"Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 369 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансына берсін.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 15 шілдедегі № 1286-р өкімі;
      2) «Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 651 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 270-құжат).
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 16 сәуірдегі
№ 369 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Жекешелендіру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 65 қаулысында:
      «Жекешелендіруге жатпайтын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт жүйесі объектілерінің тізбесі» деген 9-қосымшада:
      реттік нөмірі 87-жол алынып тасталсын.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері және үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 123-102-жол алынып тасталсын.
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 224-27-жол алынып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi» деген бөлімде:
      «2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Мәдениет комитеті» деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 28-жол алынып тасталсын.
      5. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 563 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23, 293-құжат):
      1-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.
      6. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» деген бөлім және реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын.
      7. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 316-құжат):
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдар тізбесі» деген қосымшада:
      «Өзге де ұйымдар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын.