Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және "2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 сәуірдегі № 347 қаулысы

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 19-бабына, «2013 — 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 3681105000 (үш миллиард алты жүз сексен бір миллион жүз бес мың) теңге сомасында қаражат, оның ішінде:
      1) Жамбыл облысының әкімдігіне 2013 жылғы 12 қаңтардағы дауылды жел салдарынан зақым келген тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттарды, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік мақсаттағы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізу объектілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 2825043000 (екі миллиард сегіз жүз жиырма бес миллион қырық үш мың) теңге сомасында қаражат аудару үшін;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне 2013 жылғы 11-13 қаңтардағы дауылды жел және тасқын салдарынан зақым келген тұрғын үйлерді, денсаулық сақтау, білім беру, шаруашылық жүргізу, әлеуметтік-мәдени және спорттық мақсаттағы объектілерді, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 856062000 (сегіз жүз елу алты миллион алпыс екі мың) теңге сомасында қаражат аудару үшін бөлінсін.
      2. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 37-қосымшадағы 217-әкімші мынадай редакцияда жазылсын:

      «

217

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

58834270


010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві

58834270



100

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві

8000000



101

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві

50234270



102

Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві

600000

                                                                   ».

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      4. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері 2013 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі есеп берсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов