"Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1661 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 318 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.05.2017 № 318 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Боданов – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа

      Айвар Жиреншіұлы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

       агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының

       орынбасары (келісім бойынша)

      Изатуллин – "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық

      Данияр Қайырбекұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар

       бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі

       басқарушы директоры (келісім бойынша)

      Шәйкенова - Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар

      Рашида Рашидқызы қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

      Қонысбаев – Alatau IT City ақпараттық технологиялар

      Әмірет Тұяқұлы паркін дамытуға ықпал ету қауымдастығының

       президенті (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан: Дәулет Рымтайұлы Айтжанов, Рүстем Дәулетбекұлы Жаппарбеков шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов