Туроператорлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1670 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туроператорлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 210-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 879 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 428-құжат);
      3) «Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1587 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 185-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1670 қаулысымен  
бекітілген     

Туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптарында мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Іс-әрекеттің барлық түрі үшін

1

қалыптастырылған туристік өнім

Қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғамен жасалған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)


2

еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кем дегенде бір қызметкердің болуы

Диплом мен жасалған еңбек шартының және еңбек кітапшасы туралы ақпараты бар мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)


3

жекеменшік құқығындағы немесе өзгеде заңды негіздегі офиске арналған үй-жай

Жекеменшік құқығы немесе үй-жайды жалға алу бойынша келісімшарт туралы ақпараты бар мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)


4

туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру шартының болуы

Сақтандыру полисінің көшірмесі


Туроператорлық қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын      
біліктілік талаптары мен    
оларға сәйкестігін растайтын  
құжаттардың тізбесіне қосымша 

Туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың
сәйкестігі туралы мәліметтер формасы

      1. Туристік білімі бар, еңбек өтілі кем дегенде бір жылдан кем емес, ең аз дегенде бір қызметкердің болуы:
      1) мамандығы мен біліктілігі _________________________________
      2) лицензия беріліп отырған жұмыс профилі бойынша жоғары білім туралы дипломның нөмірі ____________________________________________;
      3) димломның берілген уақыты _________________________________;
      4) оқу орнының атауы _________________________________________;
      5) еңбек өтілі _______________________________________________.
      2. Қалыптастырылған туристік өнім:
      1) қалыптастырылған туристік өнімге енетін жекелеген туристік қызмет көрсетуге үшінші жақпен жасалған келісім-шарттың нөмірі ____________________________________________________________________;
      2) келісім-шарт жасалған уақыт _______________________________.
      3. Жекеменшік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі кеңсе ғимараты:
      1) кеңсеге арналған ғимаратты сату-сатып алу/жалға алу келісім-шартының нөмірі ____________________________________________;
      2) келісім-шарт жасалған уақыт _______________________________.