«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 ақпандағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабына сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
1) комиссия - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосында құрылатын аккредиттеу жөніндегі комиссия;
2) аккредиттеу - аккредиттеу субъектісінің Заңда белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыруға құзыреттілігін ресми тану рәсімі;
3) аккредиттеу субъектісі - аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі - қауымдастық);
4) аккредиттеу органы - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы.
3. Аккредиттеуді аккредиттеу субъектісінің Заңда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын растау үшін аккредиттеу органы жүргізеді.
4. Аккредиттеуден өту үшін:
1) аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін меншік құқығында және/немесе өзге де заңды негіздерде жабдықталған үй-жайлардың;
2) облыстар бойынша филиалдарының және/немесе өкілдіктерінің;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиеттің, аңшылық минимумы бойынша әдістемелік материалдардың, көмекші құралдар мен экспонаттардың;
4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мамандарды қоса алғанда, жоғары немесе орта білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының;
5) қауымдастық құрылтайшыларының:
аңшылық шаруашылығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумына оқыту бойынша үш жылдан кем емес;
аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша әдістемелік әдебиетті әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 312 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Аккредиттеуді жүргізу кезеңдері:
1) мерзімді баспасөз басылымдарында аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру жариялау;
2) қауымдастықтың аккредиттеу органына осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды беруі;
3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;
4) аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
5) аккредиттеу туралы куәлік немесе аккредиттеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.
2. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі
6. Аккредиттеу органы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру жариялайды.
7. Аккредиттеуді жүргізу мақсатында құрамы аккредиттеу органының қызметкерлерінен қалыптастырылатын комиссия құрылады.
Комиссия құрамы аккредиттеу органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ сан болуы және кемінде бес адам болуы тиіс.
Комиссия төрағасы аккредиттеу органының басшысы болып табылады.
Комиссия хатшысы аккредиттеу органы қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады және комиссия мүшесі болып табылмайды, аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бүкіл құжаттаманы жүргізеді.
Аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды.
8. Аккредиттеуден өту үшін қауымдастық хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына мынадай құжаттарды береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжаттарының және қауымдастықтың заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмелері, қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда филиалдары мен өкілдіктерінің есептік тіркелуі туралы куәліктерінің немесе анықтамаларының көшірмелері;
3) осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
4) қауымдастық мүшелерінің тізбесі.
9. Құжаттарды қарау комиссия отырысында жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша Комиссия:
1) қауымдастықты аккредиттеуді;
2) аккредиттеуден бас тартуды ұсынады.
10. Аккредиттеу органы комиссия ұсынысының негізінде аккредиттеу туралы куәлік беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аккредиттеу туралы куәлікті немесе себептерін негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қауымдастыққа аккредиттеу органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.
11. Аккредиттеуден:
1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес келмеген;
2) ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәліметтер көрсетілген жағдайларда бас тартылуы мүмкін.
12. құжаттарды қарау (өтініштер қабылданған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
13. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік 4 жыл мерзімге беріледі.
14. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайды және басқа тұлғаларға берілмеуге тиіс болып табылады.
15. Атауы және орналасқан жері өзгерген жағдайда қауымдастық бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Аккредиттеу органы тиісті жазбаша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.
16. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда аккредиттеу органы жазбаша өтініштің негізінде осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген мерзім ішінде қауымдастыққа аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
17. Қауымдастықты аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
18. Аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын:
1) оның қолданылу мерзімі аяқталған;
2) аккредиттелген қауымдастық қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) қауымдастық куәліктің қолданылуын өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген;
4) аккредиттеу органы Заңда көзделген қызметтің тиісті дәрежеде жүзеге асырылмауы туралы фактілерді анықтаған жағдайларда тоқтатылады.
19. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда аккредиттеу органы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аккредиттеуді қайта өткізеді.
20. Заңның 33-1-бабы 2-тармағына сәйкес аккредиттеуді аккредиттелетін қауымдастықтардың меншікті қаражаты есебінен аккредиттеу органы жүргізеді.
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы
субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің
республикалық қауымдастықтарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:________________________________________
(Ведомство басшысының лауазымы, Т.А.Ә.)
___________________________________________
___________________________________________
___________________________________________
(заңды тұлғаның лауазымы, Т.А.Ө.)
Деректемелері:________________________________________
___________________________________________
(мекенжайы, байланыс телефоны)
___________________________________________
Өтініш ____________________________________________________________
қауымдастық атауы)
__________________________________________________________________
аккредиттеуді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.___________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________
М.О._____________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
Күні: 20 жылғы « ___ » ____________
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы
субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің
республикалық қауымдастықтарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік
№ _______
20 ___ жылғы « ___ » ___________
Атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекенжайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жануарлар дүниесін қорғау өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық береді: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу; жануарлар дүниесі объектілерін есепке алуға және мониторингіне қатысу; жануарлар дүниесі объектілерін аулауға квота бөлуге қатысу; аң аулауға пайдаланылатын алушы қыран құстарды тіркеу мен есепке алуды жүргізу; өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәлігін беру, белгіленген нысан бойынша аң аулаушының берілген куәлігі туралы есептемені уәкілетті органға ұсыну; аңшылық минимумын оқытуды жүргізу; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ұсынылған аңшылық шаруашылығы субъектілерінің деректері мен оларды уәкілетті органға берудің есебін жүргізу; жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды жүргізу.
(комиссияның 20 ___ жылғы « ___ » _____________№ _____ хаттамасы)
Куәлік 20 ___ жылғы « ___ » _________дейін жарамды.
Ведомство басшысы
М.О.