«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi Тiл комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 485-құжат):
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 32 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1130 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) мәдениет, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама, мемлекеттiк рәмiздер, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Мәдениет комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Ақпарат және мұрағат комитетi;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Тiл комитетi.
3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлiк мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Министрлік егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қөзделген басқа да актілермен ресімделетін шешiмдер қабылдайды.
8. Министрлiктiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрлiктiң орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 15-кiреберiс.
10. Министрлiктiң толық атауы: - «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң миссиясы – мәдениет және ақпарат саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер көрсетуге, мемлекеттiк және басқа тiлдердiң қарқынды дамуына, ел бiрлiгiнiң нығаюына, мемлекет пен азаматтық сектор әрiптестiгiнiң тиiмдi жүйесiн қолдауға бағытталған мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және тиiмдi iске асыру.
15. Мiндеттерi:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, мұрағат iсi мен құжаттама және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
3) Министрлiкке жүктелген өзге де мiндеттер.
16. Функциялары:
1) орталық аппараттың функциялары:
мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат iсi мен құжаттама және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу;
халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметтi жүзеге асыру және үйлестiру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;
ақпарат, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыратын және iске асыратын мемлекеттiк органдарға ақпараттық, консультациялық, әдiстемелiк қолдау көрсету;
мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат ұсыну;
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың өнiм берушiлер тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыру;
мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткiзуiн ұйымдастыру;
шығармашылық қызметтiң әртүрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау;
Республикалық конкурстар мен фестивальдар өткiзудiң үлгiлiк қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат iсi мен құжаттама салаларында нормативтiк құқық актiлердi әзiрлеу, бекiту;
мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту;
талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды iздестiруге және қолдауға бағытталған бағдарламалар әзiрлеу;
көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлеу және бекiту;
мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;
көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгiлi) атағын беру ережесi мен тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
мемлекеттiк мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау қағидаларын бекiту;
Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртiбiн бекiту;
көркемдiк-сарапшы кеңестер туралы ереженi бекiту;
мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптау комиссиясы туралы үлгi ереженi бекiту;
Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшiн сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кiтапхана қорларына қол жеткiзу қағидаларын бекiту;
Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларына қол жеткiзу қағидасын бекiту;
мәдени-демалыс ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн бекiту;
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесiн әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Әнұранының мәтiнiн орналастыру және пайдалану ережесiн әзiрлеу;
мемлекет меншiгi болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру жөнiнде шешiм қабылдау;
объектiлердi тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң ерекше режимi жөнiндегi сараптау комиссиясын құру;
тарихи-мәдени сараптама жүргiзу қағидасын бекiту;
тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртiбiн және пайдалану режимiн әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткiштерге меншiк өкiлеттiктерiн жүзеге асыру;
мәдениет саласында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мәдениет және өнер қайраткерлерiне құрметтi атақтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын беру туралы ұсыныстар енгiзу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгiзу;
мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;
барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерiн қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн ұйымдастыру;
ақпараттық кеңiстiкке және мәдениет, ақпарат, мұрағат iсi мен құжаттама салаларында көрсетiлетiн қызметтерге талдау жүргiзу;
саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтiк емес ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;
iшкi саяси тұрақтылықты, этносаралық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындауды келiсу;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кiтапхана пайдаланушыларға берудi жүргiзетiн, кiтапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кiтапханаларға әдiстемелiк көмек көрсететiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кiтапханаларына «Орталық» мәртебесiн берудiң тәртiбiн бекiту;
Фильмдi ұлттық деп тану қағидаларын бекiту;
фильмге прокаттау куәлiгiнiң нысанын бекiту;
фильмнiң индексiн айқындау өлшемдерiн әзiрлеу және бекiту;
мұрағат iсi жөнiндегi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiк етуiн қамтамасыз ету;
мұрағат iсiн басқару және жүргiзу органдарының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау және оны үйлестiру;
мұрағат iсi мен құжаттамалық қамтамасыз етуде жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешiм қабылдау;
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның iшiнде электронды құжаттарды жинақтаудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бiрыңғай қағидалары мен нормаларын бекiту;
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту;
мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттардың тiзбесiн сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып бекiту;
тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртiбiн айқындау;
Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құру және ол туралы ережені бекiту;
мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
Журналистердi аккредиттеу қағидаларын бекiту;
Министрлiктiң құзыретi шегiнде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметiн үйлестiру;
Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық стандарттарды әзiрлеу;
телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекiту;
телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу;
мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын әзiрлеу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркiн қолжетiмдi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын әзiрлеу;
телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу қағидаларын әзiрлеу;
телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже әзiрлеу және оның құрамы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;
бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыруды, дамытуды және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
2) ведомстволардың функциялары:
тиісті салаларда нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнiнде, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және Ұлттық-мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
тарих және мәдениет ескерткiштерiне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзу, телерадио хабарларын тарату жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
мерзiмдi баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттiктердi есепке қою;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу;
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздерi туралы деректер жиынын (каталогын) жүргiзу;
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттiк есеп жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
заңнамада белгiленген тәртiппен ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру;
мәдениет саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының жанрлық бейiмдiлiгiн және қызмет тегiн айқындау;
республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу;
тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткiзу;
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;
телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшiн радиожиiлiк номиналдарын бөлу жөнiнде ашық конкурстар ұйымдастыру және өткiзу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру;
Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерiнiң тиiстi атқарушы органдармен келiсiлген тiзiмдерiн бекiту;
сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негiзiнде тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзiмi мен жою тәртiбiн белгiлеу;
республикалық меншiктегi тарих және мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету;
автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзiрлеу мен енгiзудi ұйымдастыру, Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желiсi мен деректер банкiн құру;
мұрағаттану, құжат жүргiзу және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдiстемелiк қызметтi дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiн пайдалану;
мемлекеттiк мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерiнiң қызметi үшiн оңтайлы жағдайлар жасау;
басқа мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қоюды жүргiзу;
Ұлттық мұрағат қорының жеке меншiктегi құжаттарын сақтау мен пайдалану жөнiндегi шарттарға қол қою;
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң шешiмдерi бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру;
мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру;
Ұлттық мұрағат қорын және Құжаттар көшiрмелерiн мемлекеттiк сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
шетелдердегi Қазақстан Республикасының тарихы жөнiндегi мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргiзу;
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттiң, қоғамның, азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектiлердi Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу туралы өтінішхаттарын қарау;
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнің ерекше режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi бар жердi пайдалану карталарын келiсу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әдебиеттi республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастыру, орналастыру және бақылау;
фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
фильмдерге прокаттау куәлiктерiн беру және оларды сот тәртiбiмен керi қайтарып алу;
республикалық мемлекеттiк мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсiби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгiзу;
жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келiсiм беру;
халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау;
халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және күтiп ұсталу тәртiбiн бақылау;
жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнатылуын бақылау;
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттарды сақтауын бақылау;
жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiруiн бақылау;
Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
мұрағат iсi, мемлекеттiк, ведомстволық, жеке мұрағаттар жөнiндегi заңнаманың сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
iс жүргiзу мәселелерiне салааралық ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және iс жүргiзудiң жай-күйiн, республикалық меншiктегi құжаттардың ведомстволық сақталуын бақылау;
мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
театр, музыка өнерiн, кинематографияны, кiтапхана және мұражай iсiн дамыту жөнiндегi республикалық маңызы бар мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдау және үйлестiру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн қамтамасыз ету;
музыка және театр өнерi саласында репертуарлық саясатты үйлестiру;
республика (ауылдық, кенттiк, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
меншiк нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелерi жөнiндегi өзара iс-қимыл жасау;
терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметiн үйлестiру;
телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiктердiң белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткiзу;
мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткiзу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркiн қолжетiмдi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткiзу;
Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдiк теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында есепке қойылған және таратылатын отандық және шетелдiк теле-, радиоарналардың тiзiлiмiн жүргiзу және оны интернет-ресурста жариялау;
телерадио хабарларын тарату операторларының есепке қою рәсiмiнен өткен шетелдiк теле-, радиоарналарды тарату бөлiгiндегi Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты мiндеттi теле-, радиоарналардың санын айқындау;
мәдениет, ақпарат, мұрағат, тілдерді дамыту саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау;
отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
ақпараттық кеңiстiктiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды және мониторингтi жүзеге асыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
уәкiлеттi органдарға адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимыл тәртiбi туралы халықты хабардар ету үшiн, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жөнiндегi функциялар жүктелуi мүмкiн.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
4) Министрліктің жанында консультативтік-кеңесші органдарды құру;
5) Министірліктің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, көрмелерді, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградаларға ұсыну;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылықты Министрлiкке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Министрліктің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қызметi өз бақылауында болатын комитеттердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) жауапты хатшының келiсiмiмен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) Министрлiкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшiн дербес жауапты болады;
4) Қазақстан Республикасы Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Министрлiктiң аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Министрлiктiң мүлкi
24. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Министрлiктiң мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлiктiң, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1.Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің
Мәдениет комитеті
1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны.
2. «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
17. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық қәсіпорны.
18. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
19. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
20. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
21 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
22. «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
23. «Қазреставрация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
24. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы.
25. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы.
26. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.
27. «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
28. «Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Ақпарат және мұрағат комитеті
1. «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Арна-Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамы.
3. «Баспалар үйі» акционерлік қоғамы.
4. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы.
5. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы.
6. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
7. «Казахстанская правда» республикалы» газеті» акционерлік қоғамы.
8. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
9. «Қазконтент» акционерлік қоғамы.
10. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
11. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
12. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
13. «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
14. «Қазақ энциклопедиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің Тіл комитеті
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті
1. «Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7 «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті
1. «Орталық мемлекеттік мұрағат» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофотокөшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. «Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. «Ұлттық археография және мәліметтану орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.