Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізуді;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1669 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 269-3-жолмен толықтырылсын:
«269-3. Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
4. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
25-қосымшаның кестесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 |
«Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» |
Қауырттылығы және күрделілігі үшін қосымша ақы |
ЛЖ-дан 50 % дейін |
Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен |
».
5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8. |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде: |
1465 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
112 |
|
Ақмолажолзертханасы |
8 |
|
Ақтөбежолзертханасы |
8 |
|
Алматыжолзертханасы |
8 |
|
Атыраужолзертханасы |
8 |
|
Батысжолзертханасы |
8 |
|
Жамбылжолзертханасы |
8 |
|
Шығысжолзертханасы |
8 |
|
Қарағандыжолзертханасы |
8 |
|
Қызылордажолзертханасы |
8 |
|
Қостанайжолзертханасы |
8 |
|
Маңғыстаужолзертханасы |
8 |
|
Павлодаржолзертханасы |
8 |
|
Солтүстікжолзертханасы |
8 |
|
Оңтүстікжолзертханасы |
8 |
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1561 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).