Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығын қараңыз.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 394 қаулысымен
бекітілген
Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын
(жобасын) бекіту және оны түзету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді.
2. Табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – субъект) инвестициялық бағдарламасы (жобасы) Қазақстан Республикасы дамуының басымдықтары мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып әзірленеді.
Бекітілген инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген субъектінің негізгі құралдарына салымдар көлемі реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағалардың, алымдар мөлшерлемесінің) шекті өсу болжамын ағымдағы кезеңге және орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді перспективаға есептеу кезінде ескеріледі.
3. Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы):
1) іске асыру мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді кезең (1 жылға дейінгі уақытты қоса алғанда), орташа мерзімді кезең (1 жылдан асатын 5 жылға дейінгі уақытты қоса алғанда), ұзақ мерзімді кезең (5 жылдан астам);
2) мәртебесі бойынша – республикалық және жергілікті;
3) іс-қимылдардың бағыттылығы бойынша – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған субъектінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға инвестициялар болып бөлінеді.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық тарифтік смета – Заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) талаптарына сай субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыру басталатын жылға белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен тарифтік смета;
2) инвестициялық бағдарлама – бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған субъектінің, реттелетін нарық субъектісінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, негiзгi құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;
3) инвестициялық жоба – жаңа өндiрiстердi салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;
4) болжамды тарифтік смета – уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әрбір жылына қабылдаған және келіскен тарифтік смета;
5) тарифтік кіріс – субъектінің уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алған кірісі;
6) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
7) мемлекеттік орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган, ал субъектілердің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын субъекті үшін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.
2. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау және бекіту
тәртібі
5. Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайды қоспағанда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк органмен бiрлесiп бекiтедi.
Субъектілердің мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын болып табылатын субъектiнiң инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен бiрлесiп бекiтедi.
6. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін субъект уәкілетті органға мыналарды:
1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны);
2) заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізілген қаржылық және техникалық сараптамалар қорытындыларын;
3) субъекті ұсынатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың дамуына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әсері туралы субъектінің бағалауын;
4) негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, негізгі құралдар мен өзге мүліктің құны туралы маркетингтік зерттеулермен расталған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға арналған шығындар туралы ақпаратты;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну шығындарын төмендету, нормативтік және нормативтен тыс ысыраптарды төмендету, жүйе сенімділігін арттыру жөніндегі есептерді қамтитын инвестициялық салымдардың экономикалық тиімділігі туралы бағалауды;
6) қаржыландырудың және қарыз қаражатын қайтарудың, оның iшiнде бағалы қағаздар эмиссиялары, кредиттер тарту есебiнен ықтимал шарттарын;
7) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде топтар бойынша негізгі құралдар құнына жүргізілген қайта бағалау нәтижелерін;
8) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын болса, оны қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді.
Инвестициялық бағдарламаға (жобаға) қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді және субъекті басшысының мөрімен және қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға субъектінің басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және субъектінің мөрімен расталады.
7. Инвестициялық бағдарламаның (жобалардың) бюджетін жоспарлау мен жасау базалық тарифтік сметаға сәйкес жүзеге асырылады, оның негізінде болжамды тарифтік смета, тарифтік кіріс қалыптастырылады және қаржылық көрсеткіштер бағаланады. Инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген инвестициялық шығындарды өтеуді уәкілетті органмен келісілетін қажетті тарифтік кіріс қамтамасыз етеді.
8. Инвестициялық бағдарламалардың (жобаның) тиімділігіне экономикалық және қаржылық бағалау жүргізудің негізгі қағидаттары мынадай деректерді ескере отырып жүзеге асырылады:
1) осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес кестелерде ұсынылған деректер негізіндегі тарифтік кіріс;
2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңіне болжамды тарифтік смета жасауға арналған бастапқы деректер, олар:
базалық тарифтік смета;
инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңіне арналған қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі және активтердің реттелетін базасының болжанып отырған деңгейі;
инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңіне ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге сұраныстың өсу перспективалары туралы субъектінің бағалауы;
негізгі құралдарды техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қалпына келтіру және жаңаларын енгізу бағдарламасы;
күрделі қаржы салымдарын жылдар бойынша игеру кестесі;
қарыз қаражаты бойынша негізгі борышты және сыйақыларды өтеу кестесі;
реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлеміне жылдар бойынша ағымдағы тұрақты және ауыспалы шығындар, кезең шығыстары болып табылады.
9. Болжамды тарифтік сметалардағы шығындарды қалыптастыру мыналарды қамтиды:
1) қажет болған жағдайда қолданыстағы тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шеңберінде Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) іске асыру басталу кезінде нақты қалыптасқан шығындарға сәйкес түзетілген базалық тарифтік сметаның негізінде қалыптастырылған шығындар;
2) нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығындар;
3) тікелей желілік (біркелкі) әдіс бойынша есептелген негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы. Уәкілетті органмен келісім бойынша тозуды есептеудің өзге әдістерін қолдануға болады;
4) нақты санның қабылдануын ескере отырып, бірақ Заңның 13-бабының 1-тармағы 5-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен субъектінің нормативтік санынан аспайтын еңбекақы төлеуге арналған шығыстар.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге ұсынған жағдайда еңбекақы шығыстарын айқындау кезінде уәкілетті орган Заңның 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес бекіткен субъектінің нормативтік санынан аспайтын нақты сан есепке алынады.
Субъекті персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстары тұтынушылық бағалар индексінің болжамды өзгеруін және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерін ескере отырып, базалық тарифтік сметада қабылданған еңбекақы төлеу шығыстарына негізделе отырып есептеледі;
5) әкімшілік мақсаттағы шығыстар Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес және тұтынушылық бағалар индексінің болжамды өзгеруін және Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерін есепке ала отырып ескеріледі;
6) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландыруының ресми 2 еселенген мөлшерлемесінен аспайтын ұлттық валютада алынатын қарыз қаражаты бойынша сыйақылар төлеу шығындары;
7) егер қарыз қаражаттары шетел валютасында алынса, онда сыйақы төлеу есебі Лондон банкаралық нарығының 4 еселенген мөлшерлемесін қолдана отырып, шетел валютасына орта жылдық теңге курсы бойынша жүргізіледі;
8) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес әкімшілік персоналдың өкілдік, іссапар шығыстары, қымбат тұратын байланыс түрлеріне, мерзімді баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық қызметтерге арналған шығыстар.
10. Уәкілетті орган экономикалық орындылық қағидаттарына негізделе отырып:
1) инвестицияларға алынған және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде төленетін (төленуге тиіс) кредиттер (қарыздар) үшін сыйақыны жаңа негізгі құралдар құнына енгізеді;
2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде кредиттерге (қарыздарға) қызмет көрсету шығыстарын материалдық емес активтер құнына енгізеді.
11. Қажетті тарифтік кіріс негізделген шығындар мен пайдадан жинақталады.
Тарифтік кірісте ескерілетін пайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
Қолданыстағы заңнамада көзделген және уәкілетті орган рұқсат берген өзге де қызмет түрлерін көрсетуден алынатын пайда субъектінің инвестициялық міндеттемелерін өтеуге бағытталуы мүмкін.
Амортизациялық аударымдар мен реттеліп көрсетілетін қызметтен (тауардан, жұмыстан) түскен пайда субъектінің инвестициялық міндеттемелерін өтеуге бағытталады.
12. Инвестициялық бағдарлама (жоба) мынадай өлшемдерді сақтай отырып әзірленеді:
1) субъектінің қолданысқа енгізілген негізгі құралдарының өтімді бағасының қазіргі деңгейін капитал құраушы шығындар есебінен ұлғайтуға немесе сақтауға қол жеткізу (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде негізгі құралдарды қайта бағалауға (Заңның 14-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес) уәкілетті органның келісімі бойынша жол беріледі);
2) қаржылық-экономикалық тәуекелдерді барынша азайту;
3) табиғи монополиялар субъектісі әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік ысыраптар болған жағдайда оларды төмендету және (немесе) нормативтен тыс ысыраптарды жою;
4) жобаның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің оң мәндері – пайданың (кірістіліктің) ішкі нормасы, субъектілердің реттелiп көрсетiлетiн қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті өсу болжамының шеңберінде және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданысқа енгізілген активтердің, субъектілердің қызметтеріне арналған тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) деңгейі кезінде қолма-қол ақшаның дисконтталған ағыстарының пайдасы;
5) қарыз ресурстарын қарызға алу және өтеу схемаларын оңтайландыру, өндірістік шығындарды төмендету;
6) ұсынылатын реттелiп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;
7) энергияны есепке алудың коммерциялық аспабының автоматтандырылған жүйесін енгізу;
8) субъектінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешегі болған жағдайда, оның деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар.
13. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) оны уәкілетті органға енгізген сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге өтінімді алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде субъектіні оны қарауға қабылдау немесе ұсынылған материалдарды мынадай:
1) субъектінің осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;
2) ұсынылған инвестициялық бағдарламаның (жобаның) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмеуі жағдайларында пысықтау қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді.
14. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау кезінде уәкілетті орган оны іске асыру кезеңінде тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) әсерін айқындау мақсатында тиімділікке экономикалық және қаржылық бағалау жүргізеді.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімнің жобасын жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, субъектіні инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы хабардар етеді.
15. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешім жобасы субъекті ұсынған немесе уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуді көздейді.
16. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не субъектіні инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабардар етеді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы хабардар етеді.
17. Мемлекеттік органның дәлелді қорытындысы болған кезде уәкілетті орган субъектіге инвестициялық бағдарламаны (жобаны) пысықтауға қайтарады.
Субъекті енгізілген дәлелді қорытынды ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны пысықтайды және оны уәкілетті органға қайта қарауға жолдайды.
Уәкілетті орган мен мемлекеттік орган субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) қайта қарауды осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
18. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) уәкілетті органның және мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
Субъектілердің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бірлескен құқықтық актісімен бекітіледі.
19. Субъектінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган мен тиісті мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады.
20. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту үшін негіздер:
1) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігінің болмауы;
2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру көздерінің болмауы;
3) осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын негіздеуші құжаттардың болмауы;
4) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.
Өзге негіздер бойынша инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тартуға жол берілмейді.
21. Осы Қағидаларға сәйкес бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) субъекті үшін орындауға міндетті болып табылады.
Егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде субъект осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге жаңа өтінім берсе, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның қолданыстағы тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелердің) деңгейіне әсерін талдауды жүргізеді.
Егер жаңа инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың қалған мерзіміне болжанған көрсеткіштерден астам өзгертуді талап ететін жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген тәртіппен оны бекітуден бас тартады.
3. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету тәртібі
22. Уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген жағдайларда және тәртіппен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзетеді.
23. Субъекті ағымдағы жылдың соңына дейін күнтізбелік 90 күннен кешіктірмей уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсыныспен жүгінеді.
24. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсынысқа:
1) инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер енгізуді негіздейтін материалдарды (бизнес-жоспар, прайс-парақтар, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама) қоса беріп, түзетулер ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы;
2) негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаға (жобаға) түзетулер (басымдылық) енгізу қажеттігі туралы субъектінің бағалауы;
3) қаржыландырудың және қарыз қаражатын қайтарудың ықтимал шарттары қоса беріледі;
4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылатын болса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар ұсынылады.
Қоса берілетін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, субъекті басшысының мөрімен және қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға субъекті басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және субъектінің мөрімен расталады.
25. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 9-14-тармақтарында көзделген тәртіппен субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) түзету туралы ұсынысты қарайды.
Табиғи монополия субъектісінің
инвестициялық бағдарламасын
(жобасын) бекіту және оны
түзету қағидаларына
1-қосымша
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)
көлемі
Р/с |
Көрсеткіштердің атауы |
Түзетiлген базалық тарифтiк сметада қабылданады |
|||||
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
Реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
||||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Өндiрiлетiн реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың жұмыстардың) көлемi |
||||||
1) |
млн. теңге |
||||||
2) |
заттай көрсеткіштерде |
||||||
2 |
Кейін тұтынушыларға беру үшiн сатып алынатын өнiмнiң (тауарлардың) көлемi |
||||||
1) |
млн. теңге |
||||||
2) |
заттай көрсеткіштерде |
||||||
3 |
Құзыреттi орган бекiткен норматив бойынша өз мұқтажына пайдаланылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi |
||||||
1) |
млн. теңге |
||||||
2) |
заттай көрсеткіштерде |
||||||
3) |
Жалпы көлемнің нақты ысыраптары, заттай көрсеткіштерде: |
||||||
нормативтік |
|||||||
нормативтен тыс |
|||||||
4 |
Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ысыраптарының көлемi: |
||||||
1) |
млн. теңге |
||||||
2) |
заттай көрсеткіштерде |
||||||
3) |
Көлемнің %-дағы нақты ысыраптары (өндiрiлген немесе сатып алынатын өнiмдi көрсету: |
||||||
млн. теңге |
|||||||
заттай көрсеткіштерде |
|||||||
5 |
Тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі: |
||||||
1) |
млн. теңге |
||||||
2) |
заттай көрсеткіштерде барлығы, оның ішінде: |
||||||
транзиттік тұтынушыларға |
|||||||
өз тұтынушыларына, оның ішінде: |
|||||||
6 |
Тұтынушыларға өткізілетін өнiмдердiң (тауарлардың) көлемi: |
||||||
1) |
млн. теңге |
||||||
2) |
заттай көрсеткіштерде барлығы, оның ішінде: |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі |
|||||||||||
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың базалық 1-ші жылы |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың 2-шi жылы |
||||||||||
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
Реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
Реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
||||||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі |
… |
|||||
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың 3-ші жылы |
… |
|||||
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
Реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
… |
||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
… |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
Табиғи монополия субъектісінің
инвестициялық бағдарламасын
(жобасын) бекіту және оны
түзету қағидаларына
2-қосымша
Шығыстар (реттелiп көрсетiлетiн қызметтер
(тауарлар, жұмыстар) бойынша)
Р/с |
Көрсеткіштердің атауы |
Түзетiлген базалық тарифтiк сметада қабылданды |
|||||
Барлық шығыстар |
оның ішінде кезең шығыстары |
||||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Материалдық шығындар, барлығы |
||||||
1) |
шикiзат және материалдар - барлығы, оның iшiнде: |
||||||
заттай көрсеткіштерде |
|||||||
шетел валютасында сатып алынған |
|||||||
2) |
сатып алынатын бұйымдар мен жартылай дайын фабрикаттар, қосалқы материалдар - барлығы, оның iшiнде: |
||||||
шетел валютасында сатып алынған |
|||||||
3) |
отын - барлығы, оның ішінде: |
||||||
шетел валютасында сатып алынған |
|||||||
4) |
электр энергиясы барлығы,оның ішінде: |
||||||
жалпы көлемнің нақты ысыраптары, заттай көрсеткіштерде: |
|||||||
шетел валютасында сатып алынған |
|||||||
2 |
Субъектінің негiзгi құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да қайта қалпына келтіру жұмыстарына бағыттайтын қаражаты |
||||||
1) |
ағымдағы жөндеу |
||||||
2) |
негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу |
||||||
3 |
Өзге шығындар*) |
||||||
4 |
Негізгі құралдардың тозуы**) |
||||||
5 |
Материалдық емес активтердің амортизациясы**) |
||||||
6 |
Өзге шығыстар барлығы, оның iшiнде: |
||||||
1) |
іссапар шығыстары |
||||||
7 |
Салық төлемдері*) және алымдар барлығы, оның ішінде: |
||||||
1) |
мүлік салығы |
||||||
2) |
табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төлем |
||||||
8 |
Бөгде ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеу*) барлығы, оның ішінде: |
||||||
1) |
жалдау ақысы |
||||||
9 |
Басқа да шығындар*) барлығы, оның ішінде: |
||||||
1) |
сыйақыларды төлеу жөнiндегi шығыстар |
||||||
шетелдік валютада |
|||||||
10 |
Жалақы қоры барлығы, оның iшiнде: |
||||||
1) |
өндірістік персонал |
||||||
2) |
көмекші персонал |
||||||
3) |
әкімшілік персонал - барлығы, оның ішінде |
||||||
бас офис |
|||||||
4) |
әлеуметтік салық |
||||||
11 |
Шығыстар барлығы |
||||||
12 |
Жылдар бойынша күрделi салымдарға арналған шығындарды қаржыландыру - барлығы, оның ішінде: |
||||||
1) |
құрылыс - барлығы, оның ішінде: |
||||||
шаруашылық тәсілмен меншік құрылысы |
|||||||
машиналар мен жабдықтар; |
|||||||
көлік құрылғылары |
|||||||
материалдық емес активтерді сатып алу, оның ішінде: |
|||||||
ЭЕМ бағдарламалық қамтылымын жасау және сатып алу |
*) Шығындардың толық жазылуы міндетті тәртіппен қоса беріледі
**) амортизациялық аударымдардың есебi мiндеттi тәртiппен қоса берiледi
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі |
|||||||||||
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың базалық 1-ші жылы |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың 2-ші жылы |
||||||||||
Барлығы шығыстар |
оның ішінде кезең шығыстары |
Барлығы шығыстар |
оның ішінде кезең шығыстары |
||||||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі |
… |
|||||
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың 3 жылы |
… |
|||||
Барлығы шығыстар |
Оның ішінде кезең шығыстары |
… |
||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-ші жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
… |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
Табиғи монополия субъектісінің
инвестициялық бағдарламасын
(жобасын) бекіту және оны
түзету қағидаларына
3-қосымша
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері
Р/с |
Көрсеткіштердің атауы |
Түзетiлген базалық тарифтiк сметада қабылданды |
||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Тариф құрамындағы пайда |
|||
2 |
Қолданыстағы активтердiң реттелетiн базасы (ҚРБ) |
|||
3 |
ҚРБ-ға пайда мөлшерлемесі |
|||
4 |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған барлық шығыстар |
|||
5 |
Тарифтік кіріс |
|||
6 |
Салық салудан кейiнгi жиынтық кiрiс (залал) |
|||
7 |
Дивидендтер төлеу |
|||
8 |
Пайдадан төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер |
|||
9 |
Бөлуге арналған пайда |
|||
10 |
Инвестицияларға бағытталған қарыз қаражатын қайтару |
|||
11 |
Таза табыс (залал) |
|||
Анықтама үшін: |
||||
12 |
Есептік тариф |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі |
||||||||
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың базалық 1-ші жылы |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың базалық 2-ші жылы |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың базалық 3-ші жылы |
||||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Табиғи монополия субъектісінің
инвестициялық бағдарламасын
(жобасын) бекіту және оны
түзету қағидаларына
4-қосымша
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері
Р/с |
Көрсеткіштердің атауы |
Есептi жылдың қаржылық нәтижесi |
|||||
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) барлық кiрiс (залал) |
Реттелмей көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) барлық кiрiс (залал) |
||||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) |
||||||
2 |
Реттелмей көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі |
|||||||||||
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың базалық 1-ші жылдың қаржылық нәтижесі |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың базалық 2-ші жылдың қаржылық нәтижесі |
||||||||||
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) барлық кiрiс (залал) |
Реттелмей көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) барлық кiрiс (залал) |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) барлық кiрiс (залал) |
Реттелмей көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) барлық кiрiс (залал) |
||||||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңі |
|||||
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асырудың 3-шi жылының қаржылық нәтижесі |
|||||
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетiн барлық кiрiс (залал) |
Реттелмей көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетiн барлық кiрiс (залал) |
||||
1-жартыжылдық |
2-жартыжылдық |
Барлығы жыл |
1-жартыжылдық |
2–жартыжылдық |
Барлығы жыл |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |