"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 182 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiнде:
      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қосылатын байланыс операторларымен телефон трафигін қосылатын IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарынан (-на) (қолжетімділік тораптарынан) (-на) өткізу.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов