Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квота белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «№ 3 станциялық энергия блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау» жобасын (өтініш беруші – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
2) «Арнайы мақсаттағы тұтқыр материалдар (құрғақ құрылыс қоспалары және цемент) өндірісі» жобасын (өтініш беруші – «Геополимер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары бекітілсін.
3. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен ұсыныстар негізінде алдағы жылға арналған квотаны экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына пайыздық қатынаспен белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін енгізеді.
Басым жобалар бойынша квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобаларын еңбек жөніндегі уәкілетті органмен және мүдделі жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар қажеттілігіне қарай әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.».
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 22 сәуірдегі
№ 386 қаулысымен
бекітілген
«№ 3 станциялық энергия блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2
кеңейту және реконструкциялау» жобасын (өтініш беруші -
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары
1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкілетті органға жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).
2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 22 сәуірдегі
№ 386 қаулысымен
бекітілген
«Арнайы мақсаттағы тұтқыр материалдар (құрғақ құрылыс қоспалары
және цемент) өндірісі» жобасын (өтініш беруші - «Геополимер»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары
1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкілетті органға жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген Тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).
2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 22 сәуірдегі
№ 386 қаулысына
қосымша
Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға
арналған квота
Р/с |
Жобаның атауы |
Өтініш беруші |
Іске асыру орны |
Іске асыру мерзімі |
Квота (адам) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
«№ 3 станциялық энергия блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау |
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы |
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы |
2009 - 2015 ж.ж. |
919 |
2 |
Арнайы мақсаттағы тұтқыр материалдар (құрғақ құрылыс қоспалары және цемент) өндірісі |
«Геополимер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қарағанды облысы, Саран қаласы |
2010 - 2013 ж.ж. |
40 |