«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті құрылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 4) тармақшасы және 6-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 231 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің ведомстволары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы: азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ету.
15. Міндеттері:
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
2) жұмыспен қамту;
3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;
4) мүгедектерді әлеуметтік қорғау;
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
8) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
1) еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлейді;
3) өзінің қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама саласында; өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы; сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны; жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі – мемлекеттік арнайы жәрдемақы); банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына арналған біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
5) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
6) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
7) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;
8) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
9) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
10) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;
11) біліктілік анықтамалықтарды және сипаттамаларды әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
12) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын келіседі;
13) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекіту тәртібін белгілейді;
14) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекіткен еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін келіседі;
15) әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекітеді;
16) әлеуметтік-еңбек саласы қызметінің басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекітеді;
17) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін айқындайды;
18) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғарылатылған мөлшерін беру тәртібін бекітеді;
19) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекітеді;
20) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекітеді;
21) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлейді және бекітеді;
22) әлеуметтік-еңбек саласының салалық біліктілік шеңберін бекітеді;
23) кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін бекітеді;
24) әлеуметтік-еңбек саласы қызметкерлерінің кәсіби стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
25) тиісті қызмет салалары ұйымдарының кәсіби стандарттарын келіседі;
26) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізудің нысанын бекітеді;
27) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
28) экономика салаларының кадрларға қажеттілігін салалар, мамандықтар және өңірлер бөлінісінде айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
29) ағымдағы бос орындар және болжамды жұмыс орындарының дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынуға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;
30) салымшылар өз қаражаты есебінен қызметкерлер пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын олардың кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;
31) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі – Орталық) төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру тәртібін әзірлейді;
32) Орталықтан төленетін зейнетақыларды бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптама мекемелеріндегі, емдеу мекемелерінің патологиялық-анатомиялық бөлімшелеріндегі жұмыстардың тізбесін әзірлейді;
33) толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін әзірлейді;
34) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімін әзірлейді;
35) міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорына және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді;
36) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу қағидаларын әзірлейді;
37) Орталықтан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу қағидаларын әзiрлейдi;
38) инфляция деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторинг жүргізудің тәртібін әзірлейді;
39) жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын әзірлейді;
40) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;
41) агенттер 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты, тұратын жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзірлейді;
42) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін қолданылатын ай сайынғы табысты айқындау қағидаларын әзірлейді;
43) жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін әзірлейді;
44) салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы әртүрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған екі және одан да көп шарт болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын олардың біреуіне аудару қағидаларын әзірлейді;
45) міндетті зейнетақы жарналары есебінен салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына электрондық терминалдар арқылы аудару қағидаларын әзірлейді;
46) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар туралы мәліметтерді жинақтаушы зейнетақы қорларының электрондық құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа ұсыну қағидаларын әзірлейді;
47) әлеуметтік аударымдарды есептеудің және аударудың тәртібі мен мерзімін әзірлейді;
48) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім береді;
49) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;
50) Қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;
51) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;
52) Қордың бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
53) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы жыл сайын ұсыныс әзірлейді;
54) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын әзірлейді;
55) еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;
56) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кінәсінен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу қағидаларын әзірлейді;
57) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
58) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;
59) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау тәртібін бекітеді;
60) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;
61) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;
62) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау жөнінде қызметті үйлестіруді жүзеге асырады (оның ішінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді);
63) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
64) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді, медициналық-әлеуметтік сараптама саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
65) Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
66) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;
67) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
68) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; мүгедектерді оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
69) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің жұмысын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;
70) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжам жасайды және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметін еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;
71) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісімшарттар жобаларын қарауға қатысады;
72) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі;
73) мүдделі органдармен бірлесе отырып, кадрларды даярлауға және оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті айқындайды;
74) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;
75) Қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
76) атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейінің нақты қалыптасқан шамасына негізделе отырып, кедейлік шегінің мөлшерін айқындайды;
77) халықтың мүгедектігінің деңгейі мен себептерін зерделейді;
78) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
79) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
80) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
81) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
82) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
83) оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын қалыптастыру, шетелдік жұмыс күшін тарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
84) оралмандардың көшіп келу, ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квоталарын облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың арасында бөледі;
85) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органға көші-қон процестері мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
86) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласында шаралар жүйесін әзірлейді;
87) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;
88) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ведомстволардың функциялары:
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызмет көрсету, өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай төлемді тағайындау;
3) Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
4) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны мен сомасы туралы деректер жинауды ұйымдастыру;
5) Орталықтан және Қордан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру;
6) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдерін айқындау;
7) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін Қор қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті мәліметтерді алу;
8) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланудың себептеріне талдауды жүзеге асыру және олардың профилактикасы бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
10) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
11) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру;
12) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;
13) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
14) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
15) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
16) көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асыру;
17) оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу;
18) «Мүгедек адамдардың орталықтандырылған дерекқоры», «Еңбекті қорғау» ААЖ дерекқорларын қалыптастыру, сондай-ақ «Е-собес», «Әлеуметтік көмек: АӘЖ, МБЖ», «Шетелдік жұмыс күші», «Еңбек нарығы», «Жұмыспен қамту» ААЖ сүйемелдеу;
19) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
20) мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;
21) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау және олардың іске асырылуын бақылау;
22) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;
24) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, зейнетақы төлемдерінің; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; арнаулы мемлекеттік жәрдемақының; мемлекеттік арнайы жәрдемақының; бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақылардың; саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін біржолғы ақшалай төлемнің; жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай төлемінің; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өміріне немесе денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Орталықтан берілетін ай сайынғы төлемнің; Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;
25) Орталықтан берілетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді және Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;
26) өз құзыреті шегінде Қордың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инспекциялау;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Министрліктің құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Министрліктің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
2) ведомстволардың, олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
3) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікте басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
19. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Министрдің өкілеттігі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
4) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
8) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;
9) еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласында кадрларға деген қажеттілікті айқындайды;
10) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
12) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық естуді түзеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы.
6. «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» акционерлік қоғамы.
7. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы.
8. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің
қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
1. Ақмола облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Көкшетау қаласы.
2. Ақтөбе облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Ақтөбе қаласы.
3. Алматы облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Алматы қаласы.
4. Атырау облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Атырау қаласы.
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Өскемен қаласы.
6. Жамбыл облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қамтамасыз ету
департаменті Тараз қаласы.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Орал қаласы.
8. Қарағанды облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Қарағанды қаласы.
9. Қызылорда облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Қызылорда қаласы.
10. Қостанай облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Қостанай қаласы.
11. Маңғыстау облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Ақтау қаласы.
12. Павлодар облысы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Павлодар қаласы.
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаменті Петропавл қаласы.
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаменті Шымкент қаласы.
15. Астана қаласы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Астана қаласы.
16. Алматы қаласы бойынша Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаменті Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің
қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейiмдеу және кiрiктiру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейiмдеу және кiрiктiру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.
4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейiмдеу және кiрiктiру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
5. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Оралмандарды бейiмдеу және кiрiктiру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылы.