"Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 301 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 14, 101-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
      «25-1. Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым келісімде инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты электр энергиясының келесі күнтізбелік жылға арналған босату бағасын төмендету арқылы, осы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра отырып, көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтаруға міндетті.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндет келесі күнтізбелік жылға келісім жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім жасасу күнгі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, орындалмаған сомаға қосымша инвестициялық міндеттемелер қабылдаған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.
      Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген қосымша инвестициялық міндеттемелерді келесі күнтізбелік жылы орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым осы міндеттемелерді кейінгі жылдарға қабылдай алмайды және олар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтарылуға тиіс.
      Келісімде инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған қаражаттың түпкілікті сомасы (Sк) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешім қабылдаған күнге қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, мына формуламен айқындалады:

      Sк=Sорындалмаған+Sорындалмаған*к, мұндағы

      Sк - келісімде инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған қаражаттың түпкілікті сомасы;
      Sорындалмаған - қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, алдыңғы күнтізбелік жыл үшін келісімде инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған қаражат, теңге;
      к - шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, %.
      Қаражатты қайтаруды энергия өндіруші ұйымдар мына формуланы қолдана отырып, өзінің тұтынушыларына тарифті төмендету арқылы жүзеге асыруы тиіс:

      Tтөменд = Tкелісім — Sк/Wжылдың соңына дейін, мұндағы

      Ттөменд _ алдыңғы күнтізбелік жыл үшін келісімде инвестициялық міндеттемелерді орындау үшін көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған қаражатты тұтынушыларға қайтаруға арналған төмендетілген тариф;
      Ткелісім - энергия өндіруші ұйым қол қойған келісімде көзделген ағымдағы күнтізбелік жылға арналған тариф;
      Wжылдың соңына дейін - ағымдағы жылдың соңына дейін электр энергиясын өткізудің болжамды, жиынтық көлемі, кВт.с.
      Қосымша инвестициялық міндеттемелер қабылдау немесе тарифті төмендету арқылы шекті тарифтерді қолданудан алынған және инвестициялық міндеттемелерді орындауға арналған пайдаланылмаған қаражатты көтерме сауда нарығының субъектілеріне қайтару уәкілетті орган мен энергия өндіруші ұйымның арасында жасалатын инвестициялық келісімге қосымша келісімде көрініс табады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов