Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 274 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 наурыздағы
№ 274 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары: Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті, Жол полициясы комитеті және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бар.».
      2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1264 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын топографиялық және арнайы карталармен, геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен және топографиялық қызметтің мүлкімен жабдықтау нормаларында:
      «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен жабдықтау нормалары» деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Р/с

Өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалар мен бөлімдердің, басқару органдарының және әскери қызметшілер лауазымдарының атауы

Карталар масштабы және бір номенклатуралық парақ даналарының тиісті саны

1:
50000

1:
100000

1:
200000

1:
500000

1:
1000000

1:
2000000

1:
4000000

Координаталар каталогтары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті









2

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің комитеті, департаменті, дербес бөлімдері

50

50

85

75

10

-

-

-

3

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті

40

40

80

70

10

-

-

-

4

Өңірлік қолбасшылық

25

25

10

5

-

-

-

-

5

Бригада

75

15

8

8

-

-

-

-

6

Полк

50

10

5

5

-

-

-

-

7

Жеке батальон

25

5

3

2

-

-

-

-

8

Бөлімшелер (барлық мақсаттағы)

40

30

10

5

-

-

-

-

9

Оқу орындары:










академия

45

55

20

10

5

50

-

-


институт

30

20

10

10

5

50

-

-


колледж

2

1

1

-

-

-

-

-


училище

2

1

1

-

-

-

-

-

                                                                   ».
      3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
      мына:

      «


Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері,

28293

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,

28293

                                                                   ».
      4. «Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 697 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 561-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу қағидаларында:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті;».
      5. «Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 48, 648-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасында:
      9-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік авиацияны басқару органдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;».
      6. «Тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1293 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Комитеті» деген 3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті».