Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 379 қаулысы

Жаңартылған

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ 379 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 70 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 33-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі»;
      126 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) өнімді (бұдан әрі - өнім) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды.
      2. Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді (бұдан әрі - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.»;
      «6. Рұқсат алу үшін мынадай құжаттар қажет:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі рұқсат алуға өтініш;
      2) заңды тұлға үшін – өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
      3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат;
      4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлік;
      6) салыстыра тексеру үшін түпнұсқаны бере отырып, өнімді қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
      7) салыстыра тексеру үшін түпнұсқаны бере отырып, «Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысына сәйкес тиісті құзыретті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшірмесі. Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді;
      8) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны.»;
      «8. Рұқсатты осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган береді.
      Уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде рұқсат береді не бас тарту себептері туралы дәлелді жауап береді.
      Егер уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат бермеген не рұқсат беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімдері өткен күнінен бастап рұқсат берілді деп есептеледі.
      Уәкілетті орган рұқсат беру мерзімі өткен сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті рұқсат береді.»;
      9-тармақтың 3) тармақшасындағы «заңды күшіне енген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.» деген сөздер «заңды күшіне енген;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) өтініш беруші мәліметтер нысанында дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты көрсеткен жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Рұқсат берілгеннен кейін берілген рұқсат туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық ресурстарда ресімделеді.»;
      Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесіне 1-қосымшада:
      оң жақтағы жоғары бұрышта «кеден» деген сөз алынып тасталсын;
      «Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат»;
      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. «Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 129-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесінде:
      46 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алу үшін импорттаушы мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесін;
      3) сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен тиісті мәмілені растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) егер өтініш беруші ретінде делдал болса, сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, импорттаушы мен түпкі пайдаланушы арасындағы шарттың (келісімшарттың) көшірмесін тапсырады;
      Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.»;
      «6. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар уәкілетті органға түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
      Уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді не кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап береді.
      Егер уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзімде импорттаушыға кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) бермеген не кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімі өткен күнінен бастап кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) берілді деп есептеледі.
      Уәкілетті орган кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беру мерзімі өткен сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей импорттаушыға тиісті кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді.
      7. Уәкілетті орган кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес экспорттаушы елдің уәкілетті органына ұсынуы үшін қағаз, электрондық тасығыштарда береді. Берілген кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық ресурстарда ресімделеді.»;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруден мынадай жағдайларда, егер:
      1) импорттаушы өтініште және импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесінде дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты көрсетсе;
      2) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабымен көзделген негіздер болса бас тартылады.»;
      Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесіне 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ 379 қаулысына   
1-қосымша       

Өнімді          
Қазақстан Республикасының 
аумағынан тыс жерде қайта 
өңдеуге рұқсат беру ережесіне
3-қосымша        

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта
өңдеуге рұқсат алуға арналған құжат туралы
мәліметтер нысаны

      1. Егер қызмет мәні ішкі нарықта өндіру, сату (өткізу) немесе
пайдалану лицензия негізінде жүзеге асырылатын өнім болып табылса,
қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия:
      1) лицензияның атауы _________________________________________;
      2) лицензияның нөмірі ________________________________________;
      3) лицензияны беру күні (жылы/күні/айы) ______________________;
      4) лицензия берген мемлекеттік орган _________________________.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ 379 қаулысына    
2-қосымша       

Импорттаушылардың      
(түпкі пайдаланушылардың)  
кепілдік міндеттемелерін   
ресімдеу және олардың орындалуын
тексеру ережесіне      
1-қосымша          
 

Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі

СЕРТИФИКАТ №

1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) _
                    |_|

2. Импорттаушы ел

3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) _
                    |_|

4. Экспорттаушы ел

5. Түпкі пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы)

6. Алынған лицензиялар туралы ақпарат

7. Өнімді орналастыру және (немесе) пайдалану орны

8. Өнімді түпкі пайдалану

9. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

10. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

12. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісімшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күні)

13. Өлшем бірлігі

14. Саны

15. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді Қазақстан Республикасына импорттауға міндеттенеді. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді 8-тармақта көрсетілген мақсатта пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық қызметтің басқа субъектісіне бермеуге және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспорттамауға міндеттенеді.

16. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы
Т.А.Ә.                           Лауазымы
Қолы,                            М.О.
Күні

17. Импорттаушы
Т.А.Ә.            Лауазымы
Қолы,             М.О.
Күні

18. Түпкі пайдаланушы
Т.А.Ә.              Лауазымы
Қолы,               М.О.
Күні

Сыртқы жағы

Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесіне
қосымша

Р/с

Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы

Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

Саны

Өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.






4.






5.






Барлығы парақ

Парақ №

Импорттаушы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы,  М.О.
Күні

Түпкі пайдаланушы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы,  М.О.
Күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ 379 қаулысына    
3-қосымша      

Импорттаушылардың       
(түпкі пайдаланушылардың)   
кепілдік міндеттемелерін   
ресімдеу және олардың орындалуын
тексеру ережесіне       
2-қосымша           

Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты)

СЕРТИФИКАТ №

1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны)

2. Импорттаушы ел

3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны)

4. Экспорттаушы ел

5. Түпкі пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы)


6. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

7. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

8. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

9. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісімшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күні)

10. Өлшем бірлігі

11. Саны

12. Осымен 6-тармақта көрсетілген өнім тек елдің мұқтажы үшін ғана пайдаланылатыны және экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспортталмайтыны расталады. Осы құжат оған қол қойылған күнінен бастап алты ай ішінде экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органына ұсынылуы тиіс.

13. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы
Т.А.Ә.
Лауазымы                    Қолы,                    М.О.
Күні

Сыртқы жағы

Кепілдік міндеттемеге (түпкі пайдаланушының сертификатына)
қосымша

Р/с

Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы

Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

Саны

Өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.






4.






5.






Барлық парақ

Парақ №

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы
Т.А.Ә.                       Лауазымы
Қолы,                        М.О.
Күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ 379 қаулысына    
4-қосымша      

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ 379 қаулысына    
5-қосымша       

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ 379 қаулысына    
6-қосымша      

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).