Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсiп саласындағы лицензиарлар;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлiгiнде өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар айқындалсын.
      2. Қоса беріліп отырған өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі бекітілсін.
      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің           
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысына      
1-қосымша         

Өнеркәсiп саласындағы лицензиарлар

Р/c №

Лицензиар

Лицензияланатын қызметтің түрлері және кіші түрлері

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану*:

тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану*

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау*

қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау*

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру*

кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу*

мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары

мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары

мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау

ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату*

ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынаулар*

ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткізу және игеру*

мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту

құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау

мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану*

мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау

2.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану*:

тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану*

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау*

қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау*

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру*

ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу

кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу*

пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу

кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары

ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату*

ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау*

ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткізу және игеру*

мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану*

3.

Жергілікті атқарушы органдар

Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және лицензиаттарға өткiзуi

4.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану*:

магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу

* - қызметтің осы түрін (кіші түрін) лицензиялау тек лицензиардың құзыретіне кіретін бөлігінде ғана (тиісті реттеу саласында) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысына   
2-қосымша       

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлiгiнде өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

Р/c №

Мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын қызметтің кіші түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Тау-кен өндiрiстерiн пайдалану;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;*
ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;*
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіні ң Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетi




астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;*
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынаулар;*
ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткізу және игеру;*
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану*


Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

2.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу


Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысымен     
бекітілген       

Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшін мыналардың болуы:

1.

қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті

заңды тұлғалар үшiн мөрмен және өтiнiш берушiнің бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылған қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшін талап етілмейді.

2.

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар).
Өндірістік база өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуға және мыналарды қамтуға тиіс:

меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі



тау-кен және мұнай газ өңдеу өндірістерін жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін;
мұнай химиялық, химиялық өндірістерін жобалау үшін – жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің, электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасы (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдық)

жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің электронды–есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер нысаны*



тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін – инженерлік құрылыстар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процесс

инженерлік құрылыстардың, машиналардың, тетіктердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшін:
1) лицензия немесе жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт;
2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогы

лицензияның немесе жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың;
ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшін:
каротаж станциялар (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр)

каротаж станциялардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдің, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:
1) лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт;
2) перфорациялық жабдықтар мен (немесе) жүйелер

лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың;
перфорациялық жабдықтар мен (немесе) жүйелерінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін – бұрғылау қондырғылары, қашау, шегенделген құбырлар, шығарындыға қарсы жабдықтар, көтергіш агрегаттар

бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу;
жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу;
ұңғымалар көтергiшiн орнату үшін;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін – тиісті технологиялық жабдықтардың

тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – техника құралдарының кешені, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін арнайы техника мен технология

техника құралдары кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін арнайы техника мен технологияның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші резервуарлар, бонолық тосқауылдар; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтар, цементтейтін агрегаттар; шығарындыға қарсы жабдық

теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың, лақтыруға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпаратты, қамтитын мәліметтер нысаны*



мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
1) тетіктер, технологиялық желiлер, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде;
2) өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхана

тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде;
өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхана болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


3.

мыналарды:
машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
маркшейдерлік жұмыстарды (күші «мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды (күші тау-кен өндірісінің қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды) қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың немесе қызметте;
қоршаған ортаны қорғау.

осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмесі

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшін талап етілмейді.

4.

тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін – тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі

заңды тұлғалар үшiн мөрмен және өтiнiш берушiнің бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен расталған штат кестесі және мынадай ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы


Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану бойынша қызметтің кіші түрі үшін

1.

меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдар, жабдықтар

өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесi;
құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi;
негiзгi жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат


2.

жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды;
еңбекті қорғау мен қауiпсiздiк техникасын;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтер

осы қызметтердi құру туралы бұйрықтардың көшiрмелерi


3.

тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн - мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн - мұнай-газ саласындағы арнаулы орта бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде - бір жыл жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандар құрамы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70 % кем емес)

штат кестесі;
әрбiр қызметкер бойынша ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлi

Өндірістік персонал – әкімшілік-басқарушы персоналды (ӘБП) қоспағанда, өндірісте тікелей жұмыс істейтін және өнеркәсіптегі өндіріс процесімен тікелей байланысты персонал

4.

белгiленген тәртiппен бекiтiлген:
қоршаған ортаны қорғау, техникасы қауiпсiздiк жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралар;
заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалар;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары);
аварияларды жою жоспары

тиісті жоспарлар, бағдарламалар мен іс-шаралардың көшірмелері


Электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу бойынша қызмет үшін

1.

Осы саладағы мамандық бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі және осы саладағы мамандық бойынша кемінде жарты жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi басшылар мен мамандар құрамы

өтініш беруші растаған тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте


2.

1) тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметтер – абоненттiк қызметтер, учаскелер;
2) жедел диспетчерлiк қызметтi немесе диспетчерлiк қызметтер көрсету жөнiндегi заңды диспетчерлiк орталықпен шартты (ниеттер хаттамасын) қамтамасыз ететiн қызметтер (персонал)

а) тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін абоненттік қызметті (персоналды) құру туралы бұйрықтың көшірмесі;
б) жедел диспетчерлiк қызметтi құру туралы бұйрықтың немесе диспетчерлiк қызметтер көрсету жөнiндегi заңды диспетчерлiк орталықпен шарттың (ниет хаттамасының) көшірмесі


3.

банк анықтамасы растаған кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі айналым қаражаты

банк анықтамасы


4.

тұтынушыларға, оның iшiнде өңiрден тыс жерлерге электр энергиясын жеткiзудiң техникалық мүмкiндiгi

өтiнiш берушi мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен электр энергиясын жеткiзуге және теруге және (немесе) таратуға арналған шарт немесе ниеттер хаттамалары


5.

меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттың немесе үй-жай

құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi


Құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары мен (немесе) қалдықтары болған мүлік кешенін сатып алу нәтижесінде және заңды тұлғаларда жеке өндірісінің барысында құрылған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу бойынша қызметті қоспағанда заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет үшін

1.

мыналарды:
оттегi және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды;
қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сұрыптары бойынша бөлiп сақтауға арналған контейнерлердi, қораптарды немесе алаңдарды;
түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды;
сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндiрiстiк үй-жайларды;
өрт сөндiру құралдарымен жарақтандырылған түстi және қара металдардың жарылу қаупi бар сынықтарына арналған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды;
кәсіпорында бекітілген және оларды пайдалануға тиісті рұқсат беру құжаттары бар стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергiш жабдықты, сондай-ақ жүк көтеру бойынша аталған жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық процеске сәйкес келетін құралдарды;
кәсіпорында технологиялық процеске сәйкес келетін қара және түсті металдардың сынықтарын кесуге, өңдеуге арналған жабдықты және/немесе қара және түсті металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престердi және/немесе гидроқайшыларды;
олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдарын (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және/немесе басқа да өлшем құралдарын);
салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк немесе радиометрлiк жабдықты қамтитын мамандандырылған жеке меншiк құқығындағы қоршалған өндiрiстiк база.
Көрсетiлген талаптар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын филиалды ашқан жағдайда да қойылады. Лицензиясы бар заңды тұлғалар жеке тұлғалардан шығу тегi электротехникалық, өнеркәсiптiк, әскери және зымыран-ғарыштық сынықтан, байланыс желiсiнiң кәбiлдерiнен, рельстерден, бұрын қолданыста болған темiр жол төсемi мен жылжымалы құрам элементтерiнен, кәрiз люктерiнiң қақпақтарынан басқа, түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға құқылы.



2.

қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалдаудағы немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөлiк

қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жеке меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөлiктің болуы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер нысаны*


3.

мынадай мөлшерлерде:
түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 ш.м.;
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м. автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесi не оның үлесi

автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесiнің не оның үлесiнің болуы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер нысаны*


4.

кәсіпорында тиісті қара және түсті металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процесске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал

бiлiктi персоналдың тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлi және олардың пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн арнайы даярлықтан өткені туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер нысаны*


5.

Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның өзге жерде орналасқан филиалының, мамандандырылған өндiрiстiк базаның бөлігі болып табылатын қабылдау пунктiн ашқан жағдайда мыналардың болуы талап етіледі:
1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай;
2) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар таразы шаруашылығы;
3) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша;
4) кемiнде 200 ш.м алаң.

қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер нысаны*



Осы бiлiктiлiк талаптары заңды тұлғалардың өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметке қолданылмайды. Мұндай заңды тұлғалар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана өткiзе алады.


* Осы өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптарына және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Өнеркәсіп саласындағы қызметтi  
жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптарына
және оларға сәйкестiкті растайтын  
құжаттардың тiзбесіне       
қосымша                

Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны

      1. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшін:
      1. Тау-кен және мұнай газ өңдеу өндірістерін жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін; мұнай химиялық, химиялық өндірістерін жобалау үшін:
      1) жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (бағдарламалық қамтамасыз етудің атауын жазу, арнайы құралдарды және ұйымдастыру техникасын көрсету);
      2) тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін:
      Инженерлік құрылыстардың, машиналардың, тетіктердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (инженерлік құрылыстарды, машиналарды, тетіктерді, құралдарды, арнайы көліктерді және өзге жабдықтарды көрсету);
      3) пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшін:
      жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі _________;
      шарттың нөмірі *_____________;
      шарттың жасалған күні *_____________;
      лицензиясы бар ұйымның атауы *_____________;
      ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат*_____________.
      * ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды;
      4) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшін:
      каротаж станциясының (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жерүсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдің, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қолда бар жабдықтың атауын көрсету);
      5) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:
      жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмірі _________;
      шарттың нөмірі *_____________;
      шарттың жасалған күні *_____________;
      лицензиясы бар ұйымның атауы *_____________;
      ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат*_____________.
      * ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды;
      6) мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін:
      бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (жабдықтың атауын көрсету);
      7) ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін:
      тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қолда бар жабдықты көрсету);
      8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:
      техникалық құралдар кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін арнайы техника мен технологияның болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
      ______ (қолда бар құралдарды, техниканы, технологияларды көрсету);
      9) құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшін:
      теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың; лақтыруға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпарат.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (қолда бар жабдықты көрсету);
      10) мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
      тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (қолда бар тетіктерді, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);
      өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмірі және берілген күні ___________;
      аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі *_________;
      аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күні *___________.
      * 3), 4) тармақтардағы ақпарат меншікті зертханасы болмаған жағдайда толтырылады.
      2. Құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары мен (немесе) қалдықтары болған мүлік кешенін сатып алу нәтижесінде және заңды тұлғаларда жеке өндірісінің барысында құрылған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу бойынша қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет үшін:
      1. Меншiк құқығындағы мамандандырылған өндiрiстiк база:
      1) базаның мекенжайы __________________;
      2) жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ______________.
      2. Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалданған немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөлiктің болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (әрбір көлік құралдардың атауын, техникалық құжаттардың нөмірлері және берілген күндерін көрсету).
      3. Мынадай көлемде:
      түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 400 ш.м. __________________ (учаскесінің көлемін көрсету);
      қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 1000 ш.м. __________________ (учаскесінің көлемін көрсету) автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесiнің не оның үлесiнің болуы туралы ақпарат;
      жер учаскесiн беру туралы шешімнің нөмірі және оны қабылдаған күні ________________________________________.
      4. Кәсіпорында тиісті қара және түсті металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процеске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал:
      1) мамандардың тегі, аты, әкесінің аты _______________________;
      2) лицензияланатын қызметтің кіші түрінің саласындағы жұмыс өтілі ___________.
      5. Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындауы), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның аумақтық тұрғыдан өңірдің басқа жерінде орналасқан филиалының, мамандандырылған өндiрiстiк базаның бөлігі болып табылатын қабылдау пунктiн ашу үшін:
      қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
____________________ (қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды
көрсету).

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысына      
3-қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат).
      2. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 41-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 228-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 552 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 290-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 1296 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 527-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 92-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 480-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 445-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1295 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 45-құжат).
      10. «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 967 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 884-құжат).
      11. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 997 қаулысы.