"Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 967 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1796 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейiн күнтізбелік жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн жиырма бiр күн мерзім өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 24 шілдедегі
№ 967 қаулысына   
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң         
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1311 қаулысымен    
бекітілген        

Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Электр энергиясын беру және тарату жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары тұтынушыға дейiн электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлерге) және заңды тұлғаларға қолданылады және:
      1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушыға дейiн электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын тиiсiнше электр желiлерi мен шағын станциялардың (теңгерiмдегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесi, құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi, негiзгi жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, электр энергиясын бақылау мен есептеудiң автоматтандырылған жүйелерiмен және электр энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат ұсынылады);
      2) мыналарды:
      жабдықты пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
      кернеу, тоқ жиiлiгi, релелiк қорғаныш және аварияға қарсы автоматика - параметрлерi мен режимдерi бойынша жұмыс iстеп тұрған электр энергиясын беру және тарату жүйесiмен технологиялық үйлесiмдiлiктi;
      жедел диспетчерлiк басқаруды;
      еңбекті қорғау мен техника қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
      3) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн - электр энергетикасы саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн - ең кемiнде арнаулы орта бiлiм) жауап беретiн және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар (басшылар үшiн - кемiнде 3 жыл, мамандар үшiн - кемiнде 1 жыл, өтiнiш берушi мәлiметтер мен құжаттар ретiнде штат кестесiн және тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша, мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кестенi ұсынады) бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70% кем емес);
      4) белгiленген тәртiппен бекiтiлген және кестелерге сәйкес iске асырылатын:
      энергияны сақтау, қоршаған ортаны қорғау, техника қауiпсiздiгі жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) болуын қамтиды.
      2. Жылу энергиясын беру және тарату жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары елді мекендердi, өндiрiстiк үй-жайлар мен объектiлердi жылумен жабдықтау үшiн жылу энергиясын беру және тарату жөнiндегi қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлерге) және заңды тұлғаларға (оның iшiнде филиалдарға, өкiлдiктерге) қолданылады және:
      1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде жылу энергиясын беру және тарату процесiн қамтамасыз ететiн мүлiктiң (теңгерiмдегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесi, құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi, негiзгi жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат, жылу желiлерiнiң (жылумен жабдықтаудың) схемалары ұсынылады);
      2) мыналарды:
      жабдықты пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
      еңбекті қорғау мен техника қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
      3) тиiстi бiлiм деңгейi (басшылар үшiн - жоғары техникалық бiлiм, мамандар үшiн - орта бiлiм) және лицензияланатын кiшi қызмет түрi бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар (басшылар үшiн - кемiнде 3 жыл, мамандар үшiн - кемiнде 1 жыл) бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар құрамының (штат кестесi және қызметкерлердiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi туралы мәлiметтердi, лауазымын, жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте ұсынылады);
      4) белгiленген тәртiппен бекiтiлген және кестелерге сәйкес iске асырылатын:
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалануға, жылу энергиясын беруге байланысты электр энергетикасында жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) болуын қамтиды.
      3. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары қызметтің тиісті кіші түрлерін орындауға маманданатын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) қолданылады және:
      1) заңды тұлғалар үшiн мөрмен және өтiнiш берушiнің бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшiн өтiнiш берушiнiң қолымен куәландырылған және еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың нормативтiк талаптарына сәйкес келетін қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентінің;
      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде (меншік құқығындағы немесе өзге де басқару нысанындағы құжаттардың көшірмелерімен расталады) өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуын қамтиды.
      Өндірістік база өтініш берілген лицензияланатын кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуы және мыналардың:
      қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін – жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің электронды – есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықты);
      қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін – инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының, тау-кен өндірістері кезінде қолданылатын химиялық реагенттерді (оларды пайдаланған кезде) сақтауға арналған қоймалардың, үй-жайлардың, сыйымдылықтардың;
      мұнай-газ кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу үшін – жабдықтардың, тау-кен өндірістері кезінде қолданылатын химиялық реагенттерді (оларды пайдаланған кезде) сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, сыйымдылықтардың;
      пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшін – лицензияның не өндіріс орнына қауiптi жүктердi (жарылғыш заттарды) тасымалдау үшін лицензиясы бар жеке ұйыммен жасалған шарттың; уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатының не жарылыс заттарды, материалдарды сақтауға арналған қажетті қоймалары бар жеке ұйыммен шарттың; ашық тау-кен жұмыстарында ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшін – каротаж станциялардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдің, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың);
      мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін – перфорациялық жабдықтар мен жүйелерінің;
      мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін - бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың;
      ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату үшін – қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергiш агрегатының, ұңғымаларды күрделi жөндеу үшін қолданылатын қондырғының;
      ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін – жуу-цементтеу агрегатының, бақылау-өлшеу аспаптарының, өлшеу сепараторларының;
      мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – техника құралдары кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін арнайы техника мен технологияның;
      құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың;
      мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану үшін – жабдықтар мен механизмдердiң, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде (салынған объектiнi пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы актiсiнiң, сондай-ақ меншік құқығындағы немесе өзге де басқару нысандарындағы құжаттардың көшірмелерімен расталады) өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың) болуын қамтуы тиіс;
      3) мыналарды:
      машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      маркшейдерлік жұмыстарды (осы тармақтың 16-абзацындағы қызметтің кіші түрін қоспағанда);
      технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды осы тармақтың (осы тармақтың 16-абзацындағы қызметтің кіші түріне ғана қолданылады);
      қызметкерлердің біліктілігін арттыру кезеңділігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар мен қызметтердің болуын қамтиды.
      Өтінім беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады;
      4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және және тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша практикалық тәжірибесі бар (басшылар үшін – кемінде 3 жыл, мамандар үшін – кемінде 1 жыл) техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (басшылар үшін – жоғары техникалық, мамандар үшін – кемінде орта арнаулы білім) болуын қамтиды;
      Өтінім беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде штат кестесі және әрбір қызметкер: тегі, аты, әкесінің аты, білімі бойынша мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі бойынша ақпаратты қамтитын жиынтық кестені ұсынады.
      4. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, таукен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см 2 -ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0 С-ден жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см 2 -ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары көрсетілген жабдықты жобалауды, дайындауды, іске қосу реттеу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) қолданылады және:
      1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік ғимараттың немесе үй-жайының (зауыт, цех, шеберхана) (меншік құқығындағы немесе өзге басқару нысанындағы құжаттардың көшірмелерімен расталады);
      2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік жабдықтың (станоктар, механизмдер, аспаптар, бақылау-өлшеу аспаптары) (меншік құқығын немесе өзге де басқару нысандарын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері);
      3) мыналарды:
      жабдықты пайдалану мен оған техникалық қызмет көрсетуді;
      өнім сапасын ішкі өндірістік бақылауды;
      еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      қызметкерлердің біліктілігін арттыру кезеңділігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар мен қызметтердің болуын қамтиды.
      Өтінім беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады;
      4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және тиісті салада мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың және мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
      5) мамандардың біліктілігін арттыру бойынша сертификаттардың, пікірлердің, ұсынымдардың (болған жағдайда) және мамандардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралардың болуын қамтиды.
      Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметінде тиісті жабдықты дайындау, монтаждау, жөндеу болмаған кезде 4-тармақтың 2), 3), 5) тармақшалары бойынша мәліметтер мен құжаттарды тапсыру талап етілмейді.
      5. Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлерге) және заңды тұлғаларға (оның iшiнде филиалдарға, өкiлдiктерге) қолданылады және:
      1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбыржолдарының, мұнай құбыржолдарының, мұнай өнiмдерi құбыржолдарының диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың (өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесi, құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi, негiзгi жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
      2) мыналарды:
      жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
      магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнiмдерi құбыржолдарын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды;
      еңбекті қорғау мен қауiпсiздiк техникасын;
      қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң болуын қамтиды.
      Өтiнiш берушi растаушы мәлiметтер мен құжаттар ретiнде осы қызметтердi құру туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн ұсынады;
      3) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн - мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн - арнаулы орта бiлiм) жауап беретiн бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70 % кем емес) болуын қамтиды.
      Өтiнiш берушi растаушы мәлiметтер мен құжаттар ретiнде штат кестесін және әрбiр қызметкер: тегi, атын, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлi бойынша ақпаратты қамтитын жиынтық кестенi ұсынады;
      4) белгiленген тәртiппен бекiтiлген:
      қоршаған ортаны қорғау, техника қауiпсiздiгі жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың;
      осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалардың;
      жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
      аварияларды жою жоспарының болуын қамтиды.
      6. Минералдық шикiзатты қайта өңдеу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда) құрамында пайдалы қазбалар бар минералдық шикiзаттан, тау-кен байыту, металлургиялық және басқа да өндiрiстiк қалдықтардан пайдалы қазбаны айырумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғаларға (оның iшiнде филиалдар, өкiлдiктер) қолданылады және:
      1) техникалық жобалардың және технологиялық регламенттердiң;
      2) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндiрiстiк базаның (меншік немесе басқарудың өзге нысандарының құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері):
      мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың (байыту фабрикасы, зауыт, цех), жабдықтар мен механизмдердiң, технологиялық желiлердiң, қалдық қоймаларының, шламтұндырғыштардың, шикiзатты, дайын өнiмдi, жарылыс-өрт қауіпi бар, күштi әсер ететiн улы заттарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
      ұсақтау-сұрыптау кешенiнiң, диiрмендердiң, былғағыштардың;
      орталыққа келтіретін, гравитациялық, магниттiк, электрмагниттiк жабдықтардың, сепараторлардың, сүзгiлердiң, экстракторлардың, кептiру агрегаттарының;
      өнеркәсіптік пештердiң (кептiру, қыздыру, күйдiру, балқыту);
      3) мыналарды:
      машиналарды, механизмдердi, көлiк құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
      еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды;
      метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
      4) тиiстi бiлiм деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктiлiк құрамының (тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте) болуын қамтиды.
      7. Электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғаларға (оның iшiнде филиалдар, өкiлдiктер) қолданылады және мыналарды:
      1) тиiстi бiлiм деңгейiне жауап беретiн бiлiктi басшылар мен мамандар құрамының (тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте);
      2) тұтынушылармен (абоненттiк қызметтер, учаскелер) жұмысты, жедел диспетчерлiк қызметтi қамтамасыз ететiн қызметтердiң (персоналдың) немесе диспетчерлiк қызмет көрсету жөнiндегi қандай да бiр заңды диспетчерлiк орталықпен шарттың (ниет хаттамасының);
      3) банк анықтамасымен расталған кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі айналым қаражатының;
      4) өтiнiш берушi мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында, авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен электр энергиясын жеткiзуге және таратуға және (немесе) таратуға арналған шарттардың немесе ниеттер хаттамаларының болуымен бiрге тұтынушыларға, оның iшiнде өңiрден тысқары жерлерге электр энергиясын жеткiзудiң техникалық мүмкiндiгiнiң;
      5) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған (құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi) ғимараттың немесе үй-жайдың болуын қамтиды.