дамса кенті |
Бозайғыр ауылдық округі |
|
4. |
Бозайғыр кенті |
Кеңес ауылдық округі |
|
Ақкөл ауданы |
|
5. |
Барап кенті |
6. |
Красный Горняк кенті |
Еңбек ауылдық округі |
|
7. |
Еңбек ауылы (Трудовое) |
Даниловка ауылдық округі |
|
8. |
Алакөл кенті |
Бұланды ауданы |
|
9. |
Боярка кенті |
10. |
Жаңаталап кенті |
11. |
Елтай кенті |
12. |
Алтынды кенті (Даниловка) |
Ақсу ауылдық округі |
|
Еңбекшілдер ауданы |
|
13. |
Қоғам кенті |
Бурабай ауданы |
|
Атамекен ауылдық округі |
|
14. |
Атамекен ауылы (Климовка) |
15. |
Қаражар кенті (Черноярка) |
16. |
Жаңажол кенті |
17. |
Жасыл кенті |
8) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2013 № 1039 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамына «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 429 қаулысына
қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем
ставкалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2013 № 1039 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
1. І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі:
РҚАО-ның ескертпесі!
ҚР Үкіметінің 01.10.2013 N 1039 қаулысымен кестеде 9-шы баған көзделген (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
теңге
Аймақтар |
Аудандар |
2 білікті жеңіл автокөліктер |
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 1 тн жоғары 2,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері |
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері |
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін 2 білікті автопоездар |
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі 3 білікті жүк автомобильдері |
|
Жергілікті көлік |
транзит |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. |
Шортанды (66 км) |
30 |
60 |
310 |
650 |
950 |
1300 |
2. |
Ақкөл (51 км) |
30 |
50 |
250 |
500 |
750 |
1000 |
3. |
Бұланды (22 км) |
10 |
20 |
100 |
220 |
320 |
440 |
4. |
Еңбекшілдер (46 км) |
20 |
50 |
210 |
460 |
680 |
920 |
5. |
Бурабай (26,5 км) |
10 |
20 |
130 |
270 |
400 |
540 |
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны |
100 |
200 |
1000 |
2100 |
3100 |
4200 |
|
Тіркелмеген автокөлік құралдары |
250 |
1200 |
2500 |
3700 |
5000 |
Ескертпе*.
1) тіркелмеген автокөлік құралдары – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы ІІМ тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ автокөлік құралдары;
2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
3) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік.
2. Екі білікті жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүргені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.
3. Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 9-бағаны қолданысқа енгізілгенге дейін жүк көтергіштігі 15 тн. жоғары көп білікті жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелі, ершікті тартқыштар ақы төлеуді ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 8-бағанында белгіленген төлем ставкалары бойынша жүргізеді.